Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
|
11.1
11.1.2
|
Мектеп:Береговое ЖОББМ
|
Күні: 17.08.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Алибаева Бекзат Аманкелдиевна
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар
|
Сабақтың тақырыбы
|
Географиялық сараптаманың түрлері
|
Осы сабақта жетуге тиіс оқу мақсаттары
|
11.1.1.1 - зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолдану;
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама түрлерін біледі. Кешенді географиялық сараптаманың атқаратын міндеттері мен қандай мақсатта жүргізілетінін анықтайды
|
Бағалау критериилері
|
оқушылар:
Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін ажыратады
Географиялық сараптама түрлерін сипаттай алады
Кешенді географиялық сараптаманың атқаратын міндеттеріне баға бере алады
|
Құндылықтарға баулу:
|
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу
|
Пәнаралық байланыс:
|
Биология
|
Алдыңғы білім
|
10.1.1.1 - зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолданады
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған сабақтағы іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Уақыты: 5 мин
Мақсаты: оқушыларды жаппай үдеріске тарту, қызығушылығын тудыру
|
Сәлемдесу
«Шаңырақ» әдісі
Оқушылар шаңырақтың уықтарында берілген сұрақтарға жауап беріп, уықтың түстеріне қарай 3 топқа бөлінеді. (қызыл, жасыл, сары)
«Миға шабуыл» әдісі
Жалпы сұрақтары:
Сараптама деген не?
Географиялық сараптаумен қандай ғылымдар айналысады?
Географиялық сараптама алгоритмі деген не?
Географиялық сараптаманың түрлерін анықтап, коллажда сипаттаңдар
|
Шаңырақ макеті
|
Сабақ ортасы
Қолдану
Уақыты:10 мин
Мақсаты: Кешенді географияның атқаратын міндеттерімен танысып, баға береді
|
Жұмысты ұйымдастыру формасы: жеке
«Еркін әңгіме» оқыған мәліметі бойынша өз ойларына талдау жасайды
Бағалау критерииі: Кешенді географиялық сараптаманың атқаратын міндеттеріне баға бере алады
1 тапсырма: Ауданда сүт зауытының салынуы табиғи ортаның өзгеруі мен шаруашылықтың басқа салаларының дамуына қалай ықпал етуі мүмкін? Оқулықтағы 3-сызбанұсқаны қолданып, болжам жасаңдар.
Қалыптастырушы бағалау «Ашық микрофон»
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, осы сұраққа байланысты ойларын ашық айтады.
|
География 11 сынып, ЖМБ
К.Каймулдинова, Б.Абдиманапов, С.Абилмажинова, «Мектеп» баспасы 2018
|
Талдау
Уақыты: 15 мин
Мақсаты: географиялық сараптама әдісін қолданады
|
Белсенді оқыту әдісі: диалогтік оқыту арқылы мағынаны тану
Жұмысты ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық, топтық
Бағалау критерииі:
-экологиялық географиялық сараптама әдісін қолдана алады
2 тапсырма
Берілген 1-сызбаны пайдаланып , Павлодар облысына экологиялық-географиялық сараптама жүргізіңіздер. Нәтижесін постер, кескін карта және SWOT талдау арқылы көрсетіңіздер.
№1- сызба
Дескриптор
ауданның жан-жақты дамуы және өндіріс күштерін орналасуын анықтайды – 1 ұпай
ландшафт жағдайын бағалайды-1 ұпай
ландшафт жағдайының өзгерісін болжайды – 1 ұпай
жер ресурс түрлерін қалпына келтіру шараларын табады – 1 ұпай
орман ресурс түрлерін қалпына келтіру шараларын табады – 1 ұпай
табиғи ескерткіштерді қорғау маңыздылығын бағалайды – 1ұпай
табиғи ескерткіштерді қорғау жолдарын көрсетеді - 1 ұпай
Саралау әдісі:
А) Павлодар облысының ЭГЖ сипаттама береді
В) Павлодар облысының картасынан өндіріс күштерін анықтап, белгілейді
С) Павлодар облысына экологиялық-географиялық жағадайына сараптама жүргізіп болашағына болжау жасайды
Саралау:
- тапсырманы орындау нәтижесін таңдау еркіндігі бойынша: постер, кескін карта және SWOT талдау;
- тапсырманың қиындық деңгейіне қарай – А, В,С;
- тапсырманы өз бетімен орындау деңгейіне қарай -мұғалім көмегі – жетелеу, бағыттау сұрақтары арқылы;
- жұмысты ұйымдастыру түрі бойынша, бағалау да жеке, жұптық және топтық болады;
- смарт мақсаттар;
- үй тапсырмасы: сабақ соңындағы рефлексия нәтижесінде анықталған тақырыптың түсініксіз жерлерін әр оқушы үйде өз бетінше іздену және мұғалім кеңесіне жүгіну арқылы толықтырып келеді.
|