Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты аялайық»



Дата27.12.2016
өлшемі51,83 Kb.
#5657
түріСабақ
№59 С.Н.Шапағатов атындағы балабақша

Қалалық жетістіктер апталығы

«Табиғатты аялайық»

/өзін-өзі тану пәні бойынша/

Дайындаған: Сұлтанова Г.А

Ақтау қаласы - 2016 ж.



Өзін-өзі тану пәні.

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты – аялайық».

Мақсаты: «Табиғат» туралы түсінік беріп, табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Міндеттері:

- «қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейту;

- жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

- туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;



Көрнекі құралдар: Табиғат суреттері, интерактивті тақта, табиғи материалдар.

.

Тәрбиеші: - Қайырлы күн, балалар! Бір –біріміздің қолымызды ұстағанда нені сезінеміз?



  • Жақсылықты, жылылықты, достықты сезінеміз т.б.

/Балалар жарты шеңбер болып отырады. Интерактивті тақтадан табиғат көрінісін тамашалайды/

Балалардан не көргендіктерін сұрау.

Балалардың жауабы:

Әңгімелесу:

Табиғат деген не? Қалай түсінесің?

-• Табиғат дегеніміз не (Табиғат-бізді қоршаған дүние:аспан мен жер,тау мен су,жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі) 

•Табиғат нешеге бөлінеді(2-ге) 

• Тірі табиғатқа нелер жатады(адамдар,жануарлар,құстар) 

• Өлі табиғатқа нелер жатады ? (ауа,су,топырақ т.б) 

• Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер. .Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстарды тыңдайық . (үнтаспада орман, жел , су, құс, т.б.) 
• Бұл үнтаспада ненің дыбыстары нестідіңдер ? 

Балалар сендер табиғат туралы өз ойларыңды, қалай түсінетіндіктеріңді айттыңдар.

Табиғат деген бізді «Қоршаған орта»

Бізде табиғаттың бір бөлшегіміз.

Табиғаттың бізге берер сыйы көп.Біз сол сыйын дұрыс пайдалана білуіміз керек. Қамқор болуымыз керек.

Мен сендерге /Жер-ана деген әңгімені оқып берейін/



Тыңдайық:

«Жер – ана»

1 Қария неліктен «Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ,» - деп айтты.

Бейбітке анасы «Жер – ана» дегенді қалай түсіндірді?

Бейбіт өз қателігін түсініп не істеді?

Балалар сендер жер ананы қалай қадірлейсіңдер?

/Балалардың жауаптары тыңдалады/

Сергіту сәті: Сүйейік табиғатты аялайық,

Бізде оған жақсылықты аямайық

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша демалайық.

Гүлдер періштесі келеді. Тентек 2 бала келеді.

Біреуінде рагатка, екіншісі қоқыс лақтырады. Балалар оларға ақыл айтып , өз қатарларына қосып алады.

Гүлзар патшалығына оларды ертіп апарады.

«Игілікті істер»



Гүлдер періштесі: Балалар сендердің қолдарыңнан қандай жақсы істер келеді және менің бағыма көмектесіңдерші, өздеріңдей мейірімді балаларды күтіп тұрғандай менің гүлдерімеде көмек қажет болып тұр.

Балалар гүлдерге су құяды, қопсытады, шаңын сүртеді.

Гүлдер кезекпен ашылады, ризашылық сөздерін айтады.


  1. Рахмет саған мейірімді бала. Су құйып менің шөлімді басып, мейірімді қандырдың.

  2. Рахмет саған мейірімді балашаң – тозаңымды қуып бойымды тазарттың.

  3. Рахмет саған мейірімді бала топырақты қопсытып, мен керемет көтеріліп қалдым.

  4. Менің арам шөптерімді тазартып, мен тыныстап қалдым. Мен саған бақыт тілеймін.

  5. Менің зияткестерімді тазартып, тамырым демалып қалды. Мен саған денсаулық тілеймін.

Гүлдер періштесі: Рахмет саған мейірімді достар сендер менің гүл бағымды одан әрі құлпыртып жібердіңдер.

Әр қашан табиғатты аялай біліңдер, мейіріммен қарай біліңдер. Мына менің сыйыма риза болыңдар.

Балалар сендер табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Мақал - мәтелдер

-«Ел көркі-мал

Өзен көркі-тал»

-Адам көркі-шүберек

Ағаш көркі-жапырақ»

-Ел ұлсыз – болмас

Жер гүлсіз – болмас»

-Жен –ана, ел-бала»

-«Жер құтты болса

Мал сүтті болады»

-«Жел болмаса-шөптің басы қимылдамайды»

-«Жаңбыр жауса –жер ырысы»

-«Көлдің көркі-құрақ

Таудың көркі – бұлақ»

-«Жаңбырменен жер көгерер

Батаменен ел көгерер»

-«Сысыз жердің шөбі-арық»

Дәйексөз

Балаларға «Табиғатты-аялай біл, көлеңкесін саялай біл» -деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, табиғатқа байланысты мақал – мәтелдерді жақсы білесіңдер екен.

Шығармашылық жұмыс:

Балалар табиғи материлдан заттар жасайды.



Жүректен жүрекке

Балалар табиғатқа өз ризашылығын білдіреді:



  • Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!

  • Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!

  • Жер, саған жомарттығың үшін рахмет!

  • Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

  • Таза ауа, саған рахмет!

  • Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!

  • Құстар, тамылжыта салған әндерің үшін рахмет!

Қорытындылау

- Бізді қоршап тұрғанның бәрі керемет жаратылыс, табиғат екенін танып білдік. Табиғаттың бар тіршілік иелеріне берері мол екенін түсіндік. Ал, ең бастысы-Табиғат-Ана бізге күш- қуат пен денсаулық беретінін білдік.Табиғат бізді мейірімділікке, төзімділікке, үйлесімділікке үйрететініне көзіміз жетті.

Балалар, Табиғат – анаға рақметімізді білдіріп, Луиза Хейдің «Ризашылық» әнің айтайық.

Ризамыз бүгінге, ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге, ризамыз казірге! /2 рет/

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!



Ризамын, ризамын, ризамын казірге!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет