Табыс критерийлері:
|
1. «Ана» өлеңін оқып әңгімелейді
2.Өлеңнің мағынасын аша отырып, оның мазмұнын түсініп талқылайды
3.Өлеңдегі сөздерді пайдалана отырып өз аналарына, әжелеріне ақ тілектеріңді білідіріп хат жазады
4.Анаға байланысты өлеңдерді айта отырып Ғ. Ормановтың «Ана» өлеңімен салыстырады
5.Ана өлеңін тізбек бойынша жатқа оқыту
6.Ана туралы алған ойларын тұжырымдап бағалайды
|
Тапсырмалар:
|
Психологиялық дайындық! Аутотренинг «Көктемгі табиғат» Топқа бөліну: «Білім ұшақтарының түстеріне қарай топқа бөліну. І топ «Сары түсті ұшақ», ІІ топ «Жасыл түсті ұшақ», ІІІ топ «Қызыл түсті ұшақ», ІҮ топ «Көк түсті ұшақ»
Сабақтың тақырыбын ашу: «Ой қозғау»
Көктем мезгілі жайлы әңгімелеп, оның айларын айта келіп, наурыз айына тоқталу. Наурыз айының ішндегі мерекелі күндерді ататып, 8 наурыз мерекесінің қандай мереке күн екенін айтқызу.Аналарымызға 8 наурыз мерекесіне арнап Ғ. Ормановтың «Ана» атты өлеңін оқып, жаттап аламыз. Қол шапалақтау. Шығарманың авторы Ғ. Ормановтың өмірбаянымен Қасен Ақбота таныстырады. Бас бармақпен бағалау
1. Тыныштық сәті: Өлеңді оқу «Ана» өлеңін бір оқушы оқып береді. Оқушылар мұқият отырып тыңдайды. Өлеңді оқып болғаннан кейін оқушылар өлеңнің мазмұнын қара сөзбен түсінгендерін әңгімелейді.Жұлдызшалар тарату
2. Топтық жұмыс: Өлеңнің мазмұнын талқылап постерге түсіріп әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Қол шапалақтау.
3. Тендер ойыны:(Оқушылар берілген тапсырманы орындайды да, кезекпен тендерлік комиссия алдында өздерінің тілектерін оқиды. Комиссия қай оқушының тілегін «үздік» деп тапса сол оқушы «жеңімпаз» деп танылады ) Олай болса, 8 наурызда аналарыңа айтатын тілектеріңді жаза қойыңдар. Гүлдің суретімен бағалау
4. Тақырыптардың түйісуі: Анаға арналған тақпақтар оқу. Ол тақпақтарын бүгінгі «Ана» өлеңімен салыстыру. Өлеңдердің ұқсастығымен айрмашылықтарын табады. Смайликтер тарату
|
Сергіту сәті
5 «Тізбек бойынша сұрау» (Өлеңді айтып тұрған оқушыны кез келген жерінен тоқтатып, ары қарай басқа оқушының жалғастыруы сұралады)
Өлеңнің әр шумағын төрт топқа бөліп беріп, жаттатқызу, тізбек бойынша сұрау.
Бас бармақпен бағалау
6. Шығармашылық тапсырма:
І топ «Ана» мақал – мәтелдер жазу
ІІ топ «Ана» суретін салу
ІІІ топ «Ана» ребус құрау
ІҮ топ «Анаға сыйлық» суретін салу
Екі жұлдыз бір тілек
Қорытынды: Жүректен жүрекке: Мұзафар Әлімбаевтың «Жанымда анам барында» өлеңімен сабақты қорытындылау
Ең бір ұстазың.
Жанымда анам барында,
Даланың көк мұз қарында
Тоңбаймын, жаурап тоңбаймын,
Жан анам бар жанымда!
Үскірік, аяз, ызғарда,
Жүрсе де ұзақ мұз – қарда,
Тоңбайды анам өзі де,
Қасында мына біз барда!
Олай болса, бәріміз шеңбер жасап «Әрқашан күн сөнбесін» әнін бірге орындайық
Рефлексия: Бүгінгі сабаққа деген өз ойларын, көз қарастарын, ұсыныстарын, сұрақтарын, стикерге жазып смайликтердің астына жабыстырады
Дүниедегі ең қымбат адамың.
|