Сабақтың тақырыбы Құттықтау жазып ұйренеміз Мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі86,29 Kb.
#24849
түріСабақ

Қаақ тілі

Астана қ. №70 мектеп-лицей

Умирбаева Гулбану Дюсенбеккызы

Сабақтың тақырыбы

Құттықтау жазып ұйренеміз

Мақсаты

Құттықтауды дұрыс, сауатты жаза білуге үйрету. Сөйлеу мәдениетін дамыту.

Жұмыс нәтижесі

Құттықтаудың маңыздылығын айқындап, сауатты жазуға үйренеді. Топтық жұмыс аясында белсенді жұмыс атқара алуы, өзара бағалау жүргізе білуі

Сілтеме

Оқулық

Әдіс тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: топқа бөлу, формативті бағалау.

Ой туғызу.

СТО үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: Вербальді бағалау, яғни «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың», «сіздің қолыңыздан келеді», өзара бағалау, критериалды бағалау

Кері байланыс: «Табыс сатысы»


Ресурстар

Постер, маркерлер, ұялы телефон мобильный интернетпен немесе модем, оқулық, өзара бағалау парағы

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша

  3. Сергіту сәтті

  4. Рефлексия «Табыс сатысы»

  5. Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

Құттықтау жазып келу



Сабақ кезеңдері

Уақыт


Мұғалім іс-әркеті

Оқушы іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Психологиялық тренинг« Жылы лебіздер»




Кіріспе 7 мин

5 топқа бөлу: қазақ тілі сабақтарында өткен тақырыптар бойынша топқа бөлу

Топ ішіндегі рөлдерді анықтау: топ басшысы, хатшы, спикерлер, бақылаушы

Топ ережесін қайталау

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Бағалау парақтары, дескрипторлары беріледі





Білу

Сендер не істейсіңдер? Мысалы, 8 наурызда? Қалай құттықтайсыңдар? Бір – біріне тілектер айтады. Құттыұтау кезде тілектер айту маңызды ма?




Түсіну 5 мин

Тілектерінді қалай жеткізесіндер?

Неліктен ашықхаттар, қазіргі таңда электронды нұсқада да құттықтау үшін жиі қолданады?Ашықхатқа тілек жазу мен электронды түрде тілек жазудың айырмашылығы бар ма?

Біз де бүгін құттықтауды қызықты ету үшін ашықхат колданамыз. Ол ашықхат үлгісін өздерің жасайсыңдар.


Ашықхат дайындау

І топ – Наурыз мейрамы

ІІ топ – Жас Ұландар күні

ІІІ топ – Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күні

ІV топ – 8-наурыз аналар мейрамы

V топ – Тәуелсіздік күні



Қолдану мин

Ашықхаттарын дайын. Енді не істеу керек деп ойласыңдар? «Ашықхатты жандандыру»

-Әр мейрамға сай қандай тілектер жазған дұрыс? Неге?

Тапсырманы орындауға оқулықтағы үлгілер көмектеседі.

Құттықтау жазады Ашықхаттарын қорғайды

Бағалау 1 мин

Қорытындылайды

Әр топ басқа топтардың ішіндегі ұнаған жауаптарға смайликтерін жабыстырады, негіздейді

Талдау

15 мин


Топтық жұмысқа

Өздерін дайындаған ашықхаттарындағы тілектердің бірнеше түрін көреміз және олардың қайсысы құттықтауда анағұрлым орынды екенін түсіндіріңіздер.

- Құттықтауларыңда ұқсастық бар. Неге бұлай болды?

- Ал айырмашылықтары неде? Неге мұндай өзгеріс орын алды?


Оқушылар жұптасып, бір-біріне жауап береді. Оқушы жұбының жаубын айтып береді.


Бағалау 2 мин

Өзара бағалау.


жауабы жақсы және неліктен?

Жинақтау

5 мин

Жаңа үлгіде құттықтау ойластыру, ақпаратты жүйелеу

Құттықтауды ашықхаттан басқаша қандай жолдармен жеткізуді ұсынар едіндер? Неге бұл құттықтау ашықхатқа қарағанда жақсы деп ойлайсыңдар?

Құттықтаудың басқа жолдарын ұсынады

Критериалды бағалау

Кіргізген өзгерістері қызықты 3

Толықтыруға болады 2

Өзгеріс жоқ 1


Өзге топтың жұмысын бағалайды

Бағалау 10 мин

Мерекелермен құттықтау маңызды деп санайсыңдар ма? Неге?

Эссе жазады

Кері байланыс

«Табыс сатысы» әдісі:

Кәдімгі сатының суреті, сатының 1- ші баспалдағы МЕН БІЛЕМІН, 2 - ші баспалдағы мен.................. ТҮСІНЕМІН, 3 - ші баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН

Кіргізген өзгерістері қызықты 3

Толықтыруға болады 2

Өзгеріс жоқ 1

Оқушылардан сұрау/ «Оқушы үні »

Жүргізілуі:1 оқушыдан жеке немесе зерттелетін барлық оқушылармен бірлесіп

Уақыты: 5 минуттан аспауы керек, ашық сабақтан соң

Қойылатын сұрақтардың жобасы:


  1. Саған сабақта ең жақсы ұнағаны не болды?

  2. Сен нені үйрендің?

  3. Сен бұрын істей алмаған, ал қазір істей алатын нені үйрендің?

  4. Сен нені одан да жақсы істей аласың?

  5. Қаншалықты жақсы?

  6. Саған оқытудың қай бөлімі тиімдірек болды?

  7. Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілсе,сен онда нені өзгертер едің? Неліктен?



Мына үлгіні сабақ қорытындысы бойынша талқылау жазбасын жүргізуге қолдануға болады

Сабақ қорытындысы бойынша талқылау жазбасы




Зерттелетін оқушы А

Зерттелетін оқушы В

Зерттелетін оқушы С

Оқушылардың әрқайсысы қандай жетістікке жетті?Ол оптималды болды ма?

Басқа оқушылар өздері танытқан топтарында қандай нәтижелерге жетті?












Ендіріліп жатқан әдістеме қалай көмектесті немесе кедергі жасады(екеуінің де әсері болуы мүмкін)?

Күтпеген жайттар?












Әрқайсысының нәтижесін көтеру үшін оқыту әдісінің қандай аспектісі(-лері) бұдан былайғы түзетуді қажет етеді?










Келесіде біз не істеуге тырысуымыз керек?










Топқа бөлу:

Сан есім:

бір

төрт


он екі

бесінші


жиырма
Зат есім:

тақырып


мақсат

білім


тапсырма

топ
Етістік:

бағалайды

сыйлайды


ойланады

тындайды


қатысады

Сын есім:

әдемі

белсенді


білімді

ойшыл


ынталы
3-кезең

Сабақты бақылау

Мұғалім жоспарға сәйкес өз сыныбында ашық сабақ өткізеді. Басқа мұғалімдер зерттеу-сабағын бақылайды . Бақылаушы мұғалім сабақтың жоспарын алып, ескертпе(заметка) жасауы керек.

Оған мынадай үлгілер көмектесуі мүмкін.

« Оқушыларға арналған ескертулер үлгілері» :


  • оқушылар тәртібі жақсы(сыныпта тәртіп бұзылмайды)

  • оқушылар назары сабақта

  • оқушылар дәптерге ұқыпты және дұрыс жазуда

  • оқушылар дәптерге өз ойларын жазуда

  • оқушылар қойылған сұрақтарға сәйкес өз ойларын білдіруде

  • оқушылар өз ойларын пікірсайыс мәнмәтініне сәйкес білдіруде

  • оқушылар өз сыныптастарының ойларын тыңдайды.

«Мұғалімдерге арналған ескертулер үлгілері»

  • сабақ мақсаты түсінікті

  • мұғалім оқушылардың назарын аудара алады

  • мұғалім оқушылар арасында тәртіптің сақталуын қолдайды

  • мұғалім оқушыларды өз ойын айтуға итермелейді

  • мұғалім оқушыларды ойланып-толғандыратын сұрақтар қояды

  • мұғалім тақтада түсінікті жазбалар жазады

  • мұғалім топтық/жұптық жұмыстарды дұрыс қолданады

  • мұғалім АКТ құралдарын орынды қолданады

  • мұғалім карталар мен диаграммалар түрінде материалдар дайындайды

  • мұғалімнің оқыту мазмұнынан терең түсінігі бар

  • мұғалім оқушылардың ойы, сұрақтары мен тәртіптеріне дұрыс назар аударады

  • мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес өзгерте алады.

Бақылау кезінде мұғалімге емес, оқушыға назар аудару керек. Барлық оқушыны бірдей қадағалау шарт емес. Мұғалімдер өзара ақылдасып, қайсы оқушыны бақылайтындықтарын келісулеріне болады.Соның арқасында оқушыларды бақылау нәтижелерімен алмасу арқылы көптеген қосымша ақпараттар алуға болады.
4-кезең

Сабаққа шолу жасау және диалог

Ашық сабақ өткеннен кейін бақылаушылар оны талдайды.Талдаудың мақсаты-сабақты бағалау емес, мұғалімдердің пайымдауын(точку зрения) жөндеу немесе әрбір қатысушының сабақ туралы рефлексиясын тереңдету. Кейде кері байланыс мұғалімді алға жетелесе, ал сабақты бағалау кері әсер етуі мүмкін.

Мұғалім талдауға қатыспауы керек.Онда сабақ туралы ақпарат көп,сол үшін талдаушылар оның ақпаратына сүйенуі мүмкін.Ол тек бақылаушылар сұрақтарына жауап береді.

Мысалы, мынадай сұрақтарға :

- Сіз бұл сабақ үшін неге осындай жұмыс түрін таңдадыңыз?

- Сіз неге сол оқушыны шақырдыңыз?



- Сіз неге оқушы сұрағына жауап бермедіңіз?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет