Сабақтың тақырыбы: Орман тоғай өсімдіктері мен жануарлары Мектеп: С. Бердіқұлов Күні. 23. 02. 2017



Дата25.08.2017
өлшемі151,8 Kb.
#26436
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Орман – тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Мектеп: С.Бердіқұлов

Күні.23.02.2017

Мұғалімнің есімі: Жаманова Нұрбибі Нұрбекқызы

Сынып: 4 Б

Қатысқандар саны: 29

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Орман –тоғай өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру
Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Орман –тоғай өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру

Оқушылардың басым бөлігі:

Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарларының көптүрлілігін,олардың пайдасы мен қорғаудың маңызын ұғындыру.

Тақырып бойынша ой түйіндейді. Өтілген тақырыптар бойынша өз ойларын әңгімелеп мазмұндайды.

Кейбір оқушылар:

Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлардың түрлерін біледі.

Оқулықтағы мәтінді оқу арқылы ойларын еркін жеткізеді мазмұндайды,өзі көріп біліп жүрген өсімдіктерді біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар

Негізгі сөздер мен тіркестер: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Орман өсімдіктері дегеніміз не?

Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарларын қорғаудың жолдары.



Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарларының суретін салу.

Алдыңғы оқу

Шөл өсімдіктер мен жануарлары

Жұмбақ:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)


Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар ( төменде жолспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Басталуы


Мұғалімнің түсіндірмесі - Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.


Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.
Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.

Үстел үстінде қоңыраулы сағат немесе интербел-сенді тақтада виртуалды сағат

Сергіту сәті

Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.






Ортасы


Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс
Орман - тоғай өсімдіктері.

Орман - тоғай жануарлары


Қайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;
Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.

Суреттер бойынша түсіндіру.


Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.





Аяқталуы

Кері байланыс:




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті

жоғары оқушыларға

тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті

қорғау ережелері

АКT-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім және

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет