Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауындағы заман көрінісі Оқу мақсаты



бет1/3
Дата17.11.2023
өлшемі59,74 Kb.
#191880
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1-сабақ. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауындағы заман көрінісі


Сынып: 8
Пән: қазақ әдебиеті

Мерзімі:



Бөлім:

2-бөлім. Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауындағы заман көрінісі

Оқу
мақсаты:

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақтың мақсаттары:


Оқушылардың барлығы:
«Үш қиян» толғауының мазмұнын біледі, өз ойын дәлел келтіріп жеткізеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Толғаудан өмірлік қағида шығара алады, кейіпкерлерге мінездеме береді.
Оқушылардың кейбіреуі:
Өз ойын қорытындылай отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік Ел» жалпы қоғамдық құндылығы.



Пәнаралық байланыс:

Тарих, география

Бағалау критерийлері:

Тура және жанама мінездеулерді біледі және толғаудан анықтап, талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Тура, жанама мінездеулер, автор бейнесі, ақын шеберлігі

Алдыңғы оқу

«Үш қиян» толғауы

жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалатын іс-әрекеттер


Ресурс



Сабақтың басы



-Қызығушылықты ояту, сабақтың тақырыбын болжау, мақсат қою;
-Ынтымақтастық атмосферасын құру;
-Үй тапсырмасын сұрау.

Сәлеметсің бе?


8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауындағы заман көрінісі»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• «Үш қиян» толғауының мазмұнын біледі, өз ойын дәлел келтіріп жеткізеді.
Сенің меңгеретінің:
шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

«Еділ» әнін тыңдау

С абақтың ортасы


«Атмосфера орнату» әдісі
Сурет беріледі. Соған қарап оқушылар қай жер, еліміздің қай аумағы екенін айту керек.
Автор және шығарма жайлы мәлімет:
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. Өлеңдерінде жүректе қалған мұңның тап қазір болып жатқан сықылды етіп, жұртты тебірентпей қоймаған. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұраның бытшыты шыққанын жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет