6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қонаққа бару, қонақты қарсы алу»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қонаққа бару мәдениеті жайлы түсінік беру, қонақты қарсы алу туралы білімдерін кеңейту.
дамытушылық: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
тәрбиелік: Оқушыларды қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі парақтар, «қонақ» тақырыбына суреттер
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру;
ІІ. Ұй жұмысын тексеру.
Бата жаттау.
Әр баланы тақтаға шығарып, жаттауды айтқызу.
Бағалау.
ІІІ. «Ой қозғау». Жаңа тақырыппен танысу
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып алыңыздар.
Қонаққа бару, қонақты қарсы алу
Сөздікпен жұмыс – дәптерге сөздердің аудармасын жазып алу
(мұғалім сөздерді оқып, тақтаға жазғызады, сынып хормен мұғалімнің артынан қайталайды, кейін әрбір бала қайталап шығады)
Заң - закон
Сый-құрмет – почет и уважение
Қисса - поэма
Ырым - примета
Дәстүр – традиция (обычай)
Баулу – приучать, воспитывать
Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан соң, балаларға мәтінді тізбектеп оқыту, сөздік көмегімен мәтінді аудару.
Қонақ күтудің жазылмаған заңы
Қонақ күтудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып қалыптасқан заң бар. Үй иесі қонақты сыйлап, сый-құрметін көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында отбасының бір мүшесі өз өнерін ортаға салады, өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан «қонақкәде» сұрайды.
Қонақкәде – қонақтың өлең, жыр, қисса, ертегі, терме, толғау айтып беріп немесе күй шертіп, өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсететін дәстүрі.
Үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегі, аңыз-әңгіме естіп өскен баланың да жастайынан сөз өнеріне бейім, өнерлі болып өсуіне әсер еткен. Бұл дәстүрдің жастарды сөз қадірін білуге, шешендікке, ән мен жырға баулып өсіруде өзіндік орны бар.
Сұрақтар:
Қонақ күтудің қандай жазылмаған заңдары бар?
Сен қонаққа барғанда, сенен үй иесі қонақкәде сұраса, қандай өнеріңді көрсетер едің?
Бұл дәстүрдің жастарға қандай әсері бар?
Сергіту сәті – физикалық жаттығулар
Мақал мәтелдердің мәнін түсіндіру.
• Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
• Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
• Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
• Қонағыңның алтынын алма, батасын ал.
IV. Дәптермен жұмыс
Қонақжайлылыққа байланысты ырым-тыйымдар:
• Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде сыйлы қонаққа тай, қой, түйе, өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады» деп ырымдайды.
• Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге ілесіп кетеді» деп ырымдалады.
V. Тақтамен жұмыс.
«Қонақжайлылық» сөзінен сөз құрастыру
Оқушылар тақтаға шығып сөздерге талдау жасайды.
VI. Жаңа сабақты бекіту
Тақырыпты, сөздерді қайталату.
Сұрақ-жауап
Қонақ күтудің қандай ережелері бар?
Қонақтарға байланысты қандай ырымдарды білесіңдер?
VІI. Үйге тапсырма
Жаңа сөздерді жаттау
VІІІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |