Сабақтың тақырыбы: Мicrosoft Word бағдарламасында кесте құру. Кестеге жол, баған қосу Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі189,77 Kb.
#24465
түріСабақ
Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің информатика пәнінің оқытушылары Молдабекова Тұйғын Ергенқызы, Салқымбек Гүлмира Камалқызы


Сабақтың тақырыбы: Мicrosoft Word бағдарламасында кесте құру. Кестеге жол, баған қосу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Word –та мәтін ішіне кесте салу, оның элементтерімен танысу. Кесте бөліктерін және оның ішіндегі мәтінді белгілеу. Кесте ішінде курсорды жылдам жылжыту, оның бағанасын, енін өзгерту. Бағандар мен жолдар қосу, алып тастау әрекеттерін орындап үйрену.

2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірге қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Уақытты тиімді пайдалана білуге, электрондық оқулықтармен жұмыс жасауда қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: зертханалық машықтану сабағы

Сабақтың әдісі: оқытудың компьютерлік технологиясы.

Сабаққа қажетті материалдар: дербес компьютер, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған флипчарттар, слайдтар, Activpen қаламы, оқулық, принтер құрылғысы, флешка, дискілер, SinKaz электронды оқулығы, графопроектор.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқу-құралдарын, бекітілген компьютерлермен жұмыс жасауға дайындығын тексеріп олардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:


  1. Word – тың терезесімен таныстыру

  2. Жаңа құжат құру, сақтау, ашу әрекеттері.

  3. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін

қандай амалдар орындаймыз?

4. Рисование панелі арқылы қандай әрекеттер орындаймыз?

5. Формат рисунка - Положение командасы қандай қызмет атқарады?

6. Автофигураларды іске қосу үшін қандай амалдар орындаймыз?

7. Мамандықтарына сай суретті салуда автофигураны қолдану

8. Word Art нысанын қалай кірістіреміз?

9. Объектіні бұру не үшін керек?

10. Жұмыс істеу кезінде қандай да бір әрекетті болдырмау қалай орындалады?



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың тақырыбын жазайық. Мicrosoft Word бағдарламасында кесте құру. Кестеге жол, баған қосу. Бұл сабақта біз Word –та мәтін ішіне кесте салу, оның элементтерімен танысу. Кесте бөліктерін және оның ішіндегі мәтінді белгілеу. Кесте ішінде курсорды жылдам жылжыту, оның бағанасын, енін өзгерту. Бағандар мен жолдар қосу, алып тастау әрекеттерін орындап үйренуіміз қажет.



Word құжаттарында түрлі тізімдерді, сабақ кестелерін, қаржылық құжаттамманы ұсыну үшін кестелерді қолдануға болады. Word –та кестемен жұмыс істеудің басқаруға ыңғайлы мүмкіндіктер беретін түрлі құралдары бар.

Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Кесте құрудың үш әдісі бар: (мұғалім интерактивті тақтадан көрсетеді)

  1. Аспаптар панелінен «Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.

  2. Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.




  1. Вид - Панели инструментов - Таблицы и границы командаларын орындау арқылы.

Аспаптар панелінен шекаралар белгісін пайдалана отырып, өзгертуге болады.

Осы үш әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 5 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. 3-ші әдісі қолмен салуды көрсетеді. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз.



Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, безендіру және жиектеу алгоритмдерін жазып алайық.

Кесте құрудың алгоритмі

  1. Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.

  2. «Вставить таблицу» батырмасын шерту.

  3. «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.

  4. «ОК» батырмасын шерту.

Тышқанның немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.
Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып,  кестені құруға және жоюға болады.

Тәжірибе жүзінде төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар:

  1. Тапсырма

2015 жылдың қаңтар айына 1 айлық күнтізбек жасаңыз.

Д

С

С

Б

Ж

С

Ж










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31







  1. Тапсырма

Сабақ кестесін жасаңыз (Дүйсенбіден сенбіге дейін)

Дүйсенбі

1-сабақ

Пән атауы

Пән оқытушысы

__ Кабинет

2-сабақ

Пән атауы

Пән оқытушысы

__ Кабинет

3-сабақ

Пән атауы

Пән оқытушысы

__ Кабинет

  1. Тапсырма

Мамандыққа байланысты сөзжұмбақты шешіп, кесте құрыңыз. 15 баған, 5 жолдан құралады.




















К

Ө

Л

І

К




























Т

Е

Ж

Е

У

І

Ш






















Т

А

С

Ы

М

А

Л

Д

А

У




Э

Д

Ж

У

О

Р

Т





































А

Л

Е

К

С

А

Н

Д

Р

О

В




  1. «Транспорт» сөзінің қазақша баламасы. (Көлік)

  2. Пойыздың қозғалыс жылдамдығын автоматты түрде реттейтін тетік не деп аталады? (Тежеуіш)

  3. Теміржол көліктерінің негізгі атқаратын жұмысы (Тасымалдау)

  4. 1786 жылы арбалардан пойыз құрастыруды ұсынған ирландиялық кісі (Р.Л. Эджуорт)

  5. Ресейде жүк және жолаушылар таситын алғашқы вагондар 1846 жылы қай зауытта жасалды? (Александров)


IV. Сабақты бекіту:

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталады?

  3. Жол деген не?

  4. Баған деген не?

  5. Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа қалай бөлуге болады?

  6. Кестедегі қандай қозғалыс әдістерін білесіз?

  7. Кестелердің деректерін редакциялау қалай жүргізіледі?

  8. Жолдар мен бағаналардың өлшемдерін өзгертуге арналған операциялар.




  1. Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағалау. Түрлі тізімдер, сабақ кестелері, сөзжұмбақтар, курстық жұмыстарда кездесетін кестелер, күнтізбектер, қаржылық құжаттаманы ұсыну үшін кестелерді қолдануға болады.


  1. Үйге тапсырма беру: Н. Ермеков «Ақпараттық технологиялар» оқулығы, «Фолиант» баспасы, Астана – 2011 ж. 86-99 беттерді оқып келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет