Күні:26.10.2016ж. Сабақтың тақырыбы:Сандарды қосу кестесі. Есептер шығару. Сабақтың мақсаты: А)20-ға дейінгі сандарды кестелік қосу және азайтудың кестелік жағдайларының бастапқы деңгейін анықтау, есептеу білігі мен білімдерін жетілдіру. Жауабы 17 және 18 болатын қосудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын оқып-үйрену.
Б)логикалық ойындар арқылы ой-өрісін дамыту.
В)өрнекті тез және дұрыс құру арқылы шапшандыққа тәрбиелеу Көрнекілігі:кестелер,цифрлар,суреттер,асықтар
Түрі:аралас
Әдісі:сұрақ - жауап,түсіндіру,ой қозғау
Күтілетін болжам:Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 20- дейінгі сандарды кестелік қосу және азайтудың кестелік жағдайларының бастапқы деңгейін анықтау, есептеу білігі мен білімдерін жетілдіру. Сабақ барысы:
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға алыстан қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық.
-Сабағымызды бастамас бұрын көңіл күйімізді орнатайық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылуға толтырады. Күн жарығын алақанға саламыз,
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
. III.. Үй жұмысын тексеру
1...Үйге қандай тапсырма берілді?
42-беттегі Мысал 6
8+6=14 12-9=3 9+9=18 16-8=8
17-9=8 15--6=9 7+9=16 13-8=5
17-8=9 14-7=7 5+7=12 16-9=7
1.Өткен сабақты қорытындылау
Ойын "Парашют қайда қонады?"
6+6 =12 9+6=15 5+6=11 6+8=14 4+9=13 8+8=16 9+8=17 9+9=18 V. Жаңа сабақ.
Сандарды қосу кестесі. Есептер шығару. Бүгінгі жаңа сабағымыз осы уақытқа дейін өткен сандардың құрамына байланысты қосу кестесін құру және есептер шығару.
Ендеше дәтерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазайық
- Геометриялық фигураларда қандай сандар жазылған?
-Бұл сандар қандай сандар деп ойлайсыңдар?
-Қасиетті сандар.1.ҚР-ң Тәуелсіздік туралы заңы қашан қабылданды? (1991ж 16 желтоқсан) Төл теңгеміз қай жылы айналымға енді? (1993ж 15 қараша)
Президент күні тұңғыш рет қашан аталып өтті? ( 2012ж 1 желтоқсан)
Ата заңымыз қашан қабылданды? (30 тамыз)
жылдарының ондығын,бірлігін атаңдар
Бүгінгі сабағымызда осыған дейін қандай сандардың құрамымен таныстық соған байланысты сандардан кесте құру немесе есептер шығару. Мына 6,7,5,8,9 сандарды пайдаланып, теңдіктер құрастырамыз.
9+5=14 9+6=15 9+7=16 9+8=17
8+6=14 8+7=15 8+8=16
7+7=14 Ханталапай ойыны Ханталапай – қазақтың ұлттық ойыны. Бізде бүгін осы ойынды ойнай отырып, кестені толтырып, қатар және баған бойынша қосылғыштар мен қосындылардың мәнін салыстыр. Ойынның шарты мынадай мұқият тыңдаңдар: Дорба ішінде нөмірлер жазылған 20 асық бар. 1 - оқушысы келіп 1 асықты алады. Қай номірлі асық түссе сол нөмірлі есепті алып орнына отырып шығарады. Онан кейін 2 - оқушысы келеді. Сосын 3 - оқушысы. Бір асықтағы есепті шығарып болғаннан кейін сол өзге оқушы келіп келесі асықты алып, тапсырмасын орындай береді. Бұл ойын асық таусылғанша жалғаса береді. Ойынды қай оқушы көп асық жинағанына байланысты қорытындылаймыз 9+2=11 8+3=11 7+4=11 6+5=11 11
9+3=12 8+4=12 7+5=12 6+6=12 12
9+4=13 8+5=13 7+6=13 13
9+5=14 8+6=14 7+7=14 14
9+6=15 8+7=15 15
9+7=16 8+8=16 16
9+8=17 17
9+9=18 18 Есептейік,талдайық,
Ешбіріміз қалмайық
Артық,кемін анықтап,
Жауабын тез табайық 3.Есепті санды деректермен толықтыр және шығар.
Айнұр бірінші күні 5 сурет,екінші күні бірінші күннен 6 суретартық салды.
Айнұр екінші күні неше сурет салды?
Бірінші күні -5 сурет
Екінші күні ? 6 сурет артық салды.
Шешуі:5+6=11
Жауабы:Айнұр екінші күні 11 сурет салды VII. Сергіту сәті
Есептің қысқыша жазылуы мен сызбасын қара.Есепті шығар:
Дүкенге бірінші күні 6 бума,екінші күні 9 бума,ал үшінші күні бірінші және екінші күндері қанша болса,сонша бума қағаз әкелінді.
Дүкенге үшінші күн неше бума қағаз әкелінді?
1-күні-6 б
]3-күні-?б
2-күні-9 б
Шешуі:6+9=15
Жауабы:Үшінші күні 15 бума қағаз әкелінді.
Сиқырлы шаршы 2 7 6 7 0 5
9 5 1 2 4 6
4 3 8 3 8 1 VIII.Бекіту. Көңілді санамақ.
Баласына ж2кіріп (жекіріп)
Ұрысып жатыр к2лік (кекілік)
Алып қапсың 2 лік (екілік)
2ншілей 2ңді (екіншілей екіңді)
Көрсетпе деп ж2кіріп (жекіріп) Ал енді мана сабақтың басында қасиеті сандар деп бекер атқан жоқпыз сол қасиетті сандар туралы кім не біледі? ІX. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақ қызық болды ма ?
Сабақ несімен саған ұнады?
Бағалау
X.Үйге тапсырма
Күнделіктеріңді ашып үй тапсырмасын жазып алыңдар
43-бет. Мысал 5
«Жорға» Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек 1 - топ: Дарын тобы 1. Аюда 9 килограмм бал болды. Бірнеше килограмм бал жегеннен кейін аюда 4 килограмм бал қалды. Аю неше килограмм бал жеді? (5 кг) 2. Арайдың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді. Неше ашылмаған сыйлық қалды? (4 сыйлық) 3. Жанар 2 кг, ал Майра 3 кг артық құлпынай жинады. Майра неше кг құлпынай жинады? (5 кг құлпынай) 2 - топ: Жалын тобы 1. Бауыржан 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады. Бауыржанда неше сурет қалды? (3 сурет) 2. Дүкенге 7 кг жеміс әкелінді. Оның 3 кг алма, қалғаны алмұрт. Дүкенге неше килограмм алмұрт әкелінді? (4 кг алмұрт) 3. Тігінші 5 қызыл көйлек және одан 3-ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша көк көйлек тікті? (8 көк көйлек)
3 - топ: Сұңқар тобы 1. Айман 8 есеп шығарды, Баян 3 есеп кем шығарды. Баян неше есеп шығарды? (5 есеп ) 2. Дәрігер бірінші күні 7 бала, ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала қабылдады? (10 бала) 3. Пошташыда 8 журнал болды. Бірнеше журнал таратқаннан кейін тағы 3 журналы қалды. Пошташы қанша журнал таратты? (5 журнал)