Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мақсаты: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, пікірталас, әңгімелеу, венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның портреті, шығармалар жинағы, слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Күтілетін нәтиже:
А – поэманы оқып, мазмұнын түсіну;
В – кейіпкерлерімен танысып, талдау жасау;
С – жырды оқып бағалап, мақсатқа тек батылдық пен еңбекқорлықтың арқасында жетуге болатынын түсіну.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе: Балалар, біз XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мағжанның «Батыр Баян» поэмасымен танысып өттік.
- Поэма дегеніміз не?
Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, біздің алдымызға Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады. Бүгінгі сабағымызда «Батыр Баян» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын жүргіземіз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (екі топ бір-біріне сұрақтар қояды?)
М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы жөнінде сұрақтар қою:
1. М.Жұмабаев қай жылы дүниеге келді? 1893жыл
2. Қай жерде дүниеге келді? Сасықкөл мекенінде
3. М.Жұмабаевтың поэмалары? «Батыр Баян», «Қорқыт», «Ертек»
4. Тұңғыш өлеңдер жинағы? 1913 жыл, «Шолпан»
5. Қай жылы дүние салды?
Жалпы сұрақ.
- Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі?
- ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы.
- Қандай тарихи тұлғалар бар?
- Абылай хан туралы не білеміз?
«Жарлық» әдісі бойынша поэма мазмұнын айту
Реттік талдау
1. Шығарманың атауы: «Батыр Баян»
2. Авторы: М.Жұмабаев
3. Жанры: поэма
4. Тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау.
5. Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу.
6. Кейіпкерлер: Абылай, Сары, Батыр Баян, Ноян, қалмақ қызы
Композициялық құрылысы.
Кіріспе- экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты
Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы
Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы
Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы
Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы
«Батыр Баян» кинофильмінен үзінді
Мағжан Жұмабаевтың белгілі дастаны бойынша экранға шыққан "Батыр Баян" фильмі әлі күнге дейін қазақ киноэкранынан түспей келеді. Осы кинотуындыда Батыр Баянның бейнесін театр және кино актері, еңселі келген бойына ерекше таланты жарасқан Жұмахан Әбдіқадыров сомдайды. Бірақ, өкінішке қарай, өнері жұрт көңілінен шыққан осы еңбекқор актер біраз жыл бұрын шығармашылық қызметпен сапарда жүрген кезінде жол-көлік апатына ұшырап, мүгедек болып қалған еді. Тағдыр тауқыметіне не шара, осыдан кейін ол театрдан кетіп, Тараз қаласының шетіндегі автотұрақтардың бірінде қарауыл болып жүрді.
Сахнаға да оралып көрді. Бірақ сынған сүйек икемге келе қоймады. Дәрігерге де қаралды, емшіге де барды. Бірнеше рет отаға да түсті. Бұл туралы кезінде республикалық газеттерде көп жазылды. Жұмаханның ендігі үміті - шетелдік оташылардың көмегіне жүгініп көру. Бірақ ол жаққа бару, келу, ота жасатып, ем-дом алу үлкен қаржыны қажет ететіні белгілі.
Осы жағдайдан хабардар болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында актерге қажетті қаражатты бөлуге пәрмен берді. Ол соманы, еліміздің Тұңғыш Президенті қоры аударды. Қазақ халқының бостандығы жолында күрескен Батыр Баянның бейнесін сомдап, бүгінгі ұрпақты ел тарихын біліп, құрметтеуге үлес қосқан әртіс үшін бұл үлкен құрмет болатын.
«Топтастыру» стратегиясы
Абылайға, Баянға, Ноянға мінездеме
Абылай: ақылды хан, айлалы батыр, қайратты қаһарман, даңқты қайраткер, дарынды дипломат, елін, жерін сүйген патриот.
Баян: ел еркесі, алаш батыр, қандыбалақ сарбаз, намысшыл ел, патриот тұлға
Ноян: Білікті жігіт, сүйгеніне адал ер, аңғал, қайырымды, адал.
«Венн диаграммасы»
Баян Ұқсастығы Ноян
Пікірталас
Баянның өз інісін өлтірмегені дұрыс болар ма еді?
Ия (өлтірмегені дұрыс) Жоқ (өлтірмегені дұрыс емес)
Қайырымды батыр болар еді Ағасын туған елі алдында қара
Жастардың ыстық ықыласына бет қылды. Ел намысын аяққа
бөленер еді. таптады.
Оқулықпен жұмыс:
Қалмақ қызының портреті
Қалмақ қызының Ноянға білдірген өтініші
Ноян мен қалмақ қызымен кашып кеткенін естіген кездеге Баянның халі
Батыр Баянның Ноян мен қалмақ қызын ату тұсы
«Бес жолды өлең стратегиясы»
І топ. Баян, Ноян
Үлгі: 1. Кім? Зат есім 1 сөз.
2. Қандай? Сын есім 2 сөз.
3. Не істеді? Етістік 3 сөз.
4. Сөз тіркесі 4 сөз.
5. Синоним 1 сөз.
Ауқымды сұрақтар:
1) Егер сіз Баянның орнында болсаңыз, не істейсіз?
- Ноянды кері қайтарар едім.
2) Поэмада Баяннан кеткен қателік.
- Сұлу қызды еліне алып келуі.
3) Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді?
- Екі жас бақытты өмір сүрер еді.
4) Шығармадағы ар - намыс мәселесі қалай көрініс табады?
- Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды.
RAFT – әдісін пайдалана отырып кейіпкерлер бейнесіне ену.
Роль – қалмақ қызы
Аудитория – Баян
Форма – хат
Тақырып – кешірім
- Мен өмірімде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін. Ноян бұл іске лажсыз көнді. Оны өлім аузына өзім салдым.
- Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін. Сіздің намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.
Роль – Батыр Баян.
Аудитория – Ноян.
Форма - әңгіме.
Тақырып – өкінген іс.
- Мен Баян батырмын.
Қазақта «Батырды намыс өлтіреді» деген сөз бар. Мен ел намысын қорғаймын деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға інімнің әрекеті мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл ісімнің тым асығыстық екенін кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз бауырым еді. Орны толмас өкінішке душар болдым. Бұл ісімнің ешқашан ақталмасын да білемін. Өмір бойы өзімді жазалап, өкініп өтермін.
«Сөздер банкісі» (жұптық жұмыс)
«Батыр Баян» – қазақтың атақты Мағжан Жұмабаев - ақын,
Қаламгері Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.
жазған поэмасы
Қорытынды:
- Поэма ұнады ма? Несімен ұнады?
- Поэма кейіпкерлерінің қайсы саған ерекше әсер етті?
Кері байланыс
Үйге тапсырма.
Шығармадан ақын монологын тауып жаттау
Мағжан шығармашылығы туралы «Мағжан – сыршыл ақын» атты ойтолғау жазу.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |