Сабақтың тақырыбы: Кешенді талдау –кешенді білім Сабақтың мақсаты



Дата08.01.2017
өлшемі68,96 Kb.
#6473
Сабақтың тақырыбы: Кешенді талдау –кешенді білім

Сабақтың мақсаты:

-Сатылай кешенді талдау түрлерін қайталау арқылы тіл білімінің фонетика, морфология, синтаксис салалары бойынша оқушылар білімдерін жинақтау;

-Грамматикалық талдау түрлерін жүйелі жүргізу дағдыларын жетілдіру;

-«Атамекен» туралы мәтінмен жұмыс істеу, мақал-мәтелдерді талдау, көрнекті әнші-композитор Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен таныстыруарқылы оқушыларды қасиетті атамекеннің қадірін сезінуге, аялай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу..



Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: Н.А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы»

Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, математика, музыка

Сабақтың көрнекілігі: Сатылай кешенді талдаудың сызба кестелері, көрнекті әнші-композитор Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әніне байланысты бейнетаспалар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру бөлімі.Оқушылардың жалпы дайындығы анықталады. 6,10-сынып оқушыларының сабаққа қатыстырылу мақсаты түсіндіріледі.

II.Оқушыларды сабаққа бейімдеу. Сабақтың әнұраны орындалады.

Сабақтың айдары айтылады:«Даналықтан ойдан дән ізде!»

III. Практикалық бөлім.

Мұғалім: -Балалар, Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

Мына тақтада жазулы тұрған ел ағаларының айтқан сөздеріне, халқымыздың мақал-мәтелдеріне назар аударайықшы. Онда не туралы айтылып тұр?

    


1.Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюуі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады.

                                                              Н. Назарбаев 



2. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымба

Халық мақалы

3. Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі.

Халық мақалы



4. Атамекен! Қандай қасиетті сөз. Оған сүйіспеншілік ананың әлдиімен, балалық шақтың аңыз-ертегілерімен, ойындармен, даланың жұпар иісімен, таудың құзымен, көлдің айдынымен, ұлттық мақтанышпен де сіңіседі екен.

5. Отанын ауыстырған адам жүрегін де ауыстыруға тиіс.

Венгр халық мақалы



(Оқушылар пікірлері тыңдалады)

-Балалар, атамекен, Отан туралы айтылған осы даналық ойлардағы кейбір сөздерге кешенді талдау жасалық.



I. Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау талдау.

6-сынып оқушылары:

1) Дауысты және дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береді. Берілетін сөздер: еңбек, азаматтық.

2) Дауыссыз дыбыстарды айтылу (жасалу) тәсіліне және жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай талдайды. Берілетін сөз: ұлтарақтай

10-сынып оқушылары:

1) сөздегі дыбыстарды ықшамдау принципімен өрнектейді.Берілетін сөз: ат төбеліндей

2) Дыбыстарды белгісіздікпен өрнектеу, теңдеуді шешу, дыбыстардың мәнін орнына қойып, баяндау.Берілетін сөздер:туған жердің

  Фонологиялық талдау.



6-сынып оқушылары берілген сөздерге фонологиялық талдау жасайды: топырағы, ойындармен.

10-сынып оқушылары Фонологиялық талдауды ықшамдау принципімен өрнектеу. Берілетін сөздер: қасиетті сөз.

Фонологиялық талдауды қысқаша ықшамдау принципімен өрнектеу. Берілетін сөздер: адамның жүрегі

II. Сөзжасамдық бірліктерді сатылай кешенді талдау. Берілетін сөздер: атамекен, аңыз-әңгіме.    

Мұғалім: Атамекен, туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылғандығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы.

     Туған жер, өскен елді құрметтеу, оған барып тұру – азаматтықтың белгісі. Алтын бесік деп әсеттеп айтатын жеріне келген баладан бастап ересек адамдарды туған жеріне аунатып алатын қазақтың ырымы бар. Бұл бала отаншыл болсын, үлкендердің ауру-сырқауы, шер-шемені кетсін деген ұғымнан туған.

Қазақ әуендерінің арасында туған жерге, Отанға арналған әндер аз емес. Алайда, рухты оятып, жігер-күш беретін нағыз патриоттық әндер санаулы-ақ. Соның бірі - әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні. Бұл ән қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген. Ән басталған сәтте-ақ, барлық қазақ жатқа айтып, қосыла жөнелетін бірегей әндердің бірі.

Ендеше, балалар «Нағыз патриоттық ән» тақырыбындағы алдарыңыздағы мәтінмен таныссаңыздар деймін.

Нағыз патриоттық ән

Бар қазақ баласының аузында жүрген «Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келген. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алады. Ұзақ толғаныстардан кейін, ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әннің сөздерін жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Дайын болған ән Республика сарайында өткен кезекті үлкен концертте орындалады.Ән бірден халық сүйіспеншілігіне бөленді. Қазақ жерінде емес, шетелдерде де танылды.

1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Қазақстанның өнер делегациясымен бірге Швеция еліне барады. Стокгольм қаласында өткен концертте «Атамекен» әнін шырқаған Ескендір Хасанғалиевке жергілікті халық үлкен қошемет көрсетеді. Концерт аяқталған бойда, әншіге қандас бауырлар келіп, «Атамекен» әні туралы шынайы лебіздерін білдіріп, көздеріне жас алған екен.

Қырық жылдан астам уақыт бұрын жазылған мағыналы ән бұл күнде өз рухын жоғалтқан жоқ. Ән кез келген қазақ концертінде шырқалады. Бірде-бір мемлекеттік деңгейдегі мерекелік салтанатты жиын «Атамекен» әнінсіз өтпейді. «Атамекен» - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.



Мұғалім: Әннің сөзі де, сазы да сізге өте жақын, таныс. Дегенмен мәтінді оқи отырып осы ән туралы қандай мәлімет алдыңыздар.

(Оқушылар пікірі тыңдалады, Е.Хасанғалиевтің орындауында

әннің1шумағы тыңдаладыі)
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем



Қайырмасы

Қайда жүрсем атамекен,

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем

Қайырмасы

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем
III. Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдау

Берілетін сөздер: түкті, күннің, қайда.


IY. Синтаксистік бірліктерді сатылай кешенді талдау.

Жай және құрмалас сөйлемдерге сатылай кешенді талдау.

1. Отанын ауыстырған адам жүрегін де ауыстыруға тиіс



2. Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі.

Қорытынды. «Атамекен» әні орындалады. Сөзін жазған Қ.Мырзалиев

әнін жазған: Е.Хасанғалиев.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет