Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары. Сабақтың мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі23,2 Kb.
#42493
түріСабақ

Пәні: Информатика


Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, компьютердің қосымша құрылғылары туралы білімдерін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай дербес компьютердің құрылғыларын терең түсіндіру, құрылғылардың(микрофон,принтер,сканер,модем)қызметін және олардың сипаттамасын, ақпарат тасығыштардың түрлерін, олардың қызметі мен сипаттамаларын үйрету, құрылғыларды сыртқы пішініне қарап анықтау. Дамытушылық: Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып оқушылардың білімін, ойлау қабілетін,пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушының алған білімін, тәрбиесін қоғамда, күнделікті өмірде дұрыс пайдалана білуге үйрету, жауапкершілікке баулу, ұқыптылыққа, өз бетінше және топпен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, кеспе қағаздар, оқулық, тест парақшалары,сөзжұмбақ плакаты.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

І Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
«Компьютер құрылғылары» тақырыбында компьютердің негізгі құрылғыларына әр оқушы сипаттама береді. Компьютер құрылғылары бейнеленген өткен тақырып бойынша кеспе қағаздары таратылып, үй жұмысы пысықталады.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Қосымша құрылғылар – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар.Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.
Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, сканер, модем және т.б. жатады.
Ақпарат тасығыштар:
• Қатты диск;
• Жұмсақ диск;
• Лазерлік дискілер (СD- DVD);
• Флеш жады;
Тасығыштарда ақпарат компьютерге ыңғайлы түрде – сандық форматта сақталады. Адам тасығыштағы ақпаратты компьютердің көмегінсіз ажыратып оқи алмайды. Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіштері – олардың сиымдылығы.
Сыйымдылық – тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.
Ақпарат тасығыштардың әрбір түрін толығырақ қарастырайық.
Қатты диск – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы. Жүйелік блоктың ішінде орналасқанына қарамастан қатты дискі компьютердің сыртқы жады болып табылады.
Дискета - шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970-1990 жылдардың басында кеңінен таралды. Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Тышқан – компьютер мен жұмыс істеуге арналған ең ыңғайлы құрылғы.
Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін енгізу құрылғысы.Сканердің көмегімен мәтіндерді мәтіндік редакторға, фотосуреттерді – бейнелерді өңдеу программаларына аударуды т.б. орындайды.

Көпфункционалды құрылғылар(КФҚ) – бір құрылғыдағы принтер/ сканер/ көшірме/. Аталған функциялардың бәрін жүзеге асыруға арналған. Мұндай функциялар шоғырланған құрылғылар бүріккіш те, лазерлік те болуы мүмкін.
Принтер– ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы.
Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы. Бүріккіш принтерлерде және лазерлік принтерлерде де картриждері бар.Бұл картриждер ұнтақпен (тонермен) толтырылған.
Модем дегеніміз - компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған, компьютерді интернетпен қосып тұратын құрылғы.
Жұмыс жасауы принципі - модем модулятор және демодуляторлардан тұрады, компьютерден шыққан ақпарат модем ішінде модуляциядан өтіп келесі модемге жетеді, ол жерде қайта демодуляция орындалады Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Компакт – дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD - R компакт – дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD - RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады. Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тілінде ықшам-дискі негізінде тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады.Ал , DVD – дискі үлкен көлемді ақпартты сақтауға және мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш. Лазерлік дискілердің сиымдылығы- СД дискілер үшін650 Мбайттан, DVD дискілер үшін 9Гбайтқа дейінгі аралықта.Бастапқыда CD/DVD – дискілеге ақпарат жазуға болмайтын еді кейінен жазатын CD/DVD- ROM және қайтадан жазатын дискілер пайда болды.
Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт - 8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB – портқа қосады, секундына 1 - 10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады Заманауй ақпарат тасымалдайтыни құрылғылар – ол флеш жадылар.Олар флешкалар немесе жады карталары болуы мүмкін. Флеш – жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жауға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан – жылға артып келеді. Флеш – жадылар өлшем көрсеткіштері шамалы және тұтынушылардың көпшілігі үшін бағасы қолжетімді болғандықтан флеш- карта түрінде барлық сандық құрылғыларда – фотоаппараттарда , видеокамераларда , ұялы телефондарда кеңінен қолданылады.
Драйвер - компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайды. Мысалы, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірақ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қалуы мүмкін.
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

  1. Экранға қосымша құрылғы құрылғылар суреттері шығады, оқушылар атап, қызметін түсіндіреді.

  2. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл? «Тәуелсіздігімізге - 25 жыл!» тақырыбында сөзжұмбақты шешу

  3. Экрандағы термин сөздердің орысша, ағылшынша атауларын жазу.

ІV.Сергіту сәті:

Компьтердің пайда,зияны туралы видеороликті көріп, өз пікірлерін айту.




V. Сабақты бекіту: Оқушыларға тест сұрақтары таратылады.

1. Компьютердің негізгі құрылғылары:


А) сканер, модем, монитор
Б) монитор, пернетақта, жүйелік блок
В) принтер, монитор, жүйелік блок
2. Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар:
А) негізгі құрылғылар
Б) қосымша құрылғылар
В) екі жауап та дұрыс

3. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы


А) принтер
Б) сканер
В) модем
4. Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
А) принтер
Б) модем
В) сканер

5. Драйвер дегеніміз не?


А) компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар
Б) өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар
В) мәліметтер типі

6. Флешка, дискета, компакт дискілер қандай құрылғылар:


А) ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар
Б) негізгі құрылғылар
В) басып шығару құрылғысы

7. Интернетке қосылу үшін қандай құрылғы қажет?


А) принтер
Б) сканер
В) модем
8. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің кең тараған түрлері:
А) матрицалық, бүріккіш және лазерлік
Б) планшеттік, сенсорлық
В) антивирустық, операциялық

9. Пернетақтаның жұмысын жеңілдететін құрылғы


А) монитор
Б) тышқан (тінтуір)
В) принтер

10. Флешка, дискета, компакт дискілер қандай құрылғыларға жатады:


А) ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар
Б) негізгі құрылғылар
В) басып шығару құрылғысы

11. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?


А) монитор
В) колонкалар
С) сканер
Д) микрофон
12. Заманауи ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі ең үлкені?
А) жұмсақ диск
В) қатты диск
С) лазерлік
Д) флешка

13. Қайсысы ақпарат тасу құрылғысына жатпайды?


А) Қатты диск
В) лазерлік дискілер
С) Флеш – жады
Д) процессор

ҮI. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.

VIІ. Қорытындылау.
VIІI. Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқу.

Каталог: uploads -> doc -> 0a9a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a9a -> Мақсаты: Оқушыларды Оо әрпінің таңбасымен таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет