Сабақтың тақырыбы: Отбасы сыйластығы
Эпиграф: Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н. Назарбаев)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ отбасы туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Дамытушылық: топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: отбасын құрметтеуге, ата - анаға көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау.
Көрнекі құралдар: кеспелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін жақсартуға арналған сергіту.
Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
І. «Идея себеті» ойыны. « Отбасы мүшелері» деген сөзі бар плакат тақтаға ілінеді. Бұл ойын барысында жұмыс жұппен жүргізіледі. Бұл ауқымы кең, маңызы зор тақырыпты біз 9 сыныпта да өткен болатынбыз. Биылғы жылы да осы тақырып жалғасын тауып отыр. Қазір әр жұп отбасы мүшелері жайында атауларды жазып, түсінік береді. Ең алдымен қағазға жазылып, кейіннен плакатқа бекітіледі. (3 - 5 минут)
Отбасы мүшелері
Анықтама берілетін сөздер: әке - шеше, немере, шөбере, жеңге, ағайын, нағашы, жиен.
Әке - шеше, ата - ана - дүниеге ұрпақ әкелген ерлі - зайыпты адамдар.
Немере - ұлдың баласы.
Шөбере – немеренің баласы.
Жеңге – ағаның әйелі.
Ағайын – бірге туған туыстар.
Нағашы – баланың анасының төркіні.
Жиен – қыздың немесе әпке, қарындастан туған бала.
ІІ.«Қатені тап» ойыны.
Қате мәліметпен мәтін ұсынылады. Ол мәтіннен жіберілген қателерді табу керек. Талаптары: ең қарапайым қате және сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін қорытындылап табатын қате. (8 - 10 минут)
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды.
Әже – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.
Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтамайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан орыс балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған. .
Қорытынды:
Плакаттағы отбасы мүшелерін толықтырып, енді қазақ отбасындағы тәрбиеге тоқталсақ.
Сонымен әкенің рөлі қандай? Ананың ше? Солай плакаттағы айтылған ойларды толықтыру.
Осы плакатты модульді аяқтағанға дейін толықтырып отырамыз.
Тест жұмысы
1. Қазақ отбасының тірегі кім?
а) ана ә) әке б) жиен
2. Әке – отбасының несі?
а) басшысы, асыраушысы, қамқоршысы ә) тәрбиешісі, таратушысы
б) бұзушысы, қамқоршысы, ақымағы
3. Бала әкені ренжітпеу үшін қандай болуға тырысады?
а) бұзақы, ақымақ, ақылсыз ә) тәртіпті, білімді, еңбекқор
б) ұқыпты, тәрбиесіз, әдепсіз
4. Ана – отбасының кімі?
а) тыныштығын бұзушысы ә) беріктігін сақтаушысы б) негізгі тірегі
5. Отбасының ең үлкен байлығы....?
а) бала ә) ақша б) байлық
6. «.... қарап ұл өсер,.... қарап қыз өсер» деген мақалды толықтырыңыз.
а) әжеге, атаға ә) ағаға, әпкеге б) әкеге, шешеге
7. Қазақ отбасының тәрбиесінің ең бірінші ережесі қандай?
а) үлкенді сыйламау, оларға қамқорлық көрсету
ә) әкесін сыйлау, анасын құрметтеу б) ата - анаға мейрімділік көрсетпеу
8. Ата - ананы сыйлау, құрметтеу балаға берілетін қандай баға?
а) бірінші ә) ақырғы б) соңғы
9. Қазақ отбасы балаларды неге баулыған?
а) әдептілікке, мейрімділікке ә) бұзақылыққа, ақымақтыққа
б) әдептілікке, тәрбиесіздікке
10. Ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайтын кім?
а) ана ә) бала б) немере
Бейтаныс адамдармен қарым қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар
Балаңыз бөтен адамның көлігіне отыруға болмайтынын біле ме? Білсе, тағы бір ескерту: жанына бейтаныс көлік тоқтап, рөлдегі адам балаға сөйлесе, назарын аударғысы келсе, машина жүріп бара жатқан бағыттан кері қарай қашу керек. Бұл уақыт жағынан ұтып, баланың қашып кетуіне немесе көмекке шақыруына мүмкіндік береді.
Баланың қай жерде екенін көрсететін қосымша орнату
Дабыл тетігі бар сағат тағу
«Мен оны танымаймын!» деп айқайлау
Бейтаныс адаммен бірге лифтке кірмеу
Есікті бөтен адамдарға ашпау
Әлеуметтік желіде танысқан адаммен кездеспеу
Достарыңызбен бөлісу: |