Мұғалім Бастауыш сынып мұғалімі Шика Иуа
Сынып 3 «г»
Пән: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Сақтандырғыш рең.
Сабақтың мақсаты: ЖАДА (бұдан әрі жақын арада даму аймағы)жұмыс жасау бойынша жаңа сабақты меңгерту арқылы пайыздық баллға жету.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, интеративтік тақта
Көрнекілігі:суреттер, тест
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Кітапқа көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
ІІ. Өткенді қайталау.
1. Жолбарыс, сілеусін, қасқыр сияқты жануарларды қалай атайды?
2. Жыртқыштар жемін қалай аулайды?
3. Қасқыр, ит түлкі нелерді кезіп жүреді?
4. Жануарлардың несіне түсіп жорта береді?
5. Ақыры нені тауып, қуып жүріп ұстайды?
6. Қандай жыртқыштар жемін тасада жатып аңдиды?
7. Олар жемін қалай ұстап жейді?
8. Айлакер түлкі кірпіні қалай жейді?
9. Дала бүркіті нелерді аңдиды?
10. Жемін көзі шалып қалса, қандай әрекет жасайды?
11. Түнде өте жақсы көретін жыртқыш құс?
12. Ол нелерді ұстап жейді?
13. Жыртқыш құстарды ата.
14. Әрбір жануар не үшін қорек іздейді?
15. Жануарлардың көбісі өзіне жем, азық ретінде қандай жануарларды пайдаланады?
16.Ұсақ жануарлардың жауы нелер болып есептеледі?
17. Қандай жануар қауіпті сезіп қалса, жүйтки жөнеледі?
18. Ненің оған жетуі қиын?
19. Өзін қуып жеткен жыртқыштан керік қалай құтылады?
20. Жыртқыш аңдарға нелер жатады?
ІІІ. Тірек сөздер.
Тірек сөздерді есте сақтауға 30 секунд беріледі, жазуға 30 секунд беріледі.
ІV. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
V. Оқулықпен жұмыс
Жаңа тақырыпты оқуға 5 минут уақыт беріледі.
Жаңа сабақ бойынша қарама-қарсы сұрақтар қою.
1. Бунақденелілерді ата.
2. Үлкен жапырақтың астында нелер бас қосты?
3. Қанқыз көбелекке не деді?
4. Алабажақ қанатын құс көзіне қалай түсетінің қайсысы айттты?
5. Көбелек не істейді?
6. Олар көбелектің отырған жерінен нені көрді?
7. Көбелек не деді?
8. Шыбын қалай жауап берді?
9. Көбелектер жауынан қалай қорғанады?
10. Көк шегіртке өзі туралы не айтты?
11. Ызылдауық қара шыбын не деді?
12. Сақтандырғы рең аңдарға да, құстарға да не үшін қажет?
13. Жолбарыс қандай ормандарда тіршілік етеді?
14. Орман іші неліктен жолақ, тарғыл түсті болып тұрады?
15. Жолбарысқа орманда тіршілік етуі қажет бейімділік қалай аталады?
16. Шөлді Үстірттегі кірпі жауларынан қалай қорғанады?
17. Ал скунс жауларын қалай қорғанады?
18. Ұшарда тері қатпарлары қайда орналасқан?
19. Осы қатпарларды жазып ұшса, неге ұқсайды?
20. Ағашқа көлденең отырмайтын қандай құс?
VI. Сын тұрғысынан сұрақтар.
Жаңа сабаққа байланысты тест сұрақтарын қою.
Достарыңызбен бөлісу: |