Қысқа мерзімді жоспар
|
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Туламатова Сарвиноз |
Топ:
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
|
Сабақтың түрі
|
Жалпылау және білімді жүйелеу сабағы
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
|
1. |ax2+bx|+c=0, ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеулерді шешу;
2.бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;
3.квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешеді
|
Бағалау критерийлері
|
Дағды
|
Бағалау критерийлері
|
Білу және түсіну
|
Айнымалысы модулдің астындағы теңдеулерді шешу алгоритмін біледі
Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу алгоритмін біледі
Айнымалы енгізу арқылы теңдеулерді шешу алгоритмін біледі
|
Қолдану
|
Теңдеуді квадрат теңдеуге келтіреді және оны шешеді
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық. Академиялық адалдық.
|
Пәнаралық байланыс
|
Бұл бөлімде алынған білім бүтін және рационал теңсіздіктерді шешкенде қажет болады, сонымен бірге кез келген теңдеуді соның ішінде, квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешудің негізі болып табылады.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар квадрат теңдеулерді, бөлшек-рационал және квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді алмастыру әдісі арқылы шеше алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1 мин
|
Ұйымдастыру бөлімі. Өзара амандасу; оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, сыртқы келбеті); назарларын аудару.
Оқушылардың сабаққа дайындығы тексерілген соң сабақтың мақсатын айту – алмастыру арқылы квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді (биквадрат, симметриялы, қайтымды) шешу дағдысын бекіту және жалпылау.
|
Презентация
1-2 слайдтар
|
Сабақтың ортасы
10 мин
4 мин
|
Өткен материал бойынша білімді жүйелеу және бекіту
Оқушылар үш адамнан тұратын топта квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулердің бір түрін шешу алгоритмі жазылған постер дайындайды. Кейін әрбір топтан бір-бір адамнан жаңа үштік құралады, оқушылар бір-біріне өз топтарының жасағандарын түсіндіреді.
№1 шешуі
|
№2 шешуі
|
х4 +7 х2 – 44 = 0.
х2=у болсын, онда
у2 +7у -44 = 0,
D=225, D>0, екі түбір:
у1 = - 11, у2 = 4.
Кері алмастыру:
х2= -11 или х2= 4. Бірінші теңдеудің түбірі жоқ, ал екіншісінде - х1 = -2, х2 =2. Жауабы: -2; 2.
|
(х + 3) (х +1) (х +5) (х +7) = - 16,
(х + 3) (х +5) (х +1) (х +7) = - 16,
(х2+5х+3х+15) (х2+7х+х+7)= -16,
(х2+8х+15) (х2+8х+7)= -16,
х2+8х+7 = у болсын, онда
(у +8) у = -16
у2 + 8у + 16 = 0
(у + 4)2 = 0
у = -4
Кері алмастыру
х2+8х+7 = -4,
х2+8х+11 = 0,
D = 20, х1= -4 +√5, х2= -4 - √5;
Жауабы: -4 +√5, -4 - √5;
|
|
3 слайд
4 слайд
|
Сабақтың соңы
3 мин
|
Сабақты қорытындылау
Оқушылардан сабақ бойы жасаған жұмыстары мен жеткен мақсаттары туралы ойлануы сұралады.
Оқушыларға «бағалау парағын» таратылады. Оқушылар бағалау критерийлері арқылы өздерін бағалайды, ол үшін оқушылар сәйкес шеңбердің бөлігін бояйды.
Үй тапсырмасы:
Теңдеулерді шешіңіз:
|
Звавич Л.И., Рязановский А.Р. Алгебра. 8 класс. В 2 ч. Ч. 2. Задачник для учащихся общеобразовательных учреждений – М.: Мнемозина, 2010. – 271 с. : ил.
181, 184, 188 беттер
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай
тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
|
Саралау оқу материалын таңдау кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру арқылы жүргізіледі. Қабілеті жоғары оқушылар үшін мектеп бағдарламасынан тыс материалдар беріледі. Бірақ оқытылып жатырған тақырыптан тыс емес.
|
Өзін-өзі бағалау үшін дайын шешімі көрсетілген парақтар қолданылады, сонымен бірге өзара бағалау стратегиясы да қолданылады.
|
Сынып бөлмесі сабаққа дейін желдетіледі.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары
дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол
жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды
ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар
болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін
пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|