Жарқамыс орта мектебі
Ашық сабақ
Тұқымқуалаушылықтың хромасомалық теориясы Т.Морган заңы
Өткізген:Тамабаева.Г
2014-2015 оқу жылы
Бекітемін:
Күні:28.02.2015ж Класы:10а
Сабақтың тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың хромасомалық теориясы Т.Морган заңы
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік оқушыларға гендердің тіркесіп тұқымқуалауымен Т.Морган заңы туралы толық мағлұмат беру ә)Дамыту.Теориялық білімді іс жүзінде пайдалана білуге дағдыландыру, есептерді еркін шығара білуге ой – өрістерін дамыту.
б)Тәрбиелік пәнге қызығушылығын одан әрі нығайту, өз беттерінен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалдарды меңгерту
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақ әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, жинақтау, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:интер белсенді тақта, есеп, слайд
Сабақ кезеңдері:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу сабаққа қатысымын қадағалау
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Дигибридті будандастыру
Тегімде бар тектілік(Ой толғау жазу)
Есеп №1.
Қызыл гүлді Түн аруы өсімдігі ақ гүлділермен будандастырылған және ол доминантты. Сонда F₁ -дегі ұрпағының генотипі және фенотипі қандай болмақ?
Есеп №2.
Көк көзді ер адамның генотипі белгі – гомозигота (аа), себебі ол рецессивті белгі. Қой көзді әйел генотипі жағынан гетерозиготалы, себебі қой көзді белгі басым. Бұл отбасындағы ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін ажырат.
Есеп №3.
Адамда таскерең ауруы рецессивті типті тұқым қуалайды.Егер әке-шешесі де осы ауру бойынша гетерозигота болған жағдайда, осы отбасында сау және ауру балалардың туу ықтималдылығы қандай?
Есеп №4.
Тақтаға дайын ақ және сұр түсті қоян макеттері магнитпен ілінеді. Олардың будандасуынан сұр түсті қоян ұрпағы алынады. Ата-аналарының және ұрпақтың генотиптері қандай, ауызша айту.
Бекіту:
(Сенесің бе? Сенбейсің бе?)
1. Генетика тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді?
2. Генетика терминін Бэр ұсынды.
3. Бұл терминді У.Бэтсон 1906 жылы ұсынды.
4. Пангенезис Дарвиннің теориясы.
5. Генотип және фанотип ұғымдарын Вовинов қалыптастырды.
6. Генетиканың даму тарихы 3 кезеңнең тұрады
7. Г.Мендель 1822 жылы дүниеге келген.
8. Дигибридті будандастыру ол бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата-аналық формалар будандары
9. Генетика белгісімен ұрпақтарды белгілейді
10. Латынның Parents ата-ана формаларын белгілейді.
11. Көрінбей қалған белгіні рецессивті дейміз.
12. Организмге тән ішкі сыртқы белгіні генотип дейді.
13. Мендельдің бірінші заңы біркелкілік заңы деп аталады.
14. Менделдің екінші заңы ажырау заңы деп аталады.
15. Пеннет торын Морган ұсынды.
16. Менделдің үшінші заңы белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы деп аталады.
17. Генетика ғылымының дамуына қазақстандық ғалымдардың да қосқан үлесі зор.
III.Жаңа сабақты меңгерту
Т.Морган заңы-бір хромосомада орналасқан гендердің бірлесіп тұқым қуалауы гендердің тіркесуі немесе тіркесіп тұқым қуалау деп аталады.
Томас .Морган америкалық генетик тұқым қуалаудың хросомалық теориясын жасаған.Зерттеу нысаны ретінде жеміс шыбыны дрозофила шыбыны алған.
Белгілердің жыныстық хромосмалары арқылы(Х жәнеY)арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілуін жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы деп аталады.Бұл құбылысты Т.Морган дрозофила шыбынына тәжірибе жүргізгенде ашқан.Дрозофила шыбынының көзінің қызыл түсті аталығын ақ көзді аналық шыбынымен шағылыстырғанда Ғ1 аналық шыбындар әкесінен қызыл түсті, аталық шыбындар анасынан ақ түсті алғандақтан, белгілер айқас тұқым қуалайды..
Кроссинговер (ағылш. crossіng-over – айқасу)– гомологтықхромосомалардың ұқсас бөліктері арасындағы ажырау және қайта бірігу нәтижесінде болатын айқасу. Кроссинговер І-ші мейоздыңпрофазасында жүреді және әр түрлі гендердің аллельдерінің жаңа комбинацияларының түзілуіне әкеледі. Мейоз процесінде гомологты хромосомалар әр ядроға ажыраудың алдында бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Осы уақытта екі гомологты хромосомалардың бөліктері үзіліп, олар осы хромосомалардың басқа бөліктерімен айқасып қайта жалғасады. Кроссинговер тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі болып саналады, соның нәтижесінде ұрпақтардың генетик. әр түрлілігі артады.
Кроссинговер – популяциядағы комбинативті өзгергіштікті қамтамасыз ететін және табиғи сұрыптауға материал бола алатын маңызды механизм.
Сондай-ақ құрамында бір немесе бірнеше гендер орналасқан хромосоманың үлкен бөліктерінің қайта комбинациялануына немесе
бір ген ішіндегі комбинацияларға әкелуі мүмкін. Гендер арасындағы кроссинговер жиілігі олардың хромосомадағы арақашықтықтарын көрсетеді. Хромосомада гендер бір-бірінен неғұрлым алшақ орналасса, олардың арасында айқасудың болу мүмкіндігі соғұрлым көбейеді. Экспериментальды (тәжірибелік) генетикада кроссинговер хромосомалардың генетик. картасын құру үшін, яғни қандайда болмасын геннің басқа генге қарағандағы орнын анықтауда қолданылады. Кроссинговердің тұрақтылығы генді локализдеуге (орнықтыруға) мүмкіндік береді. Кроссинговер мөлшері жалпы дарабастар мен кроссоверлі дарабастар санының қатынасымен процент арқылы анықталады. Хромосоманың айқасу мөлшері хромосомадағы гендердің тіркесу күшін анықтайды: неғұрлым айқасу мөлшері жоғары болса, тіркесу күші соғұрлым аз болады.
Бекіту:
1 есеп
А,В, және С гендері бір тіркесу тобында орналасқан.А және В гендері аралығында крассинговердің мөлшері -7,4%, ал В және С гендерінің хромосомадағы орналасу реті қандай болады.
2 есеп
А және В гендері бойынша гетерозиготалы аналық дрозофиланы рецессивті аталықпен будандастырғанда 8,2% рекомбинанттар (крассинговер) алынған.Ал М және N гендері бойынша гетерозиготалы аналықты рецессивті аталықпен будандастырғанда 10,4% рекомбинанттар алынды. М және N гендерінің арақашықтығының неше кросинговер бірлігіне артық екенін анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |