пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Қыстырма сөздер
Мақсаты:1. Қыстырма сөз туралы білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу
2. Сөздік қорларын молайту, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын
жетілдіру.
3. Адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: көркем суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Қатты, сабырлы.
ІІІ Оқулықпен жұмыс
а) 68-жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөзді тауып қойып, оны тыныс белгісімен толықтырып жазу.
Біз, шынында, байқамай қалыппыз. Меніңше, Сара мәреге бірінші боп жетеді. Мұражайға, сірә, ертең барармыз. Бәсе, өзім де осылай болар деп ойлап едім.
ә)Сірә сөзіне фонетикалық талдау жасау.
сірә
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай –
жіңішке буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы
дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.
2. Бұл сөз: сі –рә болып екі буынға бөлінеді.Себебі оның
құрамында екі дауысты дыбыс бар. Сі-рә буындары
ашық буындар. Себебі буындар дауыссыз дыбыстардан
басталып, дауысты дыбыстардан аяқталып тұр.
3. Бұл сөз: сі- болып бір жағдайда тасымалданады.
рә
б) 70-жаттығуда- Сөзжұмбақты шешу.
1. Б А Й Қ А Й М Ы Н
2. А Қ Ы Р Ы Н Д А
3. Қ Ы С Қ А С Ы
4. А Й Т П А Қ Ш Ы
5. Ш Ы Н Ы Н Д А
6. С І Р Ә
7 . М Ү М К І Н
8. А М А Л Қ А Н Ш А
в) «Кім жылдам» ойыны. 69-жаттығуда қыстырма сөзді табу.
9.Өлеңнің тәрбиелік мәні.Досы үшін арашаға түсу, нағыз дос болу.
Достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «100теңгең болғанша, 100 досың болсын» т.б.
г)Сергіту сәті
д) 71-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сен де өз досыңмен сынға түс. Өз ойыңды жеткізде менің ойымша қыстырма сөзін пайдалаң.
ж)Көркем сурет бойынша қыстырма сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жазу.
ІҮ Бекіту: 1. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен қысқаша сұрап шығу.
Ү. Үйге тапсырма қыстырма сөздерді қатыстырып, «Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастыру.
YI.Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»
Сабақтың мақсаты:
1.білімділік - оқушыларға А. Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын айту, ақынның аудармаларына шолу жасау, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау;
2.дамытушылық - сұрақтар, іздену тапсырмалары арқылы өз ойын еркін, сауатты әрі дәлелді түрде көркем тілмен жеткізуге, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
3.тәрбиелік –мәдениеттілікке, адамгершілікке, қарапайымдылыққа баули отырып, келешек жастардың саналы болып өсуіне, ақын уағыздаған жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ассоцация, зерттеу.
Көрнекілік: слайдтар
Пәнаралық байланыс: сурет, өзін-өзі тану
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу
2. Ақын өлеңдерінен үзінді жатқа оқу
3. Ә. Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» шығармасынан түсінік айту.
III.Үй тапсырмасын бекіту. Ахмет Байтұрсынов туралы ізденіс жұмысы IV.Жаңа сабақ. 1. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Сабақтың эпиграфы: Бәленің түрін көрген мен – сары масса
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан. Ахмет Байтұрсынұлы
2.Мұғалім сөзі. Санамалай айтар болсақ, «Ахмет Байтұрсынұлы кім?» деген сұраққа былайша жауап беруге болады. Біріншіден, ХХ ғасыр басында қазақ халқының аса көрнеті қоғам қайткері. Екіншіден, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарын жазған ағартушы. Үшіншіден, араб графикасына негізделген қазақ алфавитін жасап, оқу әдістемесін түбегейлі түрде жетілдірген ұлттың ұлы ұстазы. Төртіншіден қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы филолог-ғалым. Бесіншіден, тәлімі терең тәржімашы (аудармашы). Алтыншыдан, өлеңі сөзге ой ұйытқан, ойшыл ақын. Жетіншіден, тұңғыш бейресми «Қазақ» атты газет шығарып, қазақ баспасөзін көркейткен көсемсөздің көшбасшысы.
Ақын 1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан. Орыс мысалшысы И.А.Крыловтан аударған және соның ізімен, идеясымен жазылған мысалдардың бірі - «Екі шыбын» шығармасы. Бұл шығарма мысал түрінде жазылған
- Мысал дегеніміз не?
- Мысалдың идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма болып келеді.
3. «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқу
4. Сөздік жұмысы
1) маңғаздану – паңсыну, тәкәппарлану;
2) Мақтаншақ адам – өзін-өзі асыра бағалайтын, мақтауды сүйетін адам;
3) Әлін – шамасын, күшін
4) ғибрат – үлгі, өнеге
5) Мұрнын көкке көтеру – менсінбеу
5. Мағынаны ажырату. Тірек сөздер: шыбын, сабан, өгіз, жер жырту, ғибрат, мұрнын көкке көтеру
6. Грамматикалық тапсырма. Сөздіктегі сөздер мен сөз тіркестерінен синонимдер мен тұрақты сөз тіркесін табу.( Мұрнын көкке көтеру – тұрақты сөз тіркесі; Мұрнын көкке көтеру, маңғаздану– синонимдер)
- Өздерің байқағандай,шығармада автордың айтпақ ойы - мақтанға салынбау. Автор образы арқылы адамдардың бойындағы мақтаншақтық қасиеттерді сынайды.
7.Өлеңнің жоспарын құру.
1) Сабан тартқан өгіз
2) Мүйізіндегі қара шыбын
3) Шыбынның танысына кез болуы
4) Танысының жөн сұрауы
5) Шыбынның мұрнын көкке көтеруі
6) Өзімшіл шыбын
8. Өлеңді талдау
Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, /11 буын/ /а/
Өз әлін өзі білген адам көп пе? /11 буын/ /а/
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді, /11 буын/ /б/
Біреудің шылауында жүріп текке. /11 буын/ /а/
- Өлеңнің ғибратын қай шумақтан оқуға болады?
- Бұрын өткен мысалдарды еске түсіріңдер.
- Қандай мақалмен тұжырым жасауға болады?
(Бидайдың басын көтергені – дақылы жоқтығы.
Жігіттің кеудесін көтергені ақылы жоқтығы)
V. Қорытынды:
1.Мысалдан қандай әсер алдыңдар?
2. Өмірден қандай мысал келтіруге болады?
VI Бағалау
VII Үйге тапсырма
1.«Екі шыбын» мысалын жаттау
2. «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбына шығарма жазу.
Тақырыбы: «КӨКТЕМ АРУЫ» атты қыз сыны сайысы
Мақсаты: Сайыскердің танымдық белсенділігін арттыру, дүниетанымы мен
мәйекті сөздермен байыту, олардың ойлау және ойын тиянақты,
жетік тілмен жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Ұлағатты ұлы сөздерден тәлім алып, халқымыздың салт-дәстүрін
құрметтеуге тәрбиелеу, сахна өнеріне баулу. Қол өнерін,
жылдамдық, іскерлігін, сән үлгісін көрсете білу.
Түрі: Ашық тәрбие сағаты.
Әдіс- тәсілдері: өнерін көрсету.
Көрнекілігі: Сынып бөлмесінің әсем безендірлуі гүлдер, шарлар, т.б.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі «КӨКТЕМ АРУЫ» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Аруларымызды ортаға шақырмас бұрын, әділқазылар алқасын тағайындайық.
Әділқазылар арулардың тапсырманы орындауы киім үлгілері, өнеріне жеке-жеке баға беріп отырады. Ендеше аруларымызды ортаға шақырайық.
Мұғалім
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алды, уақытты ұттырмайық деп жаңа өздеріне берген болатынбыз. Енді сол номерлер бойынша өз өнерлерін көрсетеді.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар, бүгінгі байқауымыз 4 турдан тұрады.
1. «Сәлем-сөздің анасы» (өзін –өзі таныстыру)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету ән,би, т.б.)
3. «Шеберлік сыры» (қол өнері, аспаздық, т.б.)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
І.Бірінші сайыс- «Сәлем-сөздің анасы» өзін-өзі таныстыру
Көңілге түй сен мұны.
Әр бүлдіршін- ел гүлі,
Бақытты елде туғаның,
Есіміңнен белгілі.
ІІ. Екінші кезең- 2. «Өнерлі өрге жүзер»
Өнерсіздер қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр,
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Жарқыраңдар,жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр сайысың алғашқы!
ІІІ. үшінші кезең «Шеберлік сыры»
ІҮ. Төртінші кезең «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ендеше шебер қыздарымыздың қол өнерлерін тамашалайық.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық.
Мұғалім: Енді сөзді төрешілерімізге береміз.
Мұғалім:
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Мұғалім: Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер!
Сабақтың тақырыбы: «Қарлығаш» Өтебай Тұрманжанов
Сабақтың мақсаты: 1) Өлеңнің мазмұнын ашып, түпкі негізгі ойды ашу.
2) Ананың балаға деген махаббатын, сезімін түсінуге баулу, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, шығармашылыққа,қайырымдылыққа баулу.
3) Өз бетімен жұмыс жасау, сурет бойынша әңгіме құрау, мінездеме жазу ,сатылай кешенді талдау қабілеттерін дамыт
Сабақтың көрнекілігі : слайд,тақырыпқа байланысты сурет , қарлығаш, дәуіт, жылан суреттері
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау- жинақтау
Сабақтың жүрісі: I Ұйымдастыру бөлімі
II Психологиялық дайындық
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!
Ой қозғау стратегиясы Ендеше сабағымызды бастайық.
III Үй тапсырмасын сұрау «Бәйге»ойыны арқылы әр қатардан бір оқушыдан тақтаға шығарып сұрақ қою.
Ойын шарты: оқушылар қатарға тұрады. Сұрақтың жауабын алғаш тапқан оқушы ілгері бір қадам жылжып отырады. Осылайша жеңімпаз анықталады.
Жіңішке сұрақ: «иә», «жоқ» арқылы жауап беру
1 Бұл өлеңде торғай көңілді ме? Жоқ
2 «Құндыздай», «Қорғасындай» деген сөздер теңеу сөздер иә
3 Бұл өлеңдегі негізгі ой «Құстарға қамқор болу керек, құс ұясын бұзбау керек» иә
IV Жаңа сабақ Жұмбақ шешу
Құйқылжытып дала күйін, үй ішіне салады үйін (қарлығаш)
Үп- үшкір таяғы , жылан көзін ояды (дәуіт)
Жер бетінде жатқан арқан, ұстауға оны бәрі қорыққан ( жылан)
Қарлығаш, дәуіт , жылан туралы не білетіндерін қысқаша сұрау
Қарлығаш- торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б.ұя жасайды. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады.
Дәуіт- жыртқыш жәндіктер отрядының бірі. Дәуіттің басы қозғалысқа өте икемді, денесі ұзынша (40 – 75 мм), жасыл, сары, қоңыр түсті. Ал жазда өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты түсі құбылып тұрады. Қос қанатты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді. Қазақстанның барлық облыстарында 20-дай түрі, әсіресе, кәдімгі дәуіт, теңбіл қанатты дәуіт, қауырсын тұмсықты эмпуза жиі кездеседі.. Дәуіт түрлі ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Олар ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктермен қоректенетін болғандықтан пайдалы, бірақ кейбір түрі бал арасынан, пайдалы қоңыздарды жеп, зиян да келтіреді.[1] Ұзындығы 11 см. Өтебай Тұрманжановтың « Қарлығаш»өлеңін мәнерлеп оқу.
Жылан- бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отрядының бір тармағы. Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
Оқулықпен жұмыс
Бір шумағын бастап ары қарай тізбектеп, жалғастырып оқу, мазмұнын ашу.
Сөздік жұмыс Дәуіт- шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік.
1 қатар сұрағы Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? Ұяда қанша балапан бар дейді?
2 топ сұрағы Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді?
3 топ сұрағы Қарлығаш жыланнан қалай құтылды?
V Өлеңге сатылай кешенді талдау
« Қарлығаш»өлеңі
1 Авторы - Өтебай Тұрманжанов
2 Тақырып- Табиғат жәндіктері мен құстар арасындағы тартыс
3 Жанр түрі- поэзия (өлең) өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4 Идеясы- бірлікке, татулыққа, қайырымдылыққа баулиды, ақ пен қараны айыра білуге, ананың бар арманы- баласының амандығы.
5 Шумақ - аяқталған синтаксистік тұтас бір ойды білдіреді.21 шумақ
6 Тармақ- өлеңнің бір жолы 4х21=84 тармақты
7 Бунақ- белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі 3 бунақты өлең
8 Буын саны- сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты 11буынды
9 Ұйқас- өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін - ұйқас дейміз. Қара өлең ұйқасы- -а-а-ә-а
10 Әдеби – теориялық ұғымдар.
Дәптермен жұмыс
1 қатар Өлеңде кездесетін жәндіктер мен құстардың аттарын былайша жаз.
Жәндіктер: инелік,шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бал ара, шегіртке, қоңыз, жылан, есекқұрт, шылаушын, көбелек, дәуіт.
Құстар: бозторғай, ала қаз, көк ала үйрек, қарлығаш.
2 қатар Өлеңнен автордың жыланды жек көргенін қалай білуге болады? Ол үшін жыланға байланысты айтылған сипаттау сөздерін мына үлгі бойынша теріп жазсаңдар, автордың көзқарасын анық байқауға болады.
Қандай?
Жылан сұр, сұм
шұбар, қан сорғыш
қу, түсі суық
3 қатар Сурет бойынша әңгіме құрау
Түсіндірме сөздік Дәуіт- шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік.
Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - бірлікте болып , қайырымды болуға, ана қадірін ұқтырып, ананы сүюге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
2 тапсырманы орындату арқылы нақтылай түсу.
Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқы. Оқыған кезіңде қандай сезімде болдың?
Жыланды түсі суық танып тұрды,
Көзінен мөлт- мөлт жасы тамып тұрды.
Анаға бала деген қандай қымбат!
Жүрегі алас ұрып жанып тұрды.
VI Сабақты қорыту
Жаппай тапсырма
Қандай осы тақырыптарға байланысты ырымдар, аңыздар, әңгімелер білесіңдер?
Дәуіт- пайғамбар есімі, араб тілінен аударғанда «сүйкімді,тартымды» деген мағынаны білдіреді.
Жыланға ақ құйып шығару- үйге еклген қонаққа міндетті түрде ертеде ақтан ауыз тигізетін болған, міне үйге келген жауға да ақ құйып құрметтеу дегеннен шыққан екен.
Бүкіл ел көшіп бара жатқанда Төле бидің үйінің шатырына қарлығаш ұя салып, содан Төле би қарлығаштың балапандары әбден қанаттанғанша көшпей қалып қойған, содан «Қарлығаш әулие атанып » кеткен.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |