Сабақтың тақырыбы: Сандық аргументтің тригонометриялық функциялары, таңбалары. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер



бет1/13
Дата25.08.2017
өлшемі1,19 Mb.
#27114
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Оқу орны: Астана қ. «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК
Математика пәнінің оқытушысы: Мырзагалиева Гульмира Галиаскаровна
Сабақтың тақырыбы: Сандық аргументтің тригонометриялық функциялары, таңбалары. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сандық аргументтің тригонометриялық функциялардың түсініктерін қалыптастыру. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді меңгере отырып, бір тригонометриялық функцияның мәні бойынша қалғандарының мәнін табуға, өрнектерді ықшамдауға есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру, алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерге есептер шығару арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игеру сабағы

Пән аралық байланыс: тарих

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, тәжірибелік, ішінара-іздену

Көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру,

жинақтау, зейінін сабаққа аудару.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

2016 жылдың қараша айында орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушысы, ақыны, философы, суретшісі, тарихшысы, ағартушысы – Михаил Васильевич Ломоносовтың 305 жылдық мерейі. Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.  Біз бүгінгі сабағымызды Ломоносовтың шығармашылық жолымен байланыстыра отырып жүргіземіз.

  1. Бақылау жұмысын сараптау, қатемен жұмыс сабақтан кейін:

Барлығы: 31 студент жазды, оның ішінде «5» - 4, «4» - 19, «3» - 9, «2» - ге жазғандар жоқ.

Тригонометрия туралы қысқаша мағлұматты дайындаған білім алушы:

-Тригонометрия сөзі алғаш рет (1505 ж.) неміс геологы және математигі Питикустың кітабының мазмұнында кездеседі. Бұл сөз грек тілінен алынған: тригонов-үшбұрыш, метрио- өлшеуіш. Басқаша сөзбен айтқанда, тригонометрия – үшбұрыштарды өлшеу жөніндегі ғылым. Синус ұғымының тарихы әріден басталады. Фактіге , үшбұрыш пен шеңбер кесінділерінің арасындағы әр түрлі қатыстар біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда өмір сүрген Грецияның ұлы матиматиктері – Евклидтің, Архимедтің еңбектерінде кездеседі. Бұл қатыстарды римдік кезеңде, арнайы атауға ие болмағанмен, Менелай барынша жүйелі зерттеген еді. Келесі кезеңдерде матиматиканың қарыштап дамуына ұзақ жылдар бойы үнді және араб оқымыстылары зор үлес қосты. ІХ ғасырда араб матиматиктері джива деген сөзді джайб (дөңестік) деген араб сөзімен алмастырды, ХІІ ғасырда арабша математикалық терминдерді аударғанда бұл сөз латынның синус (иілу, қисықтық) деген сөзімен алмастырылды.косинус сөзі одан көп кейін пайда болды. Косинус – латын тілінен – «толықтауыш синус» деген сөз тіркесінің қысқарған түрі. Тангенстер көлеңкелердің ұзындықтарын анықтау жөніндегі есептерді шығаруға байланысты пайда болды. Тангенс атауын Х ғасырда араб математигі Абу-л-Вафа енгізген, ол тангенстер мен котангенстерді табуға арналған кестелерді де тұңғыш рет жасады.

М.В. Ломоносов массаның сақталу заңының жалпы негіздік сипатына қай жылы назар аударғанын білу үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:



  1. Оқытушы екі топқа кезектестіріп сұрақ қояды:

1. Бұрыштың өлшем бірліктері?

2.  бұрышының синусы дегеніміз не?

3.  бұрышының косинусы дегеніміз не?

4.  бұрышының тангенсі дегеніміз не?

1756 ж. - М.В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының жалпы негіздік сипатына назар аударды.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет