Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі. 38-43 жаттығу Сабақ негізделген оқу мақсаттары



Дата26.08.2017
өлшемі78,79 Kb.
#29041
түріСабақ

Күні

Мұғалімнің есімі:

ПӘНІ: Қазақ тілі

Мектеп:

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі. 38-43 жаттығу


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіретінін, үш жағы болатынын және олардың

І,ІІ жақтарының адамға меншікті айтылатынын, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға қатысты екенін ұғындыру. Жаттығу барысында сөзді дұрыс тәуелдей білу дағдыларын арттыру



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіретінін, үш жағы болатынын және олардың

І,ІІ жақтарының адамға меншікті айтылатынын, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға қатысты екенін түсінеді



Оқушылардың басым бөлігі:

Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіретінін, үш жағы болатынын және олардың

І,ІІ жақтарының адамға меншікті айтылатынын, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға қатысты екенін түсінеді



Кейбір оқушылар:

Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіретінін, үш жағы болатынын және олардың

І,ІІ жақтарының адамға меншікті айтылатынын, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға қатысты екенін ұғынады. Жаттығу барысында сөзді дұрыс тәуелдей білу дағдыларын игереді



Тілдік мақсат



Оқушылар:

Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіретінін, үш жағы болатынын және олардың

І,ІІ жақтарының адамға меншікті айтылатынын, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға қатысты екенін түсінеді.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Тәуелдік жалғау, жекеше, көпше

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдану

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

39-жаттығу

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жаттығудың тапсырмаларын орындай отырып, сөйлемдерді жазады

Алдыңғы оқу

Негізгі және туынды зат есім

Жоспар

Әдіс-тәсілі

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Психологиялық ахуал

«Бес» болсын алар бағамыз  Білімнен бақыт табамыз. 
Өнер-білім көп оқып,  Өсе берсін санамыз. 

Мағынаны ашу


Көру диктанты

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Ережені еске сақта!




-Балалар бүгінгі сабақта біз  сендермен жаңа тақырыппен танысамыз.  Ол зат есімнің тәуелденуі.(Ең алдымен мұғалім  меншік, тәуелді, ие деген сөздердің мағынасын ашады. Мысалы, мынау менің қаламым, дәптерім, кітабым т.с.с Мұнан соң менің, сенің, сіздің, оның деген сөздер заттың иесін білдіретіндігі түсіндіріледі. )

-Тәуелдік жалғаудың І,ІІ жағы әрқашан адамға қатысты болса, ІІІ жағы адамға да, заттарға да қатысты бола береді. Мысал келтіру.


Менің кітабым өте қызықты. Сендер дәптеріңді ашып қойыңдар. Бұл сіздің журналыңыз. Ол қылқаламын алды.

-Қарамен жазылғын сөздерге назар аудар.


38-жаттығу (жазбаша).  Сөйлемдерді оқы. Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады

Менің сағатым үйде қалды. Сенің мысығың терезенің алдында отыр. Жақсылықтың қаламы партаның үстінде жатыр.
Сөздерге жалғанған қосымшалардың қандай мағынаны білдіріп тұрғанын байқайды

39-жаттығу.(жазбаша)  Сөздерді үлгі бойынша өзгертіп жазайық.

Менің  анам, қолым, қозым етігім

Сенің анаң, қолың, қозың ,етігің

Сіздің анаңыз, қолыңыз, қозыңыз, етігіңіз

Оның анасы, қолы, қозысы, етігі

Біздің анамыз, қолымыз, қозымыз, етігіміз

Сендердің аналарың, қолдарың, қозыларың, етіктеріңіз

Сіздердің аналарыңыз, қолдарыңыз, қозыларыңыз, етіктеріңіз

Олардың аналары, қолдары, қозылары, етіктері.

Заттың біркуге меншікті екенін білдіретін  жалғауларды тәуелдік жалғаулардейміз.

Жекеше                                      Көпше



Іжақ      Менің досым              Біздің достарымыз

ІІжақ     Сенің досың               Сендердің достарың

Сіздің досыңыз          Сіздердің достарыңыз

ІІІжақ   Оның досы                  Олардың достары

40-жаттығу (жазбаша)  Жұмбақты оқып,шешуін табады

Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желиді

Аузы жоқ ұлиды.  ( жел) -Тәуелдік жалғауы қай жақта айтылып тұр? Сұрақ қой.

      


5-жаттығу (ауызша)  Кестеге орналастыру

Менің         сенің      сіздің    оның                              

Добым      добың   дәптеріңіз                         добы

Дәптерім  дәптерің                дәптері

            біздің               сендердің                сіздердің               олардың

оқушыларымыз     оқушыларың        оқушыларыңыз         оқушылары





Үйге тапсырма
Кері байланыс

41-жаттығу
«Тазалық» әдісі арқылы қорытындылайды




Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға

тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс



қабілеті жоғары оқушыларға

сөздерді тәуелдейді

Смайликтер арқылы көңіл-күйді анықтауды үйренеді.

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Топтық жұмыстарда құралдарды сақтықпен пайдалану




Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет