Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолдану



Дата08.02.2022
өлшемі131,23 Kb.
#130886
түріСабақ
Байланысты:
қмж


Ұзақ мерзімді тараудың жоспары: Термодинамика негіздері







Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:




Курс:

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы:

Термодинамиканың бірінші заңы.
Термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолдану.




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)



10.2.8.3. Термодинамиканың бірінші заңы.
10.2.8.4. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолдану.






Сабақ мақсаты:



-Энергияның сақталу және түрлену заңын пайдалана отырып термодинамиканың 1 –ші заңын изопроцестерге қолдануын анықтау;
-Термодинамиканың 1-ші заңын изопроцесстерге қолданып есептер шығару;
- Термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге пайдаланып өмірмен байланыстырып дәләлдеу;




Бағалау критерийі 

-Энергияның сақталу және түрлену заңын пайдалана отырып термодинамиканың 1 –ші заңын изопроцестерге қолдануын анықтайды;
-Термодинамиканың 1-ші заңын изопроцесстерге қолдананып есептер шығара алады;
- Термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолданып өмірмен байланыстырып дәлелдейді;




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау








Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология: 
Пән бойынша арнайы сөздер мен терминдер: термодинамика, изахоралық процесс, изобаралық процесс, изотермиялық процесс

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Термодинамика

термодинамика

thermodynamics

Изахоралық процесс

Изахорный процесс

Isahoric process

Изобаралық процесс

Изобарный процесс

Isabaric process

Изотермиялық процесс

Изотермический процесс

Isothermal process


















Құндылықтарға баулу



Еңбек пен шығармашылыққа баулу. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс 



Математика, химия, информатика

Алдыңғы білім

Жылу мөлшері. Ішкі энергияның өзгеру әдістері. Жылусыйымдылығы, ішкі энергия, меншікті жылусыйымдылығы, энергияның сақталу заңы тақырыптарын біледі

Сабақ барысы 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар 



Сабақтың басы
(0-5 мин)

Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, даярлықтарын тексеру. 
Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Шаттық шеңбер» әдісі арқылы барлығы шеңберге тұрып бүгінгі сабаққа бір-біріне тілек айтады
Топқа бөлу:
1-топ «Изохора» тобы
2-топ «Изобара» тобы
3-топ «Изотерма» тобы
Алдыңғы білімді жетілдіру мақсатында
«Сұрақты қағып ал»- әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбына жетелеу
Сұрақтар:

  • Жылу мөлшері дегеніміз не?

  • Ішкі энергияның өзгеру әдістерін қалай түсінесіздер?

  • Жылусыйымдылығына мысал келтіріңіздер?

  • Идеал газдың ішкі энергияны (біратомды және көпатомды) қалай түсінесіздер?

  • Энергияның сақталу заңын және формуласын атаңдар.

Жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын айықындап алу үшін
«Термодинамика негіздері» тақырыбына байланысты видео көрсетемін


https://youtu.be/my9mRTSiHcU



Сабақтың ортасы 
(5-10 мин)


(10-15 мин)

(15-28 мин)

(28-33 мин)


(33-38 мин)



Топтық жұмыс. 
I тапсырма «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы 3-топқа тапсырма беріледі
1-топ:Энергияның сақталу және түрлену заңы
2-топ:Термодинамиканың 1-ші заңы
3-топ: Изопроцесстерді пайдалану


Бағалау критерийі 
Энергияның сақталу және түрлену заңын пайдалана отырып термодинамиканың 1 –ші заңын изопроцестерге қолдануын анықтайды
Дескриптор:

  • Мәтінді талқылайды

  • Энергияның сақталу заңы, термодинамиканың 1-ші заңы және изопроцесстердің физикалық мағынасын анықтайды

  • Тұжырымды ойларын постерге түсіреді

  • Топпен қорғайды

Қалыптастырушы бағалау
«Көңілді смайликтер» әдісі
2 – тапсырма
«Кім жүйрік» әдісі. Әр топқа деңгейлері бірдей есептер беріледі.
1-топ: Поршень астында орналасқан цилиндрдегі біратомды идеал газды қыздырғанда
газ 600 Дж жұмыс атқарады. Газға қанша жылу мөлшері берілді?
2-топ: 800 моль газды 500 К-ге изобаралық қыздыру үшін 9,4 МДж жылу берілді.
Газдың жұмысын және ішкі энергияның өзгерісін анықтаңдар.
3-топ: 1 кмоль гелий изобаралық ұлғаяды. Газ температурасы ΔT = 30 K-ге артады. Газдың ішкі энергиясының өзгерісін, оның атқарған жұмысын және
газға берілген жылу мөлшерін анықтаңдар.
Бағалау критерийі 
Термодинамиканың 1-ші заңын изопроцесстерге қолдананып есептер шығара алады;
Дескриптор:

  • Есептің берілгенің мұқият оқиды

  • Есептің берілгенің қысқаша жазады

  • ХБЖ келтіреді

  • Газдың әр күйіне сәйкес параметрлерді анықтайды (қысым, көлем, температура).

  • Алынған нәтижені талдайды және жауабын жазады


III тапсырма
«SWOT – талдау» әдісі. Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып,қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
Сұрақтар:
1.Аяз емес күні үздіксіз автомобиль қозғалысының жолдардағы қардың қалай еритін құбылысты түсіндіріңдер
2.Қыс мезгілінде далада тұрған бос бөтелкенің аузын тығынмен жауып, жылы бөлмеге кіргізіңдер. Біраз уақыттан соң бөтелкедегі тығын ұшып шығады не себепті тығын да кинетикалық энергияға ие болады? Өз ойларыңды тұжырымдаңдар
3.Неліктен бұрғымен ағашты бұрғылағанда бұрғы қызады? Анықтаңдар
4. Неліктен арқан жібімен арқылы төмен жылдам түскен кезде қолыңды күйдіріп алуға болады? Себебін түсіндір.
Бағалау критерийі 
Термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолданып өмірмен байланыстырып дәлелдейді;
Дескриптор

  • Мәтінмен танысады

  • Топпен талдайды

  • Білім алушылар осы құбылыстарды өмірмен байланыстырып түсіндіреді

А3 және А2 форматты қағаз, маркер

Кронгарт Б.А, Қазақбаев Д.М, Имамбеков О., Қыстаубаев Т. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» баспасы 2019


А3 және А2 форматты қағаз, маркер

Кронгарт Б.А, Қазақбаев Д.М, Имамбеков О., Қыстаубаев Т. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» баспасы 2019

https://youtu.be/ZQZCX4n_aH8

https://youtu.be/mPlAFxlaL0I

https://infourok.ru/ashi-saba-termodinamika-negizderi-termodinamikani-i-zai-gazdi-zhne-budi-zhmisi-sinip-2723533.html



Сабақтың соңы
(38-40 мин)

Бекіту:
«Ақпарат жинау»- әдісі бойынша
Физикалық диктант . Жеке жұмыс

1)Жылу мөлшері дегеніміз- ... ... берілу процесінде бір денеден екінші денеге берілетін энергия


2) Термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясын өзгертудің ... .... әдісі бар
3)Бір күйден екінші күйге ауысу кезінде термодинамикалық жүйенің ... ... өзгеруі жүйемен атқарылатын жұмыс және жүйеге берілген ... ... қосындысына тең
4)Париж Ғылым академиясының шешімі бойынша ... ... жобалары қарастылылмайтын болды
5) Табиғатта энергия жоқтан пайда ... және ... кетпейді
Рефлексия:
«Бас бармақ» әдісі
Үйге тапсырма:§36 қайталау, 207-беттегі тапсырмаларды орындау






Қосымша ақпарат

Қабілетті балаларға қандай
тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау 

1.Тұрақты қысымда массасы 1кг гелийді 100К қыздырайық. Мыналарды анықтаңдар: а) газга берілген жылу мөлшерін; ә) газдың ұлғаю жұмысын; б) газдың ішкі энергиясының ұлгаюын.
2.Ұлғаю кезінде сутек 6 кДж жұмыс атқарады. Газдың ұлғаюы: а) изобаралық; ә) изотермиялық болған жағдайлар үшін газға берілген жылу мөлшерін анықтаңдар.
3. Идеал екіатомды газды изобаралық қыздыру үшін оған 12МДж жылу берілді. Газдың атқарған жұмысын және оның ішкі энергиясының өзгерісін анықтаңдар.

«Сұрақты қағып ал» әдісі
«Шаттық шеңбер» әдісі
«Эйлер шеңбері» әдісі
«Кім жүйрік» әдісі
«Көңілді смайликтер» әдісі
«SWOT – талдау» әдісі
«Ақпарат жинау» әдісі
«Бас бармақ» әдісі

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және қатаң түрде сақтайды.

Рефлексия 
Сабақ мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?







Қорытынды бағалау
Қандай нәрсе табысты болды?
1.
2. 
Қандай нәрсе сабақты жақсарта алды?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет