Сабақ жоспары
Астана қаласы №67 гимназияның
биология пәні мұғалімі
Толисбаева Макбал Мирзабековна
|
|
Күні: 02.12.2016 Сыныбы: 7
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.
|
Сілтеме
|
Қайым Қ, Сәтімбеков Р,Соловьева оқулық, Биология 7 «Атамұра» 2016
|
Жалпы мақсаты
|
Өзен шаянының тіршілік ортасы мен тіршілік ету дағдысын білу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар өзен шаянының тіршілігі мен тіршілік ету дағдысы туралы біледі, шаянтәріздестердің табиғаттағы маңызын түсінеді.
|
Көрнекі құралдар
|
Компьютер, интерактивті тақта, таратпа қағаздар, постер,ноутбук
|
Қамтылған модульдер
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
Оқытудағы басқару мен көшбасшылық
Диалогтік оқыту
Сыни тұрғыдан ойлау
АКТ пайдалану.
|
Сабақтың әдісі
|
СТО, диалогті оқыту, жеке, топтық жұмыс
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді меңгерту
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
2 мин
|
Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.
Аңыз әңгіме айтылады:
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Олай болса, балалар, аңызда айтылғандай адамның өзін табысты, алғыр сезінуі бәрі біздің қолымызда екен.Әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз.
|
Оқушылар амандасады, сабаққа дайындалады.
Оқушылар аңыз әңгімені тыңдайды.
|
Үй тапсырмасын сұрау.
|
5 мин
|
Графикалық диктант орындайды.
Бағалау критерийлерін бірден айтып өтемін.
Оқушыларға тапсырмалар таратпа материалдар түрінде беріледі.
1. Бауыраяқтыларға айқұлақ, теңіз меруерті мен кемеқұрт жатады. (дұрыс емес)
2. Жалаңаш шырыштыда бақалшақ қалдығы сақталған. (дұрыс)
3.Басаяқтылар желбезек арқылы тыныс алады. (дұрыс)
4. Кальмар, каракатица жыртқыш жәндіктер. (дұрыс)
5. Айқұлақ өкпемен тыныс алады. (дұрыс емес)
6. Қосжақтаулылардың бақалшағы жойылған. (дұрыс емес)
7. Бауыраяқтылар қоректерін үккі тілмен қармайды. (дұрыс)
Дұрыс жауабын дәптерлерін топ ішінде бір бірімен ауысу арқылы интербелсенді тақтадан тексереді.
Әр дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.
1 2 3 4 5 6 7
|
Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды. Жауабын интерактивті тақтадан көрсетеді.
|
Қызығушылықты ояту сатысы
|
3 мин
|
Оқушылар 1931-1934 жылдары Қара теңізден Каспий теңізіне дейін балыққа ілесіп келген қай жәндік екенін білесіңдер ме?
Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, олар шаяндар.Олай болса, шаяндар туралы бейнебаянға назар аударайық.
Бейнебаяны көрсетіледі.
|
Оқушылар сұраққа жауап береді.
|
Мағынаны ажырату
|
20 мин
|
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Өзен шаянының тіршілігі мен тіршілік ету дағдысы»
Сабағымыздың мақсаты: өзен шаянының тіршілік ортасы мен тіршілік ету дағдысын білу.
Бөлінген төрт топтар бойынша мәтіндер таратылып беріледі.
І топ. Өзен шаянының тіршілігі мен сыртқы құрылысы.
ІІ топ. Өзен шаянының ішкі құрылысы (асқорытуы, қанайналымы, тыныс алуы, зәршығаруы)
ІІІ топ. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері.
ІҮ топ. Шаянтәріздестердің маңызы
Оқушылар жеке содан соң, «Ортадағы қаламсап» әдісімен топта талқылайды.
|
Оқушыларға мәтіндер таратылады.
Бірінші жеке оқиды, содан соң «Ортадағы қаламсап» стратегиясы арқылы топпен талқылайды.
І топ. Постер жасайды.
ІІ топ. Интербелсенді тақтада ішкі мүшелерін көрсетеді.
ІІІ топ.Слайд презентация жасап,қорғайды.
ІҮ топ. Мозаика әдісімен суреттерді құрастырып, шаяндардың аттарын атап, маңызын айтады.
Әр топ мүшелеріне 5 ұпайдан беріледі.
|
Ой қорыту
|
10 мин
|
Сәйкестендіру тестін орындайды.
1. Шаян қорегін
|
А.күрделі көзді жәндік
|
2.Сезім мүшелері
|
Б.бесбұрыш пішінді кішкене қалта
|
3.Өзен шаяны
|
В. жақаяқтарымен қармайды.
|
4.Екі жасыл без
|
Г. баскөкіректің алдыңғы бөлігінде орналасқан.
|
5.Жүрек
|
Д. қалдық заттарды бөліп шығарады.
|
Дұрыс жауабы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
1.В
2. Г
3.А
4.Д
5.Б
Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
|
|
Бағалау
|
2 мин
|
Оқушыларды критерий бойынша бағалаймын.
|
Оқушыларды суммативті бағалау
|
Кері байланыс
|
2 мин
|
«Тазалық» ойыны арқылы кері байланыс алынады. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
|
Оқушылар кері байланыстарын береді.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
§25 оқу мазмұндау, А,В,С жауап беру. Өзен шаянының аяқтарын жіктеп, кестеге жазу.
|
Оқушылар күнделігіне жазып алады
|