Сілтеме: Күнтізбе жоспары, 2-сыныпқа арналған Дүниетану оқулығы.
Сабақтың тақырыбы: «Мәдени өсімдіктер»
Сабақтың мақсаттары: 1. Мәдени өсімдіктер мен жабайы өсімдіктер арасындағы айырмашылықты ажырату арқылы
оқушылардың өсімдіктер туралы түсініктерін нығайту.
2. Дүниетанымдарын, ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатты, өсімдіктерді аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Түйінді идеялар: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Оқыту нәтижелері: Мәдени өсімдіктер туралы біледі. Олардың бір-бірінен айырмашылығын ажырата білуге
дағдыланады.
Ресурстар (көрнекілік): Смайликтер, А3 қағаздары, суреттер,
Дереккөздер: Дүниетану «Атамұра» 2013 жыл, интернет желісі.
Әдіс-тәсілдер: «Бірге ойлаймыз» стратегиясы, топтық жұмыс «Серпілген сауал».
|
Сабақ барысы:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс әрекеті
|
Бағалау
|
I. Қызығушылықты ояту.
|
Оқушыларға сәттілік тілеу.
Топ ережесін қайталату.
|
Бір-біріне сәттілік тілейді. Топ ережесін қайталайды,
|
|
«Серпілген сауал» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
|
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
|
Оқушылар жауап береді
|
Мадақ-тау
|
II. Мағынаны тану. Жаңа сабақ .
Оқулықпен жұмыс:
Мәдени өсімдіктер
|
Мәтінді оқу: топпен
а) әр бөлікті әр топ оқиды
ә) қысқаша әңгімелейді
|
а) мұқият тыңдайды
ә) түсініп отырады
|
Лебіз
білдіру.
|
Сергіту сәті
|
Күн шықты, жел соқты.
Аспанды бұлт торлады
Жаңбыр жауды, найзағай жарқ етті.
Қайтадан күн ашылды.
|
Өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
|
Мадақ-тау
|
Ой түйіндеу: «Бірге ойлаймыз» стратегиясы арқылы.
|
- Мәдени және жабайы өсімдіктердің қандай айырмашылығы және ұқсастықтары бар?
|
Венн диаграммасы арқылы мәдени және жабайы өсімдіктердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазады
Ұқсастығы: мүшелері бірдей, яғни тамыр, сабақ, жапырақ, жемісі,тұқымы болады. Өсуі үшін ауа, жылу, жарық, қорек қажет. Жабайы өсімдіктер өздігімен далада, тауда, шалғында, суда өседі. өседі. Ал мәдени өсімдіктерді адам үйде өсіреді. Оларға егістікте, бау - бақшада өсетін өсімдіктер жатады. Ал айырмашылығы: сабағы - жуан, жіңішке, қатты, жұмсақ, біреу, көп; жапырағы - жалпақ, қылқанды. Гүлдері түрлі түсті болып келеді.
|
Смайлик-
тер арқылы
|
Кері байланыс
|
Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді. Топтар бір- бірінің жұмыстарын бағалап, лебіздерін білдіреді.
|
Әр бала өз ойын айтады, бағалайды.
|
«Бас бармақ»
арқылы
|
Рефлексия
|
-Сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Қандай қиындық болды?
|
|
сумма-тивті бағалау
|
Үйге тапсырма
|
«Мәдени өсімдіктер» түсініп оқу, ұрақтарға жауап беру
|
|
|