Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар мен жаңылтпаштар Сабақтың мақсаты



Дата21.07.2017
өлшемі85,25 Kb.
#21532
түріСабақ
Тексерілді:

Күні: 19.09.2016

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар мен жаңылтпаштар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: жаңылтпаш пен жұмбақ арқылы оқушылардың зерделілік, танымдық, еріктілік ерекшеліктерін ұштау, жұмбақтар мен жаңылтпаштар туралы әдеби білім беру, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру;

2. Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін-өзі еркін ұстауға, білімін кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.



ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қанатты, нақыл сөздер туралы түсінік.

  2. Қазақтан шыққан ұлы адамдардың, нақыл сөздерін жазып келу.

ІІІ Білім тексеру: Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.



Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...

ІV Жаңа сабаққа дайындық:

  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.

  2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар

Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол – бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал-мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан-жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім-өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені жұмбақтап, ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады.

Жұмбақадамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты не табиғат құбылысын тұспалдап айтатын ауыз әдебиетінің бір түрі.

Жұмбақ қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де болады.



Жаңылтпаш – адамның есте сақтау қабілетін арттырып , жылдамдық пен шапшаңдыққа шыңдайтын ауыз әдеиетінің бір түрі. Жаңылтпаштар әр түрлә болып келеді. Мысалы:

Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.


Қолара қорада тұр,

Қорада қолара тұр.

Жамал Жаңылды

Жалындырмақшы болды.

Жаңыл Жамалды

Жаңылдырмақшы болды.

Жалындырғаны дұрыс па?

Жаңылдырғаны дұрыс па?

VІ Түсінік тексеру:

    1. Жұмбақ дегеніміз не?

    2. Жұмбақтар қалай пайда болған?

    3. Жұмбақ болатын заттар нелер?

    4. Жұмбақтардың тақырыбы қандай болады?

    5. Жұмбақтарды қалай құрастыруға болады?

    6. Жаңылтпаш дегеніміз не?

    7. Жаңылтпаштың бала өміріндегі алар орны қандай?


VІІ Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс:

  1. Жұмбақтарды оқып, олардың тақырыбын, нені танытатындығын айтыңдар.

  2. Жұмбақтың қысқа да, ұзын да болатынын, оны біреу айтып, енді біреу шешу керектігін ескеріңдер.

  3. Жұмбақ болған нәрселерді екінші бір затқа теңеп ұқсатып, қарама-қарсы қойып айтқан сөздерге мысал келтіріңдер.

  4. Өздерің жұмбақ, жаңылтпаш құрастырыңдар.

  5. Жаңылтпаштарды жатқа айтыңдар.

VІІІ Үй тапсырмасын беру:

  1. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар туралы түсінік.

  2. Жұмбақтар мен жаңылтпаштарды жаттау.

ІХ Оқушыларды бағалау: оқушылардың ынтасына, сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.




Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...





Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...





Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...





Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...





Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет