Сабақтың тақырыбы: Отбасы және қайырымдылық



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі394,66 Kb.
#35025
түріСабақ
  1   2   3
Қазақ тілі 8-сынып   күні:

Сабақтың тақырыбы: Отбасы және қайырымдылық.  
Мақсаттар: І. Білімділік: 1). Әрбір оқушының өздігінен білім алуға үйрету және оқыту. 
2). Оқушылардың «Құрмалас сөйлем» бойынша алған білімдерін еске түсіріп , тиянақтау. 
ІІ. Дамытушылық: 1). Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру, өз ойын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету.2). Оқушының тілді қарым- қатынаста қолдану арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын жүйелі жеткізуге дағдыландыру. 
3). Қайырымдылық, қайырымсыздық қасиеттерді салыстырып, оқушылардың пікірлерін ортаға салу.
ІІ. Тәрбиелік: 1) Халықтық салт-сана мен халықтық тәлім–тәрбие беру. Өз халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікірлесу, білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: әңгіме әдісі, талдау әдісі. 
Қолданылатын технологиялары: дамыта оқыту технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы, өздігінен даму технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Көрнекіліктер: Интерактивтік тақта. Грамматикалық кестелер.
Сабақтың өту барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу. 
2. Түгендеу. 
3 Сабақтың психологиялық ахуалын қалыптастыру 

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Бүгін сыныпта кім кезекші?

Бүгін сыныпта кім жоқ? Жақсы, алдымен сендердің көңіл – күйлерінді көрейік. Кімде қандай көңіл – күй болса, мына парақшаларға смайликтардың суреттерін салыңдар. Көңіл күйлерің тамаша екен.

Қане, сабаққа дайындалайық:

Мен қазақша жақсы білемін

Мен қазақша жақсы түсінемін

Мен қазақша жақсы сөйлеймін

Мен қазақша сауатты жазамын.

-Ал енді үй жұмысын тексерейік.

Әр топқа сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.

1-топ: 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?

2-топ: 1. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата

2. Түсіндермелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

3-топ: 1. Қарсылықты салалас құрмалас дегеніміз не?

2. Себеп-салдар құрмалас сөйлемнің шылауларын ата.

Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады. 
Сабақтың эпиграфы ретінде

1.Жақсыға қылған жақсылық 
Өміріңде тозбайды.
Жаманға қылған жақсылық
Бір күнгідей болмайды. деген мақал алынды. 
«Миға шабуыл» стратегиясы 

Бұл мақал не туралы?
- қазақ халқы, қайырымдылық, отбасы, үлгі, түрлері

Осы сөздерді оқып, сабақтың тақырыбы не туралы болады?


Мұғалімнің кіріспе әңгімесі 
Сөздікпен жұмыс:1. Жаңа сөздермен танысу 

Қайырымдылық – доброта, милосердие

Қайырымсыз – бездушный, безжалостный

Жек көрген – не любили, ненавидели

Әшкерелеген – разоблачали

Жер аударып келген – переселенные

Ашаршылық – голод

Мұқтаж - нуждающийся
2. Сөз тіркесін, сөйлем құрастыру 
3. Жаңа сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау 
Мәтінмен жұмыс: 
1. Мәтінмен танысу, кластер жасау
2. Сұрақ-жауап 
3. Мәтіннің мазмұнын айту. 

1-топ қорғайды

2-топ бағалайды

3-топ сұрақтар құрастырады
Оқулықта 46-бетте «Отбасы және қайырымдылық» деген мәтінді топқа бөліп, оқып шығу.

Қазақ халқының мінезіндегі ең жақсы қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Қайырымдылық – қазақ халқының аса қымбатты дәстүрі. 
Қайырымсыз адамдарды жек көрген. Оларды өз ертегілерінде , аңыздарда, өлеңдерінде күлкі етті. Мысалы, Алдаркөсе қайырымсыз, сараң байларды күлкі етеді. 
1930 жылдары Ресейден, Украинадан, Кавказдан Қазақстанға мыңдаған адамдар, отбасылар жер аударған. Қазақ халқы оларға үлкен қайырымдылық жасады. Елде ашаршылық болды, бірақ қазақтар өз үйлеріне қабылдайды. Бір ұзім нанды бөліп жеді. Солай өлімнен құтқарды. Орыс, неміс, украин, шешен, қарашай, корей, түрік, т.б. халықтардың ондаған мың өкілдері аман қалды. Бүгінде олар Қазақстан халқын құрап жатыр. Олардың қазақ халқына алғыстары шексіз. 
Отбасындағы қайырымдылығы – балаларға үлгі. Олар да қайырымдылық жасауға үйренеді. Сонда ғана олар сыйластықта өмір сүреді, өздерін сүйіп, өзгені құрметтейді. 
Қайырымдылықтың түрлері көп. Тұрмысы мұқтаждарға материалдық көмек көрсету, мектептер салу, мешіттер салу, ақындарға, әншілерге қолдау жасау, жетім балалар үйіне қайырымдылық акцияларға қатысу сияқты әрекеттер қайырымдылық болып табылады.

 
Сұрақтар:
1. Қазақ халқының мінезіндегі ең жақсы қасиетінің бірі не?
2. Қайырымдылық ол не?
3. Қандай кейіпкер сараң байларды күлкі етті?
4. 1930 жылдары қай елден мыңдаған адамдар жер аударды?
5. Бүгінде Қазақстанды қандай халықтар құрап отыр?
6. Отбасындағы қайырымдылық жасағанда, балалар өзіне не алады?
7. Өзара қалай өмір сүреді?
8. Қайрымдылықтың түрлері қандай? (мектеп салу, мешіт салу, жетім балалар үйіне қайырымдылық акцияға қатысу т.б.)

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау. 
ІІІ деңгей. Сөз құрамына қарай талдау .
Қонақжайлық, қайырымдылық, құрметтейді, мінезіндегі, алғыстары, сыйластықта 
ІІ деңгей. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құр. 
Қасиет,  отбасы, қайырымдылық, сыйластық, үлгі
ІІ деңгей. Берілген қайырымдылық түрі туралы әңгімеле. 
Тұрмысы  мұқтаждарға материалдық көмек көрсету

Ақындарға, әншілерге қолдау жасау

Жетім балалар үйіне қайырымдылық акцияларына қатысу
І деңгей. Мәтін бойынша сөйлесу құрастыру. 
І деңгей. Қайырымдылық туралы шағын әңгіме құрастыру. 

Жаттығу жұмысы: Құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, талдау жасаңдар. 
1930 жылдары Қазақстанға мыңдаған адамдар, отбасылар жер аударылып келгенде, қазақ халқы оларға үлкен қайырымдылық жасады.

Бір ұзім нанды бөліп жейді, солай өлімнен құтқарады. 

Қорытынды жасау. 
Балалар, бүгін біз ең қажетті қазақ халқының дәстүрі туралы және адамгершілікпен байланысты мәселелелерді қозғадық. Бүгінгі сабақ сендерге үлгі болсын. Болашақта тек қана қайырымдылық жасаңдар, адамгершілік қасиеттерден айырылмаңдар.

Рефлексия

Өзіңді бағала. Оцени свою работу.

Сабақты қалай түсіндің? Орташа (средне)

Түсіндім (понял)



түсінбедім ( не понял)
Үйге тапсырма: Еліміздегі халықтар достығы туралы баяндама жасаңдар


Біздің сыныпта ұл-қыздар
Тату-тәтті тұрамыз
әлемдегі бар адамға
тек жақсылық ойлаймыз.


Каталог: uploads -> doc -> 0fa3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fa3 -> Сабақтың тақырыбы Атомдардың электртерістілігі. Валенттілік. Атомдардың тотығу дәрежесі. Мақсаты
0fa3 -> 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне 24 жыл (тәрбие сағаты) 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет