Сабақтың тақырыбы: Химия өнеркәсібінің салалары. Сабақтың мақсаты



Дата17.04.2017
өлшемі131,96 Kb.
түріСабақ
Битанова Жеміс Тәжіғұлқызы

География пәні мұғалімі

Қ.Абаханов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы

Сабақтың тақырыбы: Химия өнеркәсібінің салалары.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Еліміздегі химия өнеркәсібіне сипаттама беру.

Химия өнеркәсібі кешенінің құрылымы, ерекшеліктері, орналасу факторын, басқа салалармен байланысын, шикізат базасының ауқымдылығын анықтау. Ел экономикасын дамытудағы химия кешенінің маңызын түсіну.



Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен білім алуға бағыттай отырып, ойлау белсенділігін дамыту. Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өзара оқытуда, топпен оқытуда, сыйластыққа,

мәдениеттілікке тәрбиелеу. Тапсырмаларды бірлесіп талқылау, орындау, қортынды жасай білуге, ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап,ақпараттық технология.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, атлас карта, картосхема, көрме “ химия өнеркәсібі“ өнімдері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.Тыныштық сәті.

II. Үй тапсырмасын тексеру( сұрақ- жауап)

III. Жаңа тақырыпты меңгеру(топтық)

IV. Бекіту,қорытындылау

V. Бағалау,үйге тапсырма



Сабақтың жүрісі:

II. Үй тапсырмасын тексеру(миға шабуыл).

(Оқушыларға сұрақ жазылған кеспе таратылады (ойлануға 2мин).

(1 партаға 1-сұрақ) Әр партадан 1 оқушы жауап береді ,қатесін қасындаға оқушы түзетуі немесе толықтырады)

1- сұрақ. Қазақстандағы түсті металлдар өндірісі қай жылдардан бастап, дами бастады (1717 жылы Алтайда қорғасын мен мырыштың бар екендігі анықталғаннан кейін дами бастады )

2 -сұрақ. Түсті металдарфизикалық қасиетіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

негізгі және басқалары

Ауыр жеңіл бағалы қиын балқитын сирек кездесетін)

3- сұрақ. Қазақстанның түсті металлургия орталықтары. ( Жезқазған, Балқаш, Глубокое- мыс балқыту, Өскемен -Қорғасын – мырыш, Шымкент- қорғасын, Павлодар-алюминий ) .

4- сұрақ .Түсті металлургия өндірісінің құрылымы қандай?

( руда байыту түсті металдарды айыру балқыту қалыпқа құю дайын өнім)

5- сұрақ.Түсті металлургия өндірісін орналастырудың негізгі принциптерін ата .( Шикізат көзіне мыс, мыс комбинаты ,энергия көзіне-мыс алюминий зауыты).

6- сұрақ. Өндірісті шоғырландыру деген не ?( Шоғырландыру-өндірістің ұштасуы. Мыс: Еліміздегі барлық титан 1 комбинатта – Өскеменде, ал барлық мыс екі комбинатта-Жезқазған,Балқашта балқытылады. Яғни шикізатты кешенді өңдеп, қалдықтарын пайдаланады.)

1- деңгейлік тапсырма

Картадан түсті металлургия орталықтарын көрсет.



2 -деңгейлік тапсырма

А) Түсті металдарды өңдеу кезінде, ең қымбатқа түсетіні қандай металлдар? (алюминий , титан, магний).

Б) Алюминий зауыты неге Павлодарда орналасқан? (1т алюминий алу үшін 18 мың кВт сағат электр энергиясы қажет. Арзан энергияға негізделген.)

3-деңгейлік тапсырма

Түсті металлургия өндірістік циклінің құрамын анықтайтын кестені толтыр.

Циклдің өндірістік құрамын анықтайтын сұрақтар

Жауабы:

Циклдің негізгі өндірісі қандай?





Негізгі өндіріске не қажет?





Не себепті кенді байытады?





Қалдықтар не үшін пайдаланылады?





Қосалқы өндіріс немен айналысады?





1.Мыс, мырыш, алюминий, титан, магний, қорғасын балқыту.

2. Кен және отын.

3. Кенде металл аз болғандықтан арнаулы комбинатта металлдан бос тау жынысын ажыратып алады.

4. Қышқыл шығару үшін.

5. Негізгі өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.



Үй тапсырмасын

“Иә, жоқ” сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.



  1. Алғашқы түсті металдар Алтайда табылды. “Иә, жоқ”

  2. Риддер алғашқы полиметалл комбинаты. “Иә, жоқ”

  3. Жезқазған, Балқаш қалаларында мыс балқыту комбинаты бар. “Иә, жоқ”

  4. Мыс пен қалайыдан жез алынады. “Иә, жоқ”

  5. Мельхиор мыс пен никель қосылысы. “Иә, жоқ”

  6. Мыс пен мырыштан қола алынады. “Иә, жоқ”

  7. Полиметалл кені құрамында көп элементтері бар. “Иә, жоқ”

  8. Мыс зауыты шикізат көзіне жақын орналасады. “Иә, жоқ”

  9. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты шикізатын Қаратаудан алады. “Иә, жоқ”

Жаңа сабақ ( топқа бөлу).

1. Көрме .Парта үстіне пластик тұрба , пластмасса ыдыс,резин, бояу, лак, тыңайтқыш, қышқыл, жасанды талшық, дәрі-дәрмек қою.

Оқушылар жаңа сабағымызды бастамас бұрын алдымыздағы шағын көрмеге назар аударайық. Ой қозғау стратегиясы.

Оқушы пікірін тыңдау.( қандай зат, ол қайда пайдаланылады т.б. ).

Бұл заттарсыз біз өмірімізді елестете алмаймыз. Бұл заттарды қандай өндіріс шығарады?

Электронды оқулық.

Елімізде әр тұрғынға есептегенде жылына 20т пайдалы қазба өндіріледі, ал оларды өңдегенде шығатын қалдық 17 млрд тоннадан асады екен. Осыншама қалдықты не істеу қажет? -қайта өңдеу. Қалдықты өңдейтін сала- химия өнеркәсібі.



Жаңа сабақ

Тақырыпты ашу үшін алдарында мынадай мақсат тұр:



  • Химия кешенінің құрылымын білу.

  • Салаларын анықтау.

  • Шикізат базасын анықтау.

  • Ерекшелігін білу.

Олай болса,§ 24 Химия өнеркәсібінің салалары тақырыбының мәтінімен танысамыз. Мәтін бойынша әр топ сұрақ дайындап I топ- II топқа, II топ- III топқа, III топ- I топқа бересіңдер.

Әр топ жауап беру

1 топ

1- сұрақ. Химия өнеркәсібі халық шаруашылығының қай саласына жатады?



Жауап: Өндірістік салаға, ауыр өнеркәсіп саласына жатады.

2- сұрақ. Химия өнеркәсібінің маңызы, оны дамытудың қажеттілігі туралы не айтар едіңіз.

Жауап: Химия өнеркәсібін дамыту еліміздің экономикасын дамытуда маңызды роль атқарады. Әр түрлі химиялық заттармен қатар кострукциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіппен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпал етеді. Халықты тұтынатын тауармен, дәрі-дәрмекпен өсімдікті қорғайтын, суды заласыздандыратын заттар шығарады


Көлікте
3- сұрақ.Химия кешенінің өнімі қайда қолданылады?

Жауап:



Жеңіл өнеркәсіп
құбырлар


Машина жасауда
Талшық пластик Пластмасса


Химия өнеркәсіп өнімі
Бояу Шина



Металлургияда
Флотация үшін


Құрылыста
Бояулар Реагенттер


Ауыл шаруашылығында
тыңайтқыштар

2 топ.


1- сұрақ. Химия өндірісінің өзіне тән ерекшеліктері қандай? Мысалмен дәлелде.

Жауап: Химия өндірісіне үш ерекшелін тән. Олар:



  1. Табиғатта кездеспейтін жасанды заттар шығарады мыс, пластмасса, ол сапасы табиғи материалдардан асып түседі.

  2. Химия өндірісінің шикізат базасы ауқымды ( оқулықтағы 101 сурет бойынша)

Мұнайдан-

Табиғи газдан-

Өндіріс қалдықтарынан-

Минерал тұздардан-

Ауадан-

Судан-


Ағаштан-

Фосфорит, күкірт, гипстен-

2- сұрақ. Қазақстанның химия кешені қандай салаларға бөлінеді? Өнімдері.

Жауап: Химия кешені бес ірі салаға бөлінеді.




Кен химиясы

Полимерлерді өңдеу
Химия кешені


Негізгі химия

Полимерлер химиясы

Химия

фармоцевтикалық





Минералдық шикізаттар: фосфорит, ас тұзы, гипс т.б.



Шина, пластмасса өнімдерін шығару.

Дәрі жасау.



Қышқылдар, минералдық тыңайтқыштар т.б.

Пластмасса, химиялық талшық.

3 -сұрақ. Химияның “төрт тағаны” дегенді қандай салалар құрайды?



Олардың әр саласына сипаттама бер

Жауап: Күкірт қышқылы, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар құрайды.

А) Күкірт қышқылы химия өнеркәсібінде басқа қышқылдар, химиялық қосылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісіне металлургияда кеңінен уранды бөліп алу үшін қажет. Күкірт қышқылы өте белсенді, қауіпті, аз тасымалданатын зат(тасымалдау үшін арнайы ыдыстар қажет). Сондықтан тұтынушыға жақын орналастырады. Күкірт алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің құрамында болады. Күкірт қышқылын

1) ауыр металдардың металлургиялық орталықтарында( Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); өндіреді

2) Уран алатын орталықтарда (Степногорск)

3) Фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында шығарады(Ақтау).

Сонда орналасу факторы –шикізат және экологиялық және тұтыну факторлары.

Ә) Металдардың химиялық қосылыстары кенінен қолданылады.

Мысалы: хром қосылыстары флотоция үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа тері илеуде, фотоматериадармен бояулар дайындауда қолданылады. Негізгі шикізаты-хром кені. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде, шикізатқа жақын орналасқан.

Б) Фосфор- тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Ол фосфорит кенінен алынады, электр қуатын көп жұмсайды. Ауылшаруашылығында фосфор, азот, калий тыңайтқыштары қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит мен күкірт қышқылынан алады. Ол материалды көп қажет етеді. Сондықтан шикізат көзіне жақын Қаратау мен Жаңатаста фосфоритті өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады. Алынған ұнға күкірт қышқылын қосу арқылы Суперфосфат тыңайтқышы алынады.

В) Азот тыңайтқышын өндіру үшін азот пен сутегі қажет. Азотты ауадан алуға болады, ал сутегі табиғи немесе кокс газынан алады. Ақтау мен Теміртауда орналасқан.

4- сұрақ. Полимерлер химиясы қандай өнім шығарады? Оның ерекшелігі қандай? Орналасу факторы қандай? Химия кешенінің әлсіз тұсы неде деп ойлайсың?

Жауап: Полимерлер химиясы-пластмасса, химиялық талшық, синтетикалық каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Олардың сапасы табиғи материалдардан асып түседі.

Мысалы: Полиэтиленнен жасалған 1т құбыр 5т болат құбырды алмастыра алады. Ал олардың қызмет етуі болатқа қарағанда 5 есе ұзақ 50 жыл.

Қазақстанда полимерлер алынатын жартылай фабрикаттар көп шығарылмайды сондықтан шикізат базасы мол болғанмен полимерлік химия-кешеннің әлсіз тұсы болып есептеледі.

Полимерлік өнім шикізаты мұнай, табиғи және ілеспе газ. Сол себепті оларды өндіретін зауыт сумен, электр қуатымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өндейтін жерлерге таяу орналасады. Павлодардағы мұнай-химия зауыты пластмасса шығарады. Ақтауда полистирал, Атырауда полиэтилен, полипропилен пластмасса шығарады. Полимерлер химиясының өнімінің бірі-синтетикалық, яғни жасанды талшық, отқа төзімді жанбайтын талшық- Қостанайда шығарылады. Ол көлікпен су факторына қатысты орналасқан.

5 -сұрақ. Қазақстандағы алғашқы химия кәсіпорны қайда орналасты , қандай өнім шығарды?

Жауап: Алғашқы химия кәсіпорны-Шымкент Сантонин зауыты( 1884ж). Ол ащы жусанды өндеу арқылы шек құртына қарсы сантонин дәрісін шығарды. Осы зауыттың негізінде Шымкент химия-формацевтика зауыты құрылды. Сонымен қатар ірі кәсіпорындар Алматы, Қаскелең, Семей, Қарағандыда жұмыс істейді.

6- сұрақ. Жергілікті жердегі химия өндірісіне қажетті шикізат өндіретін қандай аймақты білесің? Онда не өндіреді? Ол қайда өнделеді? Қандай өнім алынады?

Жауап: Индер тұзды көлі-ас тұзы өндіріледі. Алға каласында Индер тұзынан- тыңайтқыш алынады.

7 -сұрақ. Химия кешенінің дамытудың табиғатқа әсері қандай?

Жауап: Химия өнеркәсібі экологиялық жағынан “лас ” салалардың бірі. Ол ауаны, суды, топырақты ластайды. Оған қарсы заласыздандыру жұмысы жүргізілуде.



Интерактивті тақтамен жұмыс.

Тақырып бойынша алған білімдеріңе сүйене отырып, мына кестені толтырайық.

Химия кешенінің салалары.

Шығаратын өнімі

Орналасу форматы

Кен химиясы

Фосфорит, ас тұзы, гипс,калий тұздары , күкірт т.б. өндіру

Шикізат көзіне.

Негізгі химия

Қышқылдар, қоспалар,фосфор, азот тыңайтқыштары.

Тұтынушыға металлургия орталықтарында, шикізат көзіне .

Полимерлер химиясы

Пластмасса, синтетикалық талшық, синтетикалық каучук.

Мұнай-газ өндейтін жерге: су факторы энергияны көп қажет етеді.

Полимерлерді өңдеу.

Шина, пластмасса.




Химия-фармацевтикалық.

Дәрі-дәрмек.




1-тапсырма (202 бет). Интерактивті тақтаға берілген мәтіндегі керекті сөзді орындарына қой:

“Химия кешені өнеркәсіппен құрылыстың ... базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының ... дамуына ықпал етеді. Күкірт қышқылы ... сондықтан ... жақын орналасады. Фосфориттің күкіртті емес, ... қышқылымен өңдеп қос ... алуға болады. Полимерлер алынатын шикізат ... табиғи және ілеспе газ. Сондықтан олардың өндірісі ... және электр қуатымен қамтамасыз етілген мұнай мен газ ... орындарға таяу орналасады. Ең ірі ... химия- фармоцефтика зауыты Шымкентте орналасқан. ”

2- тапсырма Химия өнеркәсібінің салалық құрамы.

Химия өнеркәсібі химия фармацевтика

Кен химиясы 8%

15 % Негізгі химия полимер химия полимерлік материялды өндіру

44% 3% 30%

Географиялық номенклатура .

Әр орталыққа химия өнеркәсіп өнімдерін сәйкестендіріп картадан көрсету.



  1. Жезқазған

  2. Ақтөбе

  3. Тараз

  4. Атырау

  5. Қостанай

  6. Алматы

  7. Шымкент

  8. Ақтау

  9. Астана

  10. Балқаш

  11. Теміртау

  12. Степногорск

А) дәрі-дәрмек

Ә) күкірт қышқылы

Б) фосфор

В) резеңке

Г) хром қосылыстары

Д) пластмасса

Ж) азот тыңайтқышы

З) синтетикалық каучук

И) синтетикалық талшық

К) шина


Үйге тапсырма :§24 “Химия кешені бүгін және болашақта”.

Битанова Жеміс Тәжіғұлқызы

Атырау облысы, Индер ауданы,

Өрлік селосы

Қ. Абаханов атындағы орта мектебінің



Жоғарғы санатты география пәні мұғалімі

Электрон. почта: zhemis_58sakon@mail.ru

Байланыс телеф: 87123427539; 87789823199
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет