Сабақтың тақырыбы: ''Тілге деген құрмет – елге деген құрмет’’. Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі90,87 Kb.
#34625
Сабақтың тақырыбы: ''Тілге деген құрмет – елге деген құрмет’’.
Мақсаты: Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата - баба дәстүріне, адалдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: көрініс,сұрақ - жауап,өлең оқу,
Көрнекіліктер: сдайд, қанатты сөздер,плакаттар

Жоспары


1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

2.Қойылым

3.Кім жылдам?

4.Туған жер,тіл туралы өлеңдер оқу

5.Кім есті?жұмбақтар шешу

6.Сөзжұмбақ

7. Мақал-мәтелді жалғастыр

8.Қорытынды


Барысы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны айтылады.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті қонақтар, оқушылар. Мектебімізде тіл мерекесі қарсаңында 10 - күндік өтуде. Осы біздің шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосатын кішкене ғана үлесіміз.Тіл-әрбір ұлттың заңы,сезімнің,ойдың жанды көрінісі,халық тарихы,мәдениеттің даму жолы.Тіл-ұлттың игілігі және өзіне тән ажырағысыз белгісі.Ұлттық мәдениеттің гүлденуімен адамдардың тарихи тұрақты қауымдық ретінде қалыптасуы, жалпы алғанда тілдің дамуына және оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты.Қазақ тілі талай тарихи сыннан сүрінбей өтті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде талайды тамсандырады.

2.Жүргізуші: Ортада шағын қойылым

Қойылым: (Сахнада әже газет оқып отырады. Бірнеше бала әжеге келеді)

Балалар бәрі бірге:Сәлеметсізбе әже! Қаліңіз қалай? Әже:Амансыңдарма,қарақтарым. Шүкір, жақсымын. Өздерің неғып жүрсіңдер? 1-бала (аты): - Әже, осы 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі емес пе? Әже: Иә, иә,қызым. 2-бала(аты) Соған байланысты біздің мектебімізде үлкен мерекелік шара өткелі жатыр. Мұғаліміміз бізге тілдердің шығу тарихы, оның дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы біліп келіңдер деп еді. 3-бала: Біз сізден көмек сұрай келдік. Әже: Е - е, түсінікті. Олай болса, тыңдаңдар. Жалпы тілдің шығуы ертеден басталады. Тіл бірден қалыптасқан жоқ. Ол бірте - бірте дамыды. Ежелгі адамдар сурет салу арқылы сөйлесетін болған. Дами келе тіл осы күнгі дәрежеге жеткен. Жер бетінде қанша халық болса, сонша тіл бар: қазақ, орыс, ағылшын, түрік, т. б. Ол тілдердің өздерінің қалыптастырушы, дамытушылары болған. Қазақ тілін алатын болсақ: Ахмет Байтұрсынов, Қ. Жұбанов қазақ тілінің дамуына үлес қосқан.Барлығы бірге: Сізге көп-көп рахмет,әже. Әже: Мен білгенімді сендерге түсіндірдім, ал сендер не білесіңдер? Осы уақытқа дейін мектептен нені білдіңдер? 1-бала:Біз білгеніміздің барлығын қазір көрсетеміз.Отырып көріңіз,әже.

3.Жүргізуші: Олай болса студенттер қазір«Кім жылдам?»ойынын ойнаймыз. Яғни мұнда сіздерге өз ана тілімізге,салт-дәстүрімізге,тарихымызға,әдебиетімізге қатысты бірнеше сұрақтар қойылады. Ендеше,бастаймыз «Кім жылдам?»ойынының сұрақтары:
1. Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол,
2.Адам болам десеңіз... өлең жолдарының авторы кім? Абай
3. Қазақта тұңғыш шешен кім?Жиренше
4. Тіл мерекесі қай күні? 22 қыркүйек
5. Екі кісінің сөйлесу? диалог
6. Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам? құрт
7. Үш арыс :Сікен, Ілияс, Бейімбет
8. Алтын адам табылған жер?Есік обасы, Алматы обл.
9. Жас кезінде балаға аталатын мал атауы:бәсіре
10. Қазақтың бес қаруын ата: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
11. Туыстық атауларды ата: анаңның туыстары - нағашы, ағаның әйелі - жеңге, әпкенің күйеуі - жезде, шешенің әпкесінің балалары - бөле.
13. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата: ертегі, мақал - мәтел, аңыз әңгімелер, батырлар жыры, айтыс, т. б
14. Үш би:Төле би, Әйтеке би, Қазбек би
15. Әдебиет нешеге бөлінеді? Ауыз әдебиеті же жазба әдебиеті
16. Бөбек қорының президенті: С. Назарбаева
17. Бір жылда неше мезгіл бар? 4 мезгіл
18. Күні түні дем алмай жүретін не?ай мен күн
19. Бұл дүниеде де, о дүниеде де өсетін ағаш: құрма
20. Үш тәтті не? жан, мал, жар
21. Қазақтың тұңғыш ұстазы кім? Ы. Алтынсарин
4.Жүргізуші: Келесі кезекті туған жер,тіл туралы өлең шумақтарына береміз.

1-студент: «Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутімнен,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, құлыным, жаным деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

«Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен.

Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін,

Сол тілменен ойнадым далада еркін.

Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам,

Өмірден, ен даладан ұққам көркін.

Сол тілменен білгіздім тілегімді,

Сұлтанмахмұт Торайғыров



2-студент: Үш бақытым(М. Мақатаев)
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

3-студент:Туған тілім - ана тілім 
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, 
Туған тілім-анам тілі-өз тілім. 
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім. 
Туған тілде сыры терең жаным бар, 
Туған тілде әнім менен сәнім бар. 
Туған тілім тіл болудан қалса егер 
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 
Сүйемін туған тілді – анам тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. 
Шыр етіп жерге түскен минутымнан 
Құлағыма сіңірген таныс үнім. 
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім. 



4-студент:Отан туралы Мұқағали Мақатаев

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,


Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
5-студент: Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,

Орыс тілі сіңген ғой санамызға.

Неге олар «тілім» деп қуынбайды,

Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?

Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.

Өз тілімде керемет ақыл –ойым.

Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,

Ол тарих, сенің, менің абыройым!



6-студент: Туған елім Бәкір Тәжібаев

 Менде сөйлер сөз болса –

Өзің берген сөзің ғой!

Менде көрер көз болса –

Өзің берген көзің ғой!

Шаттық құшқан шеруде,

Күйді өтерген өзің ғой!

Қиындықты жеңуге

Үйреткен де өзің ғой!

Толқығанда сезім –ой,

Әппақ арым, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім!

Туған елім, өзіңнің,

Жазираңды кездірдің.

Жайма –шуақ кезімнің,

Рахатын сездірдің!

Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

                                    

7-студент: Несіпбек Айт Ана тілім

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім, Егер сені білмесем.

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.

Туған анамды ұмытқаным емес пе,

Туған тілім, Егер сені ұмытсам.


8-студент: Мағжан Жұмабаев Туған жер

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер.

Жастық - алтын, қайтып келмес күнiмде

Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер.

Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм.

Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнiм.

Тәттi суың дәмi аузымнан еш кетпес,

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,

Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..

5.Жүргізуші:

«Кім есті?»


Жұмбақтың шешуін шапшаң тауып, қазақша, орысша тілде айту,

1. Қарап тұрсаң өзіне,


Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе.айна – зеркало
2. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.кітап - книга
3. Ойды аяқтап,Қорытынды соңында доп тұрады.сөйлем - предложения
4. Сағат сайын қозғалады, тек мектептен табылады.қоңырау - звонок
5.Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.ерін – губи 6.
7.

8.

9.



10.

11.


12.

13.


14.

15.
Қазақша би немесе хормен өлең айту


6.Жүргізуші:

Сөзжұмбақ шешу: “Қазақстан немесе Менің елім ”


7.Жүргізуші:

«Өнер алды - қызыл тіл»


Тіл туралы мақал – мәтелді жалғастыру

Тіл- адам ойының…. (айнасы)

Аңдамай сөйлеген…(ауырмай өледі)

Ойнап сөйлесең де … (ойлап сөйле)

Айтылған сөз … оқпен тең (атылған)

Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік)

Бас кеспек болса да,… (тіл кеспек жоқ)

Жақсы сөз-… (жарым ырыс)

Сөз тапқанға… (қолқа жоқ)

Ел тірегі-…. (тіл)

Тіл жетпейтін …. (түкпір жоқ)

Тәрбие... (тілден басталады).
Тіл достықтың...(мерейі).
Тіл –еліміздің... (іргетасы).
Тілді қорлау...(халықты қорлау).
Тілге шешен...(іске мешел).
Ұлттың қуаты... (тілінде)
Шешеннің тілі... (шебердің бізі).
Адам көңілінен азады,...(Тілінен жазады).
Ақынның тілі...( қылыштан өткір).
Тіл тас жарады...(Тас жармаса бас жарады).
Жеті ... .... біл. (жұрттың тілін).

Ине көзінен сынады,....(шешен сөзінен сынады).

Піл көтермегенді...(тіл көтереді).

Өз тілің – бірлік үшін..........(Өзге тіл – тірлік үшін)

Таяқ еттен өтеді.......(Сөз сүйектен өтеді)

Марал мүйізінен........(Адам тілінен ұсталады)

Бөтен жердің гүлінен,.........(туған жердің тікенегі артық)

Жат елдің қаршығасынан,......(өз еліңнің қарғасы артық)

Отан ...... ыстық(оттанда)

Аққу айдынын аңсайды,........(Адам туған жерін аңсайды)


8.Қорытындылау: Студенттер бүгінгі өткізілген тәрбие сағаттан алған әсерлерін бір сөзбен кезек-кезек айтып шығады.

Мысалы:Мен елімді мақтан етемін



Мен өз тілімді мәңгі қастерлеймін,т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет