Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру



бет1/3
Дата11.02.2023
өлшемі136,85 Kb.
#168359
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ашық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру


Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Атамекен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Авезова Бибихадиша Калдурдыевна
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Pascal тілінде мәліметтерді енгізу мен шығарумен таныстыру және n типтердің маңызды белгілері мен әртүрлі типтердің сипаттамасын ерекшелеу, нәтижесін жоспарлау мен бағалау дағдыларын қалыптастыру
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар

  1. «Айнымалы» терминіне анықтама беріңдер

  2. Айнымалы атауы үшін қандай шектеулер бар?

  3. Айнымалының типін программада не үшін анықтау қажет?

  4. Мәліметтердің нақты типтерінде бүтін мен бөлшек бөліктер қандай белгімен ажыратылады?

  5. Айнымалылар жарияланатын бөлімді айтыңдар. Бұл бөлімде айнымалылар қалай жазылады?

  6. Меншіктеу операторының пішімін жазыңдар.

  7. Айнымалының сипаттамаларын атап шығыңдар.



Оқушылар тапсырманы орындайды

Айнымалы және мәліметтер аралығындағы (тіл көмегімен) сәйкестікті орнатыңдар:


а) А:=3.214 1) Integer
ә) Z:=14 2) Real
б) B:=10351 3) Byte
в) K:=-0.5 4) String
г) C:= ‘as’
Жауабы: 1-б; 2 – а;в; 3 – ә; 4 – г.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәліметтерді енгізу – бұл сыртқы құрылғылардан жедел жадқа ақпаратты тасымалдау
Әдетте есепті шығару үшін бастапқы мәліметтер енгізіледі. Мысалы, екі санды қосу программасында программада қосылатын екі санды енгізу қажет болады.
Мәліметтерді шығару - кері үдеріс, бұл кезде мәліметтер жедел жадтан сыртқы құрылғыларға (принтер, дисплей, магниттікқұрылғылар және т.б.) беріледі. Әдетте, шығару программа соңында жүзеге тасырылады, яғни, есептің шешу нәтижесі шығарылады.
Мәліметтерді шығару операторларымен сендер таныссыңдар. Олар: Write және Writeln.
Егер айнымалылар мәні болса, оны экранға шығару үшін оператор атауынан кейін жақшада мәтін көрсетіледі. Шығару операторлары бірнеше мәндерді шығара алады, олар үтір арқылы жазылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет