І. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу;
Ә) кезекшімен жұмыс;
Б) оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
Қызығушылықты ояту
Оқушылар «Қыс» тақырыбында ой бөлісу мақсатында ортаға шығып, ішкі-сыртқы шеңбер болып тұрады. Ішкі шеңберде тұрған оқушылар сыртқы шеңберде тұрған оқушыларға сұрақ қояды. Ішкі шеңберде тұрған оқушылар оң жаққа екі адамға жылжып, сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ішкі шеңберде тұрған оқушыларға сұрақ қояды
Топқа бөліну үшін қызыл, жасыл, сары түстері бар шеңберлерді таңдап, сол түстер негізінде топтар бойынша отырады. Топтарға отырған соң топ басшылары сайланып, бағалау парақтары беріледі.
Ой қозғау
Қарапайым сұрақтар арқылы тақырыпты ашу. Өз ойларын айтады, тақырыпты ашады.
|