Сабақтың тақырыбы: «Организмдердің көбеюі және жеке дамуы тарауын қорытындылау»



Дата22.08.2017
өлшемі121,99 Kb.
#24353
түріСабақ
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы



Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

«Организмдердің көбеюі және жеке дамуы тарауын қорытындылау»

Өткізген: Қарағожина Кенжегүл


2016жыл
Биология 9сынып

Сабақ тақырыбы: «Организмдердің көбеюі және жеке дамуы тарауын қорытындылау»

Сабақтың мақсаты:


1)Білімділік. Оқушылардың организмдердің көбеюі тарауы бойынша ашық алған білімдерін жүйелеп,саралау.Митоз,мейоз, қосарынан ұрықтану процесстерінің мәнін толық түсіну.
2)Дамытушылығы.Организмдер көбеюінің маңызын біле отырып алған білімдерін одан әрі кеңейту.
3)Тәрбиелілік. Оқушыларды табиғатты аялауға, көркейтуге, әсемдікке, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: жеке, топтық, топтастыру, сауалнама,венн диаграммасы;

Сабақтың түрі: қорытындылау, қайталау сабағы;

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес, сайыс сабақ;

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Оқушыларды стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлемін.

Сабақтың жоспары:

1.”Сұрақтар жәшігі”Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар беру.

2.”Еркін талқылау”топтық жұмыс

3.Тест сұрақтары.10сұрақ

4.Сәйкестігін тап

5.Венн диаграммасы

6. «8 бұрыш ішінде»

7.Қорытынды

І. ”Сұрақтар жәшігі”

1.Тіршілік циклі дегеніміз не?

2.Митоздың фазаларын атаңыз?

3.Митоздың боліну кезеңі неше сағатқа созылады?

4.Көбею дегеніміз не?

5.Организмдердің көбею жолдары қандай?

6.Бір жасушалы және көп жасушалы организмдердің кобею түрі?

7.Сперматогенез дегеніміз не?

“Еркін талқылау” әдісі

1топ.Зерделеу.Митоздық бөлінудің

жасушаларда жүзеге асуы.

2топ.Анықтау.Мейоздың фазалары

3топ.Зерттеу.Гүлді өсімдіктердің көбею

ерекшеліктері

Тест


1.Ядро қабықшасы еріп кететін митоз фазасы?

а) профаза ә)метофаза б)анафаза

2.Жұмыртқа жасушаның түзілуі қалай аталады?

а) сперматогенез ә) овогенез б)гаметогенез

3.Ұрықтанған жұмыртқа жасуша қалай аталады?

а)гамета ә)зигота б)жасуша

4.Гүлді өсімдіктердегі қосарынан ұрықтануды ашқан ғалым?

а)Навашин ә)Мендель б)Дарвин

5.Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау?

а)ішкі орта ә)ұлпалық деңгей б)гоместаз

6.Организмнің ересек түріне ұқсамай дамуы?

а)тікелей даму ә)түрленіп даму б)өздігінен даму

7.Жүйке жүйесі,сезім мүшелері тері эпителиі түзілетін ұрық

қабаты?


а)эктодерма ә)энтодерма б)мезодерма

8.Бір өсімдік бүршігін 2-ші өсімдік денесіне ұластыру?

а)бүршіктену ә)жынысты көбею б)телу

9.К.Бэр қандай заңды ашты?

а)тұқымқуалаушылық ә)ұрықтардың ұқсастығы б)ажырыу заңы

10.Мейоздық көбеюдің ерекшелігі неде?

а)хромосома саны 2есе көбейеді ә) хромосома саны 2есе азаяды б)хромосома саны қалыпты

Жауаптары:


1.а 2.ә 3.ә
4.а 5.б 6.ә
7.а 8.б 9.ә

10.ә


Сергіту сәті.

Профаза

Метафаза

Анафаза

Телофаза





































  1. Көзге айқын көрінбейді

  2. Әрбір хромосоманың центромерасы болады

  3. Ядроның мөлшері ұлғаяды

  4. Хромосомалардың ширатылуы шегіне жетеді

  5. Полюстердің арасында бөліну ұршығының жіпшелері түзіледі

  6. Қысқарған хромосомалар экваторға жылжиды

  7. Хроматидалар хромосомаларға айналады

  8. Олар қайтадан хроматинге айналады

  9. Ядро қабықшасы түзіледі

  10. Цитоплазмада ретсіз орналасады

  11. Екі хроматидадан тұрады

  12. Диплоидті жиынтық қалыптасады







Метафаза

Профаза

Телофаза

3

10

5

4

11

6

2

12

7

1

9

8

 


  1. Венн диаграммасы .Митоз бен мейозды салыстыру


«8 бұрыш ішінде» әдісі арқылы ойлаудың

сегіз жолына жеке, жұптық жұмыс.

(Кілт сөздерге сай келетін деректер табуға беру)

Интерфаза.....................

Коньюгация..................

Кроссинговер.......................

Сперматозоид.................

Гаструла...........................

Мезодерма.....................

Тікелей даму........................

Бластула...........................

Қорытынды.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма.



Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет