Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табу Сабақтың мақсаты



Дата13.08.2017
өлшемі150,95 Kb.
#23403
түріСабақ
5 – сынып, математика

Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табу



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Проценті бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, проценті бойынша санды табу бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу формуласын пайдаланып есеп құрастырып үйрену, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, арттыру.

3.тәрбиелік: Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне

сенуге, жолдасын бағалай білуге тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау , жүйелеу

Сабақтың әдіс- тәсілі: Саралап деңгейлеп оқыту

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, тізімдеу, оқу –құралдарын дайындау (2 минут)

2.Үй тапсырма тексеру кезеңі: Әрбір оқушыдан тексеру. Шығарылмаған есептерге түсінік беру . ( 5минут)

3.Өткен сабақты қайталау кезеңі : (7 минут)

Өткен тақырыпты еске түсіру:



1. Тақырыбы: Проценті бойынша санды табу

2. а)Проценті бойынша санды табу формуласы:

ә) санның процентін табу

б) бөлгіш бөлінгіштің неше проценті екенін табу
а) Процентпен жаз: 0,1; 25; 5,2

ә) Бөлшектермен жаз: 12,5%; 1%; 325%;

б) Проценті бойынша санды тап: 3%-і 24; 10%-і 9,25; 60%-і 78

в) Бөлінгіш бөлгіштің неше проценті? 1:2; 1:5; 3:2

г) Сыныптың қыз және ұлдарының пайызын есептеңдер.

ғ) математикадан ІІІтоқсандық қорытындымыздың сапа және үлгерімінің пайызын есепте.

д) сынып сапа үлгерімін есептеу: 5- 4- 3-

е) топтардың оқу сапасының процентін табу ( өз тобының)

Не түсінгені жайлы тұжырым жасау:

Кім өз есебін қалай шығарғаны жөнінде басқамен ой бөлісу: (3 минут)



4.Сабақты бекіту,жаттығыулар орындау:

Деңгейлік тапсырмалар орындату. ( 15 минут)




І- деңгей

  1. 15%-і 9-ға тең санды тап

  2. 5кг 100 кг-ның қанша проценті болады?

  3. Заттың бағасы 760 теңге. Егер заттың бағасын 20% қымбаттатса, оның бағасы неше теңге болады?

ІІ- деңгей

  1. Жылдамдығы 80 км/сағ поезд 1 сағатта екі қала арасындағы қашықтықтың 30%-ін жүрді. Екі қаланың арасындағы қашықтық неше км?

  2. Мұнай қоймасындағы мұнайдың бірінші күні 30%-і, екінші күні қалған мұнайдың 80%-і сатуға жіберілді. Қоймада мұнайдың неше проценті қалды?


ІІІ-деңгей

  1. Сатушы сатып алған көкіністі 14758 теңгеге сатып, 6% зиян шекті. Ол көкіністі неше теңгеге сатып алған?

  2. Құйманың 80%-і алюминий, қалғаны мыс. Құймадағы

алюминий мыстан 300г артық. Құйманың массасы

қанша?

5. Алғырлар сайысы: ( 8 минут)

Оқушыларды екі топқа бөліп, үш кезеңнен тұратын сайыс өткізу.

1. Логикалық есеп: бір қалада 5 көше, әр көшеде 5 үй , әр үйде 5,5 пәтер болса

барлығы неше пәтер бар?

2. Топтардың дайындаған есебін алмастырып шығару (3 тақырыптық есеп, 1 логикалық есеп)

3. Сөзжұмбақ тапқызу.Әр есеп ке бір ұпайдан беріледі.

Қайсы топ ұпайды көп алса, сол топ «алғыр топ» атанады

Процент туралы не білеміз?



6.Сабақты қорытындылап, Үй тапсырмасын беру: №1384,1385 ( 5 минут)




















1

*

*

*

*

*

*













2

*

*

*

*

*




























3

*

*

*

*

*

*



















4

*

*

*

*

*

*
















5

*

*




























6

*

*

*
















7

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*










      1. ҒАЛЫМ, МАТЕМАТИК

      2. ҮЗДІК ОҚУШЫ ( сыныпта)

      3. ҮЗДІК ОҚУШЫ ( сыныпта)

      4. САБАҚ ҚҰРАЛЫ

      5. БАҒА

      6. ҮЗДІК ОҚУШЫ ( сыныпта)

      7. ПӘН АТЫ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет