Кіріспе.-« Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап»
-Табиғат дегенімізне?
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Қызыл кітап дегеніміз не?
-Өсімдік өсу үшін қандай жағдайлар қажет?
-Топырақ деген не?
Қосымша мәлімет беру.
Өсімдіктер дүниесі сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада –суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді.Әр ортаның жағдайлары әр түрлі. Бейімділікті олардың сыртқы түрінен, түсінен, сыртқы дене құрлысынан тағы басқа белгілерінен байқауға болады.
Мысалы: дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен саршұнақтардың көптеген түрлеріне тән.
Әлемді қолмен жасап көрейік . Қолыма үрленген шарды алайын да, үрленгенше үрлеймін. Бұл – әлем. Әлем дегеніміз – ғалам, жер шары, дүние. Онда өмір сүріп жатқан адамдар.Адамдар бір –біріне қамқорлық жасап, мейірімді қарым-қатынас жасаса, сонда ғана әлемде бейбітшілік орналайды. Шардың үстіне әртүрлі суреттер жапсырыңдар. Бұл-жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі. Олардың барлығы жер бетінде тіршілік етеді. Өсімдіктер әлемімен танысып кеттік, енді жануарлар әлемімен танысамыз.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың айтуы бойынша олардың 2 млн-дай түрлері белгілі. «Жануар» сөзі парсы тілінен алғанда «джан-джанвар» сөзінен алғанда қазақша жануар әлемі, яғни дүниежүзіндегі тірі тіршілік иесі деген мағынан береді. Жануарлар жүре алатын және сезе алатын тіршілік иелері. Жануарлар жер бетінде балдырлар мен саңырауқұлақтардан кейін пайда болған.
Жануарлар тіршілік ететін ортасына байланысты жабайы және үй жануарлары деп бөлінеді.
- Сүтқоректілер – 5000 түрі бар. Айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
- Құстар – 8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
- Жорғалаушылар – 8000 түрі бар. Айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
- Қосмекенділер – 4000 түрі бар. Айырмашылығы құрлықта да суда да тіршілік етеді.
- Балықтар – 20 000 түрі бар. Айырмашылығы жүзеді.
- Бунақденелілер – 1 млн түрі бар. Айырмашылығы ызылдайды, қанатты және қанатсыз болып бөлінеді.
Қызықты хабарлама.
Өсімдіктер туралы өткенімізді еске түсірейік. Алдымызда құлпырып өсіп тұрған өсімдік тұр.
- Қоректі қайдан алады?
- Өсімдік қоректі табиғи заттардан алады. Су, топырақ, ауа, күн жылуы, жарық.
- Өсімдік қоректі табиғат заттарынан алса, жануарлар өсімдіктерді жейді немесе бірін-бірі жейді.
Топпен жұмыс
1 топ.Жануарлар тобы
2 топ. Балықтар тобы
3топ . Құстар тобыт
4 топ. Бауырмен жорғалаушылар тобы
Оқулықпен жұмыс .
Мәтінді бөліп оқыту.
Сурет бойынша жұмыс. Постер жасау
|