САБАҚ ЖОСПАРЫ №23
Күні: 16. 02.17ж
Класы: 11 «Б»
Пән аты: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Web-беттегі гиперсілтемелер мен кестелер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кесте құрудың HTML тіліндегі тегтерін, визуалды редакторда кесте және гиперсілтеме құрудың тәсілін үйрету.
Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу
Дамытушылығы: Жаңа тақырыпты оқыта отырып, логткалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі: түсіндіру,сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, оқулықтар
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.
II Білімді тексеру кезеңі
Web-бетке суретті қалай қоямыз?
Веб беттің фонын қалай өзгертеміз?
Таңбаланған және нөмірленген тізімді қалай қоямыз?
III Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
IV Жаңа тақырыпты түсіндіру
Гиперсілтемелер
Құжаттан алыста орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Бұл редактордың басты қасиеттерінің бірі. Сілтемесіз сайт беттерімен жұмыс істей алмаймыз.сілтеме мәтін немесе сурет түрінде де болуы мүмкін. SharePointDesigner редакторындасілтеме жасалу керек нысанды тінтуірмен ұстап аламыз да, Қою-Гиперсілтеме бұйрығын орындаймыз. Шыққан сұхбат терезесінен сілтеме жасалатын нысанды көрсетіп, ОК батырмасын басамыз.
Келесі бетке сілтеме қою үшін мәтін
Кесте
Web-құжаттың негізгі бөліктерінің бірі-кесте. Кесте дегеніміз- бағаналар мен жолдар бойымен қиылысқан ұяшықтаржиынтығы. Кесте қандай да бір мақсатта, қандай да бір тақырыпта ақпаратты орналастыру үшін қолданылады. Ұяшық бос болу үшін бос орын таңбаларын енгізі керек. Кесте төмендегідей бөліктерден тұрады:
Кесте тақырыбы;
Бағаналар тақырыбы;
Ұяшықтар;
Кесте ұяшықтарына келесідей ақпараттар орналасады: суреттер, сандар, мәтіндер немесе тағы да бір шағын кесте.
Сонымен, қарапайым 2x4 кестесін HTMLтегтері арқылы құрып көрелік. Бұл жерде border- кесте сызықтарының ені, |
Сосын, әр жолда қанша баған болатынын көрсетеміз, төртеу болса төрт баған тегін жазамыз:
Ендеше блокнотта кесте тегін жазамыз.
Орындаған: Информатика пән мұғалімі Масимова Г.