Сабақтың тақырыбы: спорт киімі (1-слайд) Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың мақсаты



Дата25.03.2017
өлшемі35,1 Kb.
#12251
түріСабақ
Күні 23 қазан 2015 жыл

Сынып 7 сынып, қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: спорт киімі (1-слайд)

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға спорт киімдері туралы, оларды қайда және қандай спорт түрінде қандай киім киетіндігі жөнінде толық мағұлмат беріп, түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеуін,сөйлем құрау қабілетін дамыту,танымдық қабілеттерін арттыру;шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды спортқа, денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, диалогтік оқыту, ойландыру, т.б.

Көрнекілік: кеспелер,слайд ,интербелсенді тақта, суреттер, т.б.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу;

-Сыныпта кім кезекші?

- ................................... .

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-..................................... .

-Күз айларын атаңдар?

-..................................... .

-Бүгін аптаның қай күні?

-.................................... .

- Жақсы. Ал енді сабағымызды бастамас бұрын, топқа «Алтын қоржын» ойыны арқылы бөлініп алайық. Мұғалім қазақи дорбаға асықтарды салады, әрбір асықта 1,2 деген сандар жапсырылған. Қай сан кімге түседі, оқушылар сол сандар бойынша екі топқа бөлінеді. (2-слайд)

1-топ: Adidas

2-топ: Nike



Үй жұмысын тексеру: - Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады?

Оқушы: 3 жұбақтың жауабын табу.

Тақтада үш жұмбақ көрсетіледі. Оқушылар кезекпен оқып, жауабын тексереді. (3-слайд)



Жаңа сабақ:

- Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Назарларыңды тақтаға аударсаңдар, біз бүгін футбол ойынын ойнаймыз. Әр топтың өз қақпасы бар. Қай топ тапсырмаларды жылдам және дұрыс орындаса, сол топқа ұпай беріледі.



Тапсырмалармен жұмыс:

1-тапсырма: мәтінді оқып, тұйық етістік формаларын табу. Мәтін бойынша екі сұрақ құрастыру. (4- слайд)

Әр топ мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, бір-біріне оқиды. Қай топ дұрыс жауап берсе, ұпай сол топқа беріледі.



2-тапсырма. Жағдаяттар. (5-слайд)

Әр топқа жағдаяттар жазылған кеспелер беріледі. Балалар, сол жағдаяттар бойынша диалог құрастырады. Қай топтың диалогі толығырақ болса, сол топқа ұпай беріледі.



3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, аяқтаңдар. (6-слайд)

Бұл тапсырмаға бір минут уақыт беріледі. Қай топ жылдам және дұрыс жауап берсе, сол топқа ұпай беріледі.



СЕРГІТУ СӘТІ! (7-слайд) Балалар орындарынан тұрады. Тақтаға әр топтан бір оқушы шығады, оларға секіртпе мен обруч беріледі. Бір оқушы секіртпемен секіреді, екіншісі обручті айналдырады, ал қалған топ оқушылары орындарында тұрып олармен бірге қайталайды (А. Қалаубаеваның «Көңілді күн» әні жіберіледі).

4-тапсырма: Берілген етістіктерден шартты рай жасау.(8-слайд). Қай топ бірінші болып аяқтайды, сол топқа ұпай беріледі.

5-тапсырма. Сәкестендіріп жаз (9-слайд). Қай топ бірінші болып аяқтайды, сол топқа ұпай беріледі.

Рефлексия: Тақтаға екі түсті жейде (футболка) ілінеді. Әр оқушыға стикерлер таратылады. Егер оқушылар бүгін сабақты түсінбей, сұрақтары болса стикерді қызыл түсті жейдеге барып жапсырады. Ал егер барлығы да түсінікті болса, стикерлерін жасыл жейдеге жапсырады. (мұғалім сабақты түсінбеген оқушыны анықтайды, сонымен бірге жейделердің стикерлер арқылы түрлі-түсті екенін айтады) (10-слайд)

Қорытындылау: - Күндізгі киімдер қандай киімдер?

  • Таңертеңгі киімдерді атаңдар.

  • Қандай спорт киімдерін білесіңдер?

Үй жұмысы: Киім туралы мақалдарды жаттау. (11-слайд)

Бағалау: Ұпай сандары саналады, қай топ көп ұпай жинаса, сол топқа кубок (сурет) беріледі. Ал артта қалған топқа кішігірім сыйлық ретінде доп (кеспе) беріледі.

Қоштасу: - Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

«Шағалалы орта мектебі» КММ



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Спорт киімі»

7-сынып

Өткізген: қазақ тілі мен

әдебиет мұғалімі Аленова Қ.С.



2015-2016 оқу жылы
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет