«Бақыт гүлін терген күн!»
Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты мына көрініс арқылы ашылады: (Күй ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр.
Үй ішіндегі көрініс . (Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді. . (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).
Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)
Баласын соғысқа жібереді , анасының көз жасы.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!
2 жүрг:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-Жүргізуші:
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.
2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
1-оқушы:
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек-жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
2-оқушы:
Таң алдында сағат бесті соққанда,
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,
Шекараға келіп салды ойранды.
3-оқушы:
Осы хабар уақытында алынды,
«Соғысқа» деп дабыл қағылды.
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.
4-оқушы:
Қатық құйып ішкен күнім зереңге,
Елім , сені енді қайтып көрем бе?!
Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,
Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!
Отаныма берген бірақ антым бар,
Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»
Ұлы Отанды қорғаңыздар а янбай,
Арттарында сізге сенген халқың бар!
1-Жүргізуші:
Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
2-жүргізуші: Отан Ана е ліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.
Ән : Катюша. Хор.
Көрініс: салдаттар соғыста демалып отырады. Бір салдат орысша өлен айтады сол уақытта қыздар қазақша өлең айтады.
Монтаж: 1 — оқушыБекзат :
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.
2 — оқушы Берік: Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ей сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
3 — оқушы Құралай:
Жабаады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайға жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.
4 — оқушы Жансерік:
Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қанша ашып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.
5 — оқушы Аружан :
Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Әлия:
Біз сіздердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан-ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Мәншүк:
Отан-ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.
Әлия:
«Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кеш құрым,
Біз сендерде й арман гүлін таппадық.
Мәншүк:
Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,
Қатар жүріп, қырдан гүлдер терерміз.
Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,
Бізді қайта туды Отан ,ел егіз.
Екеуі қосылып:
Жетсек деген арманымыз көп еді,
Бізді туған күнімізбен құттықтап.
Айтылған жоқ махаббатың өлеңі.
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді,
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанымызды құрбан еттік осылай,
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
Ән :соғыстан қайтқан салдаттар.
1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп , олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Көрініс: «Отан үшін отқа түс».
(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).
Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)
Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!
Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.
Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!
Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.
Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.
Көрініс: соғыс бейнесі
І жүрг.: Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді . Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді . Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.
Жәнеде Ленинград шайқасы - Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік - батыс бөлігін қамтыды
IІ жүрг.: Соғыс кезінд е оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды. Және қазқ ақындары да қолдарына қалам алып соғыстағы салдаттарға деген өлең жырларымен демеу берді.
Бая у музыка ойнап тұрады. Көрініс көрсетіледі соғысқа бармаған халықтың соғыстағы салдаттарға шұлық тоқып және тылда жұмыс істеп жатқандары бейнеленеді.
Оқушы Дастан ; Ж. Жабаев. Ленинградтық өренім
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйле бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап - сап қол барар
Қорғап сен і ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Көрініс : Баяу ән орындалады. Анасының баласына жазған хатын оқуы.
Хор : Соғыстан қ айтқан салдаттар .
І жүрг.: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын б үгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жы л болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
І жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан ж оқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
1 - оқушы:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
2 - оқушы:
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
3 - оқушы:
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарғ а мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
Х ор : Салдаттар.
IІ жүрг.: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.
70 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
Біздің сабағымызды мұқият т ыңдағандарыңызға көп рахмет .
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және
елін, жерін қорғаған майдангерлерді Ұмытпаймыз ешқашан!!
Достарыңызбен бөлісу: |