Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
«Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс».
|
Мектеп: «№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
|
Күні: 23. 09. 2015 ж.
Сабақ ұзақтығы: 45 мин.
|
Мұғалімнің аты жөні: Калдыбаева Меруерт Кажыгалиевна
|
Сынып: 11 «Ә»
|
Қатысқандар саны: 12
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
|
Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыстың мәні мен маңызы туралы білім алу, жерімізді қорғаған батырлардың ерлік істерін дәріптеу арқылы отансүйгіштікке үйрену.
|
Оқыту мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Ұлт-азаттық қозғалыстың орталықтарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Қозғалыстың жеңілу себептерін анықтай алады.
Кейбір оқушылар: Кіші жүздің жағдайы мен оның көтеріліске әсерін анықтай алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Тақырыпты түсініп, талдап, бағалай алады. Бір-бірінің ой пікірлерін тыңдайды. Сыни тұрғыдан ойлана алады, диалогтық қатынасқа түсіп, топта басқару және көшбасшы бола алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: патша, кеңес өкіметі, старшын, генерал-губернатор.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Бөлімдерді талқылау.
Жазылым бойынша ұсыныстар: Термин сөздерде анықтама беру.
|
Алдыңғы оқу
|
Үй тапсырмасы: 5 тақырып. Тақырыптағы негізгі оқиғаларға байланысты «Алтын балық» әдісі бойынша әр топ сұрақ дайындайды, бірнеше оқушы жауап береді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
3 минут
10 минут
|
Мұғалімнің іс - әрекеті
|
Оқушының іс - әрекеті
|
Би билеу арқылы сергіту сәтін жасатамын.
Психологиялық ахуал.
Өз есімдерінің бірінші әрпіне бойындағы жеке қасиеттерін қосып айтқызамын.
Оқушылар көздерін жұмады, алдарына түрлі-түсті қағаздар жапсырамын.
«Алтын балық» әдісі бойынша мәтіндегі оқиғаларға байланысты сұрақтар дайындату арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
|
Ортаға шығып билейді.
Әр оқушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиеттерін қосып айтады.
Алдына келген түстер бойынша топқа бөлінеді.
Әр топтан бірнеше оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Стикер
«Алтын балық»
макеті
|
Ортасы
22 минут
|
«Кластер жүзім шоқтары» әдісі арқылы «көтеріліс», «батыр», «кеңес өкіметі» деген сөздерге ассосация жасатып, қорғатамын.
«Жигсо» әдісі арқылы оқулықпен тақырыптың бөлімдерін талдауға беремін.
«Басбармақ» әдісін қолданамын.
«Тест сынағы» әдісі арқылы мәтін бойынша тест тапсырмасын орындауға беремін.
Балдық жүйе әдісін ұсынамын.
«Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарын жазу беремін.
|
Әр топқа берілген тақырыпқа кластер құрып, талдайды.
«Жигсо» әдісі бойынша тақырыптағы бөлімдерді топта талдап, тақтада қорғайды.
«Басбармақ» бағалауы арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Әр топ берілген тест сұрақтарына жауап береді.
Әр топ өздерінің жұмыстарын балдық жүйе арқылы бағалайды.
Әр топ жазған сұрақтарын «сұрақтары бар қорапқа» салады.
|
Постер, маркер, стикер
Оқулық , дәптер, постер, маркер, стикер.
Тест тапсырмасы |
Достарыңызбен бөлісу: |