Сабақтың тақырыбы Теңдеулерді шешу



Дата13.12.2021
өлшемі163,66 Kb.
#125822
түріСабақ
Байланысты:
алгебра 8 кл 3 сабак
Гинекологиялық анамнез жинау




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Квадрат теңдеулер



Мектеп:Жайық НЖББМ

Күні:07.09.2020

Мұғалімнің аты-жөні:Тапалова А.Ж

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулерді шешу







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.6.Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

  • Бөлшек-рационал теңдеулерді ажырату

  • Бөлшек- рационал теңдеулерді ортақ бөлімге келтіру

  • Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу және бөгде түбірлерді анықтау

Бағалау критерийі

  • Бөлшек-рационал теңдеулерді ажырата алады

  • Бөлшек- рационал теңдеулерді ортақ бөлімге келтіреді

  • Бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді

  • бөгде түбірлерді анықтайды

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: теңдеу, теңдеудің түбірлері, бүтін рационал өрнек, бөлшек рационал өрнек, квадрат теңдеу, бүтін рационал теңдеу, бөлшек рационал теңдеу, квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы,бөгде түбір.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

бүтін рационал теңдеулер деп…..,

….. теңдеуді бөлшек- рационал теңдеу деп атайды

Теңдеудің екі жақ бөлігін ……… келтіреміз

Егер бөлімдері бірдей болса, онда…….

Бөгде түбір деп......... деп атаймыз

Егер теңдеудің түбірлері теңдеуді қанағаттандырса.....

Егер теңдеудің түбірлері теңдеуді қанағаттандырмаса.....



Құндылықтарға баулу


Патриоттылыққа, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, бірін-бірі сыйлауға, достық парызды түсінуге, бір-бірінің пікірлерін тыңдауға, топпен жұмыс жасауға, сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, геометрия

Алдыңғы білім


Ортақ бөлімге келтіру, бөлімдері бірдей, бөлімдері әртүрлі, мәндес теңдеулер, квадрат теңдеулер, бүтін рационал өрнектер, бөлшек рационал өрнектерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3минут


4 минут

5 минут


Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару. «Жақсы дос болу үшін....» әдісі арқылы жағымды ахуал орнатамын. Оқушылар бір-біріне қарсы тұрады.Бір-бірін қайталамай жақсы дос болу үшін қандай болу керектігін әр қадам сайын айтып, бір-біріне жақындайды.

Үй жұмысын «Адасқан әріптер» арқылы тексеру.

Есептердің жауаптарын ретімен орналастырса «Ордабасы» сөзі шығады. Ордабасы тауы туралы қысқаша шолу.

7;-11

-3;2

0,5;0

-1;2

1,5;4

3;-2

-1;3

4;1

р

д

о

ы

б

а

с

А

Ой қозғау. «Галереяда ой шарлау» әдісі бойынша сабақ мақсатын оқушылармен бірге ашамын. Сынып қабырғасына теңдеулердің түрлері жазылған парақтар ілінеді. Оқушылар жұптасып жүріп талдайды. Төмендегі сұрақтарға жауап береді:

Қандай тақырыпқа арналған?

Сендерге таныс емес теңдеулер бар ма ?

«Смайликтер» әдісі бойынша бағалау


Слайд№1

Кесте


Слайд №2

Слайд №3


Сабақтың ортасы

5минут


3 минут

5 минут


6 минут

Прoблемaлық oқытy» әдісі- оқушылар жaңa бiлiмдi өз беттерiнше қaлыптacтырaды. Тақырыпқа байланысты жағдаяттар туындатамын. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, негізгі ұғымдарды анықтайды.

«Т» кестесі арқылы берілген өрнектердің ішінен бүтін- рационал теңдеулер мен бөлшек- рационал теңдеулерді ажыратып жазады:



= ; =7; = ; = ; = ; ; =х =


Бөлшек –рационал теңдеулерді шешу алгоритмін көрсетемін, сыныпта талқылаймыз.

Әр тoпқa жеке тaпcырмa берiледi.Тoптa тaлқылaйды және әр топ тапсырманы тақтада орындайды. Топтық жұмыстың орындалуын бақылаймын.

Тaпcырмa 1. Топтық жұмыс.



  1. Үшбұрыш тобы: Бөлімдері бірдей бөлшек-рацонал теңдеулерді шешуге есептер шығару

  2. Төртбұрыш тобы: Бөлімдері әртүрлі бөлшек-рацонал теңдеулерді шешуге есептер шығару

  3. Дөңгелек тобы: Бөлшек-рацонал теңдеу нольге тең болғандағы теңдеуді шешуге есептер шығару

Дескриптор:

Бөлшек-рационал теңдеулерді ажыратады




Бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді




Бөгде түбірлерді анықтайды




Топтар бір-бірін өзара смайликтер арқылы бағалайды.

Саралау: Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға жіберілген қателері туралы нұсқау беремін.

Тапсырма 2. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқулықпен жұмыс. №173, №174

Әр топқа А, В деңгейіндегі екі тапсырма беріледі. Өз беттерінше орындайды, жұптасып талқылайды. Содан кейін топта талқылайды. Топта тапсырмалардың нәтижелерін салыстырады.Теңдеулерді шешіңдер :



Топ аттары

А

В

Үшбұрыш

=



Төртбұрыш



=

Дөңгелек





Дескриптор:

  1. Бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді

  2. Теңдеудің түбірлерін дұрыс жазады

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Саралау: Жоғарғы деңгейлі оқушылар оқу мақсатына жете алмаған оқушылармен жұптық талқылау жасайды.



Слайд №4


Слайд №5

Есептер жазылған үлестірме қағаз

смайликтер

8 сынып Алгебра

оқулық


Сабақтың соңы

4 минут


2 минут

2 минут


«Серпілген сауал» әдісімен сабақты қорытындылау. Тақырыпты түсіну деңгейін арттыруға, талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамыз.

«Плюс, минус, қызықты» әдісі арқылы кері байланыс аламын.



«Плюс» - алған, білімдері жайлы жазады;



«Минус»- түсініксіз болып тұр деген ойларын

жазады.

«Қызықты»-не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.

Үйге тапсырма: «Бөлшек –рационал теңдеулерді шешу»

тақырыбын оқу. № 176 59 бет


доп

«Плюс, минус, қызықты» плакат, стикер



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау







Oқyшылaр caбaқ бoйы жұпта және топтa жұмыc жacaйды. Баяу оқушыларға мұғалім тарапынан нұсқаулар беріледі.

Жылдамдығы жоғары оқушылар оқу мақсатына жете алмаған оқушылармен жұптық талқылаулар жүргізеді.



«Смайликтер» әдісі

«Бас бармақ» әдісі

«Өзара бағалау» әдісі


АКТ мен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау, көз жаттығуларын орындау.

Сабақ уақытында қарастырылатын әр түрлі жұмыс түрлері оқушылардың қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік береді.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.











Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет