Сабақ жоспары.
Оқу тобы: Ск – 13-15б тобы
Оқытушы: Қалиева Самал Ағыбайқызы
Пәні: «Қазақ тілі»
Сабақтың тақырыбы: «Сын есім және оның шырайлары»
Мақсаттары мен міндеттері:
1. Дидактикалық:
1.1. Сын есім және оның шырайлары тақырыбына қатысты білімдерін тереңдету;
1.2. Сын есімнің түрленуін зат есіммен салыстыра қарап, шырай түрлерін өз деңгейінде меңгеруіне ықпал ету;
2. Дамытушылық:
2.1. Сын есімге қатысты тапсырмаларды орындата отырып, білім алушының алған мәліметті өзіндік пікір, көзқарас, білім, сөздік қоры ретінде дамытуына бағдар беру;
2.2. Пәнге, мамандыққа деген қызығушылықтарын дамыту;
2.3. Білімдерін ұлғайту қажеттіліктерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік:
3.1. Елін, тілін, ортаны құрметтейтін жаны таза азаматтытәрбиелеу.
3.2. Өзінің өқу ордасына мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Әдістемелік: интерактивті тақтада «ActivInspire»
бағдарламасының қазақ тілі сабағында қолдануға болатын
әдістерін көрсету
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Оқыту пішімі: дербес тұлғамен және ұжыммен жұмыс.
Оқыту әдістері:модульдік оқыту технологиясы, функционалды технологиясының кейбір әдістері
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих,
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, флипчарт, қазақ тілінің кестелі грамматикасы
Сабақтың құрылымдық логикалық сұлбасы мен хронологиялық
картасы:
I. Ұйымдастырушылық кезең– 3 мин.
1.1. Білім алушылармен амандасу.
1.2. Кезекші есебі.
1.3. Сабақтың тақырыбын хабарлау,сабаққа жұмылдыру
II. Өткен модульді қайталау - 10 мин
2.1. «Көркем қала - Астана»тақырыбына әңгіме жүргізу.
2.2. «Өзіңді тексер» зат есімді сөз құрамына талдап, түрін анықтау.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 15 мин.
3.1 «Ойланайық, толықтырайық» сызбамен жұмыс.
3.2 Қазақ тілінің кестелі грамматикасы оқу құралымен жұмыс.
3.3 Сөздік жұмыс.
IV. Білім алушының өздік жұмысы – 15
4.1. «Біздің оқу орнымыз» әңгіме құрастыру.
4.2. Грамматикалық тапсырма. Әңгіменің ішінде сын есімнің шырай түрлерін анықтау.
V. Өтілген материалдарды бекіту кезеңі – 15мин.
5.1.«Ойланайық, сипаттайық» Жасырылған суреттерді атап, сипаттау.
Үй тапсырмасы – 1 мин.
VІ. Сабақтың қорытындысы. Бағаларды жариялау -1 мин.
Ашық сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
1.1 Білім алушылармен амандасу.
1.2 Кезекші сұхбатын тыңдау
1.3 Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
1 флипчарт
Сәлеметсіздер ме, қымбатты білім алушылар!Кезекші есебі. Бүгінгі сабақ 4 модуль бойынша 1-ші сабақ«Сын есім және оның шырайлары» деп аталады. Бізсын есім түрлері және оның шырайларына қатысты білімдерін тереңдетіп, тақырыпқа қатысты түрлі тапсырмаларды орындап,өзіндік пікір, көзқарас, білім,сөздік қорын көрсетеміз. Өзіміздің оқу орнымызға қатысты ақпарат алуға мүмкіндік аламыз.
II. Өткен модульді қайталау- 10 мин
2.1. «Көркем қала - Астана» тақырыбына әңгіме жүргізу. Өткен модуль бойынша білімдерін пысықтап әңгіме жүргізу, оқушылардың сөйлеу тілін анықтау.
2 флипчарт.
2 флипчарт
1.1. «Өзіңді тексер» Астана қаласына қатысты бірнеше сөйлем құрастырып, зат есімді сөз құрамына талдап, түрін анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |