Сабақтың тақырыбы Теңдеулерді шешу Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгеру



бет1/2
Дата14.12.2022
өлшемі74,36 Kb.
#162793
түріСабақ
  1   2



8.2A: Квадрат теңдеулер

Мектеп: Н. Арапов атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 25.12.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Г. Бекбенбетова


Сынып: 8



Қатысқандар:

Қатысқандар:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулерді шешу


Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.6 Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу



Сабақтың мақсаты

Оқушылар бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіру әдістерін біледі, бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді.

Бағалау критерийлері

- бөлшек-рационал теңдеудің анықтамасын біледі;
- бөлшек-рационал теңдеуді шешу алгоритмін қолданады;
- ММЖ анықтайды;
- бөлшек-рационал теңдеуді шешеді.

Тілдік мақсат



Оқушылар квадрат және бөлшек-рационал теңдеулерді шешу жолын ауызша айтады;
Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясына сүйенеді.
Пәндік лексика және терминология:
Бөлшек-рационал теңдеулер
айнымалының мүмкін мәндер облысы
бөгде түбір
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Бөлшектің бөлімін квадрат үшмүше түрінде жазайық...
Бөлшектерді ортақ бөлімге келтірейік...
Бұл түбір бөгде түбір болады, өйткені... .

Құндылықтарды дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Өзіне талап қоя білу, сыныптасына қолдау көрсету.
Идеяларымен бөлісу,талқылауға қатысу.

Пәнаралық байланыс

Қолданбалы математика

АКТ қолдану дағдылары

Power Point презентациясы

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді шеше алады, алгебралық бөлшектермен амалдар орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

Сабақтың ортасы

14 минут


12 минут

15 минут



Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жаңа материалды меңгеру
Тақтада теңдеулер берілген. Бұл теңдеулердің барлығын шеше аласыз ба? Қайсысын шығара алмайсыз? Неге?

Бүтін және бөлшек-рационал теңдеулердің анықтамаларын беру.
Екі жағы да рационал өрнектер болатын теңдеуді бүтін рационал теңдеулер деп атайды.
Теңдеулер бүтін рационал өрнектермен қатар бөлшек-рационал өрнектерден тұратын теңдеуді бөлшек- рационал теңдеу деп атайды.
Берілген 7 теңдеудің әрбірінің қай теңдеуге жататынын ауызша сұрап шығу. №4 теңдеудің шешімін көрсету.


Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу үшін:
1) берілген теңдеудің мүмкін мәндер жиынын (берілген теңдеудің бөлімін нөлге айналдыратын мәндерін) анықтау керек;
2) барлық бөлшектердің ортақ бөлімін табу керек;
3) теңдеудің екі бөлігін де ортақ бөлімге көбейтіп, оны бүтін теңдеумен ауыстыру керек;
4) шыққан теңдеуді шешу;
5) оның түбірлері ішінен мүмкін мәндер жиынына кірмейтін түбірлерді алып тастап, жауабын жазу керек.

Төмендегі тапсырманы алгоритмді қолдана отырып өздері шығарады, кейін тақтада дұрыс шешімі көрсетіледі.


Бөлшек-рационал теңдеуді шешіңіз:
1) х – 1 ≠ 0 сондықтан x ≠ 1
2)
3) 3+2(x−1)=4−x
4) x=1
5) жауабы: түбірі жоқ


Алғашқы бекіту тапсырмалары
Оқушылар алгоритмді пайдаланып есептерді шығарады, сыныптың бір жақ қабырғасына есептің шығарылу жолы, жауабы жазылған парақтар ілінеді. Екінші жақ қабырғасына тек жауабы ілінеді. Оқушылар есепті шығару кезінде қиналса шығару жолы жазылған қабырғаға, ал тек жауабын тексергісі келсе екінші қабырғаға барады. Жауабы қате болған жағдайда шығару жолын қарауға болады.

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешіңіз:


№1.
№2.
№3.
№4.


Жұппен жұмыс
Оқушылар жұптарға бөлініп төмендегі тапсырманы орындайды. Кейін
1) әрбір жұптан бір оқушы келесі жұптың бір оқушысымен жұптасады;
2) оқушылар кезектесе отырып бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді. Екіншісі өздерін шығару жолдарымен салыстырады, қажет болғанда жағдайда комментарий береді.
Тапсырма:
Ауданы ең үлкен облыс ( ) ... .
Ауданы ең кіші облыс ( ) ... .
Тұрғындар саны ең көп облыс ... .
Тұрғындар саны ең аз облыс ( ) ... .
Қазақстанның ең биік Хан-Тәңірі шыңы ( ) ... облысында орналасқан.
Қазақстандағы ең төмен температура (–57º С) (х = 3) ... облысында тіркелді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет