5 – сынып, математика
Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Проценті бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, проценті бойынша санды табу бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу формуласын пайдаланып есеп құрастырып үйрену, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, арттыру.
3.тәрбиелік: Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне
сенуге, жолдасын бағалай білуге тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау , жүйелеу
Сабақтың әдіс- тәсілі: Саралап деңгейлеп оқыту
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, тізімдеу, оқу –құралдарын дайындау (2 минут)
2.Үй тапсырма тексеру кезеңі: Әрбір оқушыдан тексеру. Шығарылмаған есептерге түсінік беру . ( 5минут)
3.Өткен сабақты қайталау кезеңі : (7 минут)
Өткен тақырыпты еске түсіру:
1. Тақырыбы: Проценті бойынша санды табу
2. а)Проценті бойынша санды табу формуласы:
ә) санның процентін табу
б) бөлгіш бөлінгіштің неше проценті екенін табу
а) Процентпен жаз: 0,1; 25; 5,2
ә) Бөлшектермен жаз: 12,5%; 1%; 325%;
б) Проценті бойынша санды тап: 3%-і 24; 10%-і 9,25; 60%-і 78
в) Бөлінгіш бөлгіштің неше проценті? 1:2; 1:5; 3:2
г) Сыныптың қыз және ұлдарының пайызын есептеңдер.
ғ) математикадан ІІІтоқсандық қорытындымыздың сапа және үлгерімінің пайызын есепте.
д) сынып сапа үлгерімін есептеу: 5- 4- 3-
е) топтардың оқу сапасының процентін табу ( өз тобының)
Не түсінгені жайлы тұжырым жасау:
Кім өз есебін қалай шығарғаны жөнінде басқамен ой бөлісу: (3 минут)
4.Сабақты бекіту,жаттығыулар орындау:
Деңгейлік тапсырмалар орындату. ( 15 минут)
І- деңгей
15%-і 9-ға тең санды тап
5кг 100 кг-ның қанша проценті болады?
Заттың бағасы 760 теңге. Егер заттың бағасын 20% қымбаттатса, оның бағасы неше теңге болады?
ІІ- деңгей
Жылдамдығы 80 км/сағ поезд 1 сағатта екі қала арасындағы қашықтықтың 30%-ін жүрді. Екі қаланың арасындағы қашықтық неше км?
Мұнай қоймасындағы мұнайдың бірінші күні 30%-і, екінші күні қалған мұнайдың 80%-і сатуға жіберілді. Қоймада мұнайдың неше проценті қалды?
ІІІ-деңгей
Сатушы сатып алған көкіністі 14758 теңгеге сатып, 6% зиян шекті. Ол көкіністі неше теңгеге сатып алған?
Құйманың 80%-і алюминий, қалғаны мыс. Құймадағы
алюминий мыстан 300г артық. Құйманың массасы
қанша?
5. Алғырлар сайысы: ( 8 минут)
Оқушыларды екі топқа бөліп, үш кезеңнен тұратын сайыс өткізу.
1. Логикалық есеп: бір қалада 5 көше, әр көшеде 5 үй , әр үйде 5,5 пәтер болса
барлығы неше пәтер бар?
2. Топтардың дайындаған есебін алмастырып шығару (3 тақырыптық есеп, 1 логикалық есеп)
3. Сөзжұмбақ тапқызу.Әр есеп ке бір ұпайдан беріледі.
Қайсы топ ұпайды көп алса, сол топ «алғыр топ» атанады
Процент туралы не білеміз?
6.Сабақты қорытындылап, Үй тапсырмасын беру: №1384,1385 ( 5 минут)
|
|
|
|
|
|
1
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
|
|
|
2
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
|
|
|
|
|
4
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
|
|
|
|
5
|
*
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
*
|
*
|
*
|
|
|
|
|
|
7
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
|
ҒАЛЫМ, МАТЕМАТИК
ҮЗДІК ОҚУШЫ ( сыныпта)
ҮЗДІК ОҚУШЫ ( сыныпта)
САБАҚ ҚҰРАЛЫ
БАҒА
ҮЗДІК ОҚУШЫ ( сыныпта)
ПӘН АТЫ
Достарыңызбен бөлісу: |