Қоспаларды бөлу әдістері.
№2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»
БЖБ №1
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.4.1.5 -қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу
7.4.1.6 -қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
Сабақтың мақсаты:
Таза заттармен жұмыс жасау қажеттігін анықтайды.
Қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін сипаттайды
Элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алады.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды элемент, қоспа және қосылыс бойынша үш топқа бөлу (парақшалар арқылы)
Психологиялық ахуал қалыптастыру ,оқушылардың қызығушылығын ояту үшін « Сұрақтары бар қорап» әдісін пайдаланып сергіту сәтін ұйымдастырамын: Қандай жаратылыстану пәндеріне байланысты сөздер білесіңдер? Зат пен денеге мысалдар келтіріңдер? Мұзтау,темір шеге зат па,дене ме? т.б
Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Стикер
Жаңа білім
Оқушылар өз көзқарастарымен бөлісіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
Берілген заттардың ішінен таза заттарды атаңыз:ауа, сутегі ,мыс,сүт,алтын,металл балқымалары, хлор, ерітінділер, азот, тұман, түтін. Таза заттарды алу жолдарын көрсетіңіз.
Дескриптор
-таза заттарды ажыратады
-таза заттарды алу жолдарын атайды.
-таза заттармен жұмыс жасау қажеттігі неде?
Үй тапсырмасын оқушылар топ арқылы бір-бірін бас бармақ әдісі бойынша бағалайды
Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.