Сыныбы: 11 «А», «Б» Күні: 6.05.15.
Бағыты: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жеңіске 70 жыл. Сөз таптарын қайталау.
Сабақтың мақсаты. Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы қазақстандықтардың ерліктері туралы мағлұмат беру;сөз таптарын еске түсіру,морфологиялық талдауды орындай білу.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,ардагерлерге құрмет көрсету. Оқушылардың Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау,сұрақ-жауап,түсіндіру,іздендіру.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,орыс тілі,тарих,география,информатика.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдты көрініс-бейнефильм,магнитті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
Мұғалім сөзі:Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру – баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем, шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, қане, біздің Жеңіс шешуі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі?
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
ІІ. «Ой шақыру» сұрақтары:
1.«Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
2. Ұлы Отан соғысы қашан болды?
3. Ұлы Отан соғысы қай елдердің арасында болды?
4. Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
5. Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл толады?
6. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырларды атайық.
7. Өз ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер деп кімдерді атар едіңдер?
ІІІ. Үй жұмысы тексеріледі. «Ұлы Отан соғысы және біздің отбасы...» тақырыбында әңгіме жазу немесе Ұлы Отан соғысы жайында ақпарат дайындау.
IV. ЖАҢА САБАҚ.
Бүгінгі сабағымыз ойын-сабақ түрінде өтпек. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Интерактивті тақтада берілген ұяшықтардың кез-келгенін таңдап, жасырын тұрған тапсырманы орындауға тиіспіз. Алдымен ұяшықтағы суреттерге назар аударайық. Еліміздің белгілі тұлғалары:
1.Роза Бағланова -әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі .1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады.
2. Жамбыл Жабаев- айтыскер ақын.1941 жылы мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде өзінің өлеңдерінде халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты.
3. Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры.
4. Әлия Молдағұлова -Кеңес Одағының Батыры, мерген, ефрейтор.
5. Мәлік Ғабдуллин — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы , профессор, Кеңес Одағының Батыры .
6. Мәншүк Мәметова —қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры.
1-тапсырма. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. Жас офицер Рақымжан Қошқарбаев пен досы Григорий Булатов Рейхстагқа алқызыл Жеңіс туын желбіретті.
2-тапсырма. Берілген сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдаңыз.
Шабуыл жасаспау туралы Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды.
3-тапсырма. Берілген сөйлемді орыс тіліне аударып, зат есімді сөз құрамына талдаңыз.
1940 жылы Гитлер «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды.
4-тапсырма. Берілген сөйлемді орыс тіліне аударып, сын есімді сөз құрамына талдаңыз.
Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,— деп әскери комитетке өтініш берді.
5-тапсырма. Музыкалық үзіліс. Р.Рымбаеваның орындауындағы «Әлия»әні. «Әлия» әні дүниеге 1975 жылы келген екен. Көзі тірісінде сазгер былай деген екен: «Ән ойымда біраз жүрді. Бірде Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағын қолыма алып, аша бергенім мұң екен, көзіме ақынның Әлия Молдағұловаға арналған өлең жолдары түсті. Жадымда жүрген әуенге салып едім, құйып қойғандай дәл келді. Бұл ән арнау емес, бұл ән - жоқтау. Балғын қыздың ерлігін ұлықтау, ел жадында қалдыру үшін осындай ән қажет-ақ». Ән кеңінен сол кезде 17 жасар әнші Роза Рымбаеваның орындауында танылды. 1977 жылы Болгарияда өткен «Золотой Орфей» байқауында ән шырқалып, бірінші орынды иеленді. Мәскеуліктер «Әлия» әнін «Ең үздік жыл әні» деп бағалап, марапаттаған болатын. Қазіргі кезде де бұл ән эстрадалық әншілердің орындауында айтылып жүр.
6-тапсырма. Тест сауалдарына жауап беру.
1. Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан.
А.Бауыржан Момышұлы В. Рамазан Елебаев С. Әбділда Тәжібаев Д. Қасым Қайсенов
2. Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысқан қазақстандық жауынгер, жазушы.
А.Бауыржан Момышұлы В. Әбділда Тәжібаев С. Иван Панфилов Д. Қасым Қайсенов
3. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А.б,ж,г,д В. а,ы,е,ю С. д,ж,қ,р Д.қ,с,т,п
4.Мына сөздердің дұрыс аудармасын табыңыз: мир,фронт,атака,победа
А. жеңіс,әсем,соғыс,әлем В.бейбітшілік, майдан,шабуыл,жеңіс С.белгілі,соғыс,ұрыс,жең. Д. тату, ұрыс,майдан,өмір
5. «Серт» сөзінің сипатын табыңыз.
A.Төрт дыбысты ашық буын. B.Үш дыбысты ашық буын. C.Төрт дыбысты бітеу буын. D.Төрт дыбысты тұйық буын.
6.Тура мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
А. қара шаш В. жұмсақ мінез С.қатты сөз D.ақ жүрек
7. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A.батыр B.әлсіз C.салмақты D. күшті
8. Берілген сөйлем ішінен қыстырма сөзді табыңыз: «Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді».
A.әрине B.бұл C.кеңес D.жоспар
9. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.
A. бейбітшілік B.жазғы C. майдан D. жауынгер
10. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз: Бала...
A. -лар B. -жан C. -нікі D. -қай
7-тапсырма. Мюнстенберг әдістемесі бойынша ойын: КІМ КӨП СӨЗ ТАБАДЫ?
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол
ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк
міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат Дұрыс жауаптар:
Ағаш, шырша, дарын, таным, оқу, нәтиже, жыл, мектеп, ғылым, әлеумет, оқушы, көру, зейін, бала, білім, кезең,міндет, облыс, дамыту, ойын, әрекет, педагог, уақыт, басшы, атақ, тәжірибе, тұқым, құрал, сезім, сынып, хат.
31 сөз.
V. Сабақ қорытылады. Әр топ өтілген тақырып бойынша «Не білеміз?», «Нені білгіміз келеді?», «Не білдік?» кестесін өздері толтырады.
VI. Үйге тапсырма беріледі: «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды..» тақырыбына эссе жазу.
VIІ. Оқушылар еңбегі бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |