Сабақтың тақырыбы:Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт-дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;
Дамытушылық мақсаты: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасады, бірнеше ойды салыстырады, қарама-қарсы қояды;
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, халықтық салт-дәстүрді білуге баулу;
Сабақтың түрі: Практикалық оқуға негізделген ізденіс.
Типі: іскерлік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, этнография.
Құрал-жабдықтар: парақшалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылармен сәлемдесіп, сабақ әзірлігін бақылау.
-
Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың ерекшелігі стратегиялық бағытта жүргізіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: мазмұнын айту, сұрақ-жауап ұйымдастыру, бірін-бірі толықтыру.
«Ананың анасы» әңгімесі бойынша берілген тапсырмаларды тексеру,сұрақтарға жауап беру
2.Мәтінді талдау.І тапсырма
-
Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған?
-
Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
-
Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкер?
-
Әңгіме қандай тәсілмен жазылған?
-
Табиғатты суреттеген жерін табыңдар?
Табиғат дегеніміз не? Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
II.Жаңа сабақ «Еркін жауап» стратегиясы.
Берілетін сұрақтар:
- Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
- Әңгімеге арқау болған қандай оқиға?
- Әңгімеге сендер қандай атау берер едіңдер?
- Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды?
- Мәселені басқаша жолмен шешуге болмас па еді?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
-
2. «Түсіну» стратегиясы
Шығармалары
|
Поэма
|
Қара сөз
|
Роман
|
Әңгіме
|
Өлең
|
Про
за
|
Пьеса
|
Повесть
|
Аударма
|
Баллада
|
«Ананың анасы»
|
|
|
|
P
|
|
|
|
|
|
|
«Қазақ солдаты»
|
|
|
P
|
|
|
|
|
|
|
|
«Боранды түнде»
|
|
|
|
P
|
|
|
|
|
|
|
«Аманкелді»
|
|
|
|
|
|
|
P
|
|
|
|
«Ақлима»
|
|
|
|
P
|
|
|
|
|
|
|
«Өлімді жеңген ана»
|
|
|
|
P
|
|
|
|
|
|
|
«Қыз Жібек»
|
|
|
|
|
|
|
P
|
|
|
|
«Ашынған ана»
|
|
|
|
P
|
|
|
|
|
|
|
«Оянған өлке»
|
|
|
P
|
|
|
|
|
|
|
|
«Кездеспей кеткен бір бейне»
|
P
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Жапон балладасы»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
P
|
«Ақан сері-Ақтоқты»
|
|
|
|
|
|
|
P
|
|
|
|
«Ұлпан»
|
|
|
P
|
|
|
|
|
|
|
| Сабағымызды жазушы өмірімен байланыстырамыз. Ол үшін интербелсенді тақтадағы мына хронологиялық кестені толтырамыз.
Ғ. Мүсіреповтың өмірінен хронологиялық кесте
Мерзімі
|
Болған оқиғалар
|
1902 жыл
|
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді
|
1923-1926 жыл
|
Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсті
|
1926-1927 жыл
|
Омбыдағы ауылшаруашылық институтында білім алады
|
1958 жыл
|
КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болады
|
1974 жыл
|
Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын алады
| -
Жазушы өмірінен, елеулі оқиғалары мен кезеңдерінен мәлімет алдық, ендеше жазушы Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығына кезек берейік
-
ІҮ. Ал, балалар, біз үй тапсырмасын бекітіп, бүгінгі сабағымызға арқау болған Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесін сатылай кешенді талдау жасайық.
Ендігі кезекті 3. «Танып білу стратегиясына» берейік. Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)
4.«Талдап білу» стратегиясы. (Сатылай кешенді талдау).
1.Шығарманың авторы: Ғабит Мүсірепов
2.Тақырыбы: Екі жастың сүйіспеншілігі. Қыз алып қашу дәстүрі.
3.Идеясы: Адам бақыты жаны қалаған адаммен өмір сүру
4. Жанрлық түрі: Әңгіме
Компазициялық құрылым:
-
Оқиғаның басталуы: Ашуға мінген Қайсар;
-
Оқиғаның дамуы (Сюжеттік байланыс): Қыз алып қашуға аттану;
-
Оқиғаның шиеленісуі: баланың адасуы. Бейтаныс үй;
-
Оқиғаның шарықтау шегі: Кәменді балаға ілестіру;
-
Оқиғаның шешімі (аяқталуы): Бала мен Кәменнің үйге келу
5.«Түсініктеме күнделігі» стратегиясы. Салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға байланысты ұғымдарды түсіну. Мәтіннен іздестіріп, жауап жазады.
1. Баланы сүндетке отырғызу; 2. Балаға сүндет ат беру;
3. Қыз айттыру; 4. Қалың мал беру; 5. Қыз алып қашу;
6. Ұзатылар қыздың қоштасуы; 7. Бата беру;
8. Келіншектің қайын інісіне ат қоюы; 9. Аңшылық;
-
6.«Пәнаралық байланыс» стратегиясы. Келесі тапсырма қазақ тіліне қатысты болмақ. Дисфемизм деген не? Атын тікелей айтуға тыйым салынған сөздерді «дисфемизмдер» деп атаймыз. Мәтіннен осы сөздерді табайық:
-
Боқмұрын-су мұран,маңқа
-
Оттамасын-көп сөйлеме,бей-берекет сөйлемеу
-
Иттің ғана баласы-ей,күшік немене
-
Қатын-әйел,бәйбіше
5.Өсекші-сөзшең
Оларды қандай сөздермен алмастыруға болады? Оларға антонимдес, сыпайы сөздерді қалай атаймыз?
7.«Кейіпкерлер» стратегиясы. Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
1. Қайсар, Бала, Асылхан. (Ер балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).
Іс-әрекеті
|
Мінезі
|
Кейіпкер мінезін толықтыру
|
|
|
|
2.Кәмен, Бәден апайдың, Кәменнің сіңлісі кішкентай шошақай қызға. (Қыз балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).
Ү. Қорытындылау: 8. «Пікір алысу» стратегиясы.
Шығарма несімен ұнады?
|
Сүйікті кейіпкерлерің
|
Кейіпкерге хат
|
Жасалған қорытынды
|
Қызықты, оқырман таңдамайтын, тілі жеңіл, юморлық шығарма
|
Бала, Кәмен, Қайсар
|
Бала, бастысы жеңгелі болдың, соның арқасында ат міндің
ол да
|
Шығармадан түсінгенім кез келген адам өзі қалаған адаммен өмір сүру
|
ҮІ. Үйге тапсырма беру:
-
Үйлену салтына байланысты мәлімет дайындау.
-
Өзіңнің басыңнан өткен қызықты бір оқиғаны жазып кел.
Бағалау парағы:
Достарыңызбен бөлісу: |