Сабақтың тақырыбы: Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса Сабақтың мақсаты



Дата14.11.2019
өлшемі34,23 Kb.
#51747
түріСабақ
Байланысты:
1sd32f1d (1)

Сыныбы: 9 «а»
Сабақтың тақырыбы:

Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға механикалық күштер туралы, олардың формуласын, бағытын түсіндіру; сонымен қатар, динамиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау; масса ұғымынығ физикалық мағынасын ашу;

Дамытушылық: жүйелі түрде ойлауға, ізденуге, өз ойын ашық түрде айта білуге үйрету; білімге деген құштарлығын ояту

Тәрбиелік: мұқияттылыққа, үйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға, өздерін еркін ұстауға
тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту, бекіту
Қолданылатын әдістер: оқулықпен жұмыс, кестемен жұмыс, есептер шығару, топтастыру стратегиясы
Көрнекіліктер: кесте, физикалық диктант, қарточкаға жазылған деңгейлік есептер
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

амандасу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру


  1. Үй жұмысын тексеру

үйге берілген тапсырманы сабақ барысында тексеру
3. Жаңа білімді игерту

А) топтастыру стратегиясы
Анықтамасы

Қандай шама


Күш

Белгіленуі Өлшем бірлігі

түрлері
өлшейтін құрал
Жауаптары:

  1. Анықтамасы: Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әркеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама.

  2. Күш – векторлық шама

  3. Өлшем бірлігі: Ньютон

  4. Өлшейтін құрал: динамометр

  5. Белгіленуі: F

  6. Түрлері: Ауырлық күші, үйкеліс күші, серпімділік күші, тіректің реакция күші

Ә) кестемен жұмыс (оқулықпен жұмыс)


Р/с

Күштің түрлері

Белгіленуі

Формуласы

Анықтамасы

Бағыты

1

Ауырлық күші













2

Серпімділік күші













3

Үйкеліс күші













4

Тіректің реакция күші













5

Теңәрекетті күш














§ 12. Ньютонның екінші заңы. Масса


  • Күштің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп аталады.

  • Масса – дененің инерттілігінің өлшемі

  • Ньютонның екінші заңы: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал.



Ньютонның екінші заңының формуласын



Бұл теңдеу динамиканың негізгі заңы деп аталады. Бұдан теңәрекетті күш үдеудің шамасы
мен бағытын анықтайтыны шығады.


Ньютонның ІІ заңының негізінде күш бірлігі енгізіледі.

Күш бірлігіне массасы 1 кг дене 1 м/с2 үдеу тудыратынын күш алынған. Си жүйесіндегі күш бірлігі Ньютон (Н) деп аталады. Сонымен,

= 1 кг*м/с2
4. Білімді бекіту

(карточкада жазылған тапсырмалар)

1 карточка



  1. ДИНАМИКА НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ?

  2. Күш әрекетінен массасы 1 кг дене 10 м/с2 үдеу алады. Осы күш массасы 0,5 кг денеге қандай үдеу береді?

2 карточка

  1. ИНЕРЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ

  2. Ұшақтың массасы 60 т қозғалтқыштыңтарту күші 90 кН болса, ол ұшар алдындағы жолда қандай үдеу алады?

3 карточка

  1. НЬЮТОННЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ

  2. Массасы 0,2 кг тыныштықта тұрған денеге 5 с бойы 0,1 Н күш әрекет етеді. Осы дене қандай жылдамдық алады және сол уақыт ішінде қандай жол жүреді?

4 карточка

  1. ИНЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС САНАҚ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

  2. 2 Н күш әрекет еткен кезде 4 см ұзарған серіппенің қатаңдығын тап.

5 карточка

  1. КҮШ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

  2. Массасы 2 кг дене жоғарыдан 9,8 м/с2 тұрақты үдеумен Жерге түседі. Денеге әсер етуші күші неге тең?

6 карточка

  1. НЬЮТОННЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ

  2. Массасы 5 кг денеге әрекет ететін қорытқы күш 10 Н. Дененің үдеуі неге тең?


5. Үйге тапсырма

1. § 11,12; 10 жаттығу



2. Күш туралы мақал-мәтелдер
6. Қорытындылау, бағалау

А) «Алты қалпақ» әдісі

Ә) Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет