Тақырыбы: Дүкендер
1.Дүкендер туралы алған білімдерін кеңейтеді.
2.Сөздік қорын байытады. Материалдарды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра отырып, тілдесу әрекетін жандандырады. Әр оқушы білім сапасын оқу, тыңдау, жазу, айту әрекеттері арқылы дамытады.
3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі, тыңдайды, бір-бірінің ой-пікірін сыйлауға үйренеді. Тілге деген қызығушылықты артады; азық – түліктің маңызын түсінеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылған әдіс тәсілдер: «Негізгі идеяны суреттеу»,іздену,ой-қозғау
Сабақтың ұйымдастыру формасы: топпен.
Көрнекліктер:Ақ плакаттар,суреттер,клей,сөзжұмбақ т.б.
Техникалық құралдар :телевизор, компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері:
-Балалар келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып, бір-бірімізбен амандасайық.
Оқушылар хормен:1 минут
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба , Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!
ІІ. Топқа бөлу.
Ал, балалар, сабақта жұмысты жақсы орындау үшін көңілімізді көтерейік.
ІІІ.Бейнеролик көрейік. 1 минут 2.03
ІV.Тақырыбымызды шығарып алу үшін сөзжұмбақ шешейік.Аудар.1минут.2.04
1.звук
|
Д
|
|
|
|
|
Ү
|
|
2.дом
|
|
|
|
|
|
К
|
3.платье
|
4.рубашка
|
|
Е
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Н
|
|
|
5.хлеб
V.Тақырыпқа байланысты слайдтар көрсету. 1 минут.2.05
Мұғалім: Балалар, біз сендермен қандай дүкендерді білеміз?
Ойыншық дүкені.
Азық-түлік дүкені .
Кітап дүкені.
Киім дүкені.
VІ.Сөздік жұмысы.Жақсы, балалар, ендеше жаңа тақырыбымызға қатысты сөздерді хормен қайталайық.
Шұжық
ет
қант
балық
нан
қаймақ
ірімшік
алма
Май
алмұрт
кәмпит
айран
сүт
жұмыртқа
VІІ.Қызығушылықты ояту.
А)«негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы бойынша дүкен туралы не білетіндерін қағаз бетіне түсіру
Ә)шағын топқа салу. Плакат арқылы ойларын шығару.
Б)Орталарынан 1 спикер шығарып , плокатқа жазғандарын қорғау.
Коллажбен жұмыс. Балалар, қазір сендердің алдарыңда ақ плакат пен суреттер жатыр. Сол плакатқа өздеріңнің дүкендеріңе қатысты суреттерді тауып жапсырасыңдар. Сосын соны қорғайсыңдар,тақырыптарыңа байланысты сөйлемдер құрастырыңдар.Осыны орындауға 10 минут беремін.2.15
Оқушылардың жауаптарын бағалау (смайликтермен бағалау).
ІХ.Фонеткалық талдау. 5 минут.2.20.Әр топқа бір сөзден. Талдаймыз, сосын оқып береміз. 1-топ. қуыршақ сөзіне фонетикалық талдау жасау
2- топ.қонжық сөзіне фонетикалық талдау
3-топ . ұшақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.
VІІІ.Сергіту сәті. 2 минут 2.22.
Х. Дәптермен жұмыс.5 минут.2.27
1,2,3- тапсырманы орындаймыз.
1-тапсырма.Сөздерді көшіріп жаз.
2-тапсырма. Сөйлемді толықтырып жаз.
3-тапсырма. Азық-түліктің атауларын жаз.
ХІ.Топта диалог құрастыру. 5 минут.2.32.
Әр топқа өздерінің дүкендері бойынша екі оқушыға сөйлету.
Бір оқушыға үйде жаттап кеген өлеңін оқыту.
ХІІ. Деңгейлік тапсырмалар орындау. 5 минут.2.37
1 - деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Магазин, груша, молоко, колбаса, масло.
2 - деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Вкусная колбаса. Большое яблоко. Красная клубника.
3 - деңгей.
Аудар. Жуан сөздердің астын сыз.
Я масло купил. Мама капусту купила
ХІІІ.Қорытындылау. Сұрақ-жауап. Бағалау. 3 минут.2.40
1.Қандай дүкендерді білесіңдер?
3.Кітап дүкенінде не бар?
4. Ойыншық дүкенінде не бар?
5.Киім дүкенінде не бар?
6 Азық- түлік дүкенінде не бар?.
Орнымыздан тұрамыз.
Киімдердің атауын естігенде қолымызбен шапалақтаймыз, ойыншықтардың атауын естігенде аяқпен жерді тебеміз,азық түлікті естігенде ,басымызды айналдырамыз.
Айран,сүт,машина,жейде, тон,нан, колғап, қуыршақ, қант, көйлек,шұжық, жұмыртқа,балмұздақ, қонжық, ұшақ,май, машина.
ХІV.41.1 минут.Балалар, тақтаға қараңдар.Сендердің алдарыңда смайликтер жатыр. Егер сабақ ұнаса, осы смайликті көрсетіп тақтаға іліңдер.
Егер сабақ ұнамаса, осы смайликті көрсетіп тақтаға іліндер.
- Сендердің бағаларың.
ХV. Үйге тапсырма: ас тақырыбына 3 мақал-мәтел тауып жаттап келу.
- Бүгінгі сабақ аяқталды. Назарларыңызға көп рақмет. Балалар тұрыңдар. Сау болыңыздар!
17.11.15. 10 сынып ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ АЯ
Сабақтың тақырыбы: 1-тақырып.ТЕХНИКА ҒЫЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ БЕЛГІЛІ ТҰЛҒАЛАР. 4-қадам. Қарапайым адам еді.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқу, оқылған мәтіннің негізгі ойын және өзіне қажетті мәліметті таңдап ала білу.
Күтілетін нәтиже: Мәтінмен жүйелі жұмыс істейді, керекті мәліметті таңдап алады, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазады, сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіреді, синоним сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.
! Модульдер: ЖАДА жұмысы. Қайталап сұрақ қою. диалогтік оқыту
Белсенді жұмыс түрлері: Сыни тұрғысынан ойлау, Топқа бөлу. Диалог, миға шабуыл, ассоцияция жасау, деңгейлік тапсырмалар орындау.
Сабақтың жабдықталуы: Сәтбаев Қаныш Имантайұлының портреті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 5минут.
Топқа бөлу( мақалдарды басып шығарып, кесу,59бет)
1. Ғалым болсаң,
Елге мәлім боларсың.
2. Білімді өлсе, қағазда аты қалар,
Ұста өлсе, істеген заты қалар.
3. Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Психологиялық дайындық. Әр мақалды мақалдың мағынасын айтып береді.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.10минут
Ітоп. Қаныш Сатпаевтің өмірбаяны жайлы.
ІІтоп. Қаныш Сатпаев-геолог.
ІІІтоп. Қаныш Сатпаев атындағы ғаламшар.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Миға шабуыл. Сәтбаев Қаныш қандай адам болған? (Оқушылар Қ.Сатпаевтің дене-бітімі жайлы айтады.)
Ассоциаграмма :Дене бітімі. Мысалы:
54бет. «Англиядағы кездесу» мәтінінен.
Дене бітімі
|
Ішкі дүниесі
|
ақ құба, бойы ұзын, денесі зор
|
адамның бәрін жылы шыраймен қабылдайтын
жұрттың бәріне бірдей қарайтын
өмірін халық үшін, адамзат үшін сарп еткен
жәрдем сұрап барған адамдарға қолынан келген жәрдемін беретін
табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін жұмсап кеткен кісі
сыпайы, еңбексүйгіш, адамгершіл
|
Мұғалім: Сендер сыртқы бітімін айттыңдар, енді біз бұл кісінің адами қаситеттерін білейік.
Топтық жұмыс
1)59бет, 1-тап. Мәтінді түсініп оқу, 6минут.
Қарапайым адам еді
Қадірлі аға, әрқашан: «Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін сарп етеді», -дейтін.
Қаныш ағаның өзі- бойындағы барлық күшін, жігерін, табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін жұмсап кеткен кісі.
Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын. Оқымысты ма, министр ме, жай қарапайым жұмыскер ме – ол кісіге бәрі бірдей адам болатын. Алдына жәрдем сұрап барған адамның бәрін жылы шыраймен қабылдап, қолынан келген жәрдемін беретін.
- Қарағым, қандай ортада жүрсең де, үш қасиеттен жаңылмағайсың: еңбексүйгіштіктен, сыпайыгершіліктен, адамгершіліктен, - деп айтқаны бар еді.
Мен бүгінгі жастарға сол кісінің осы сөздерін қайталар едім. Қаныш аға ғұлама ғалым, үлкен ойшыл болумен қатар өте қарапайым адам еді.
Қаныш аға – бүкіл қазақ халқының ардақты ұлы, ол мәңгі жасамақ.
2) Әр оқушы түсінбегенін қасында отырған көршісінен сұрайды, 2минут.
(немесе менен сұрайды)
3) Сұрақтарға жауап беріледі(бір топ екінші топқа қояды)-3минут.
? Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңдер.
1. Ғалым болу үшін не керек?
2. Қаныш аға қандай адам болған?
3. Қаныш аға жұртқа қалай қарайтын?
4. Қаныш аға адамда қандай қасиеттер болу керек дейді?
5. Бүгінгі жастар қандай болуы керек?
4) Мен: «Қаныш аға қандай қасиеттерден жаңылма, есіңнен шығарма, еш уақытта ұмытпа!»- дейді.
Жауап:Еңбексүйгіштіктен, сыпайгершіліктен, адамгершіліктен.
Ассоциаграмма : Дене бітімі жазылып тұр. Соны толықтыру(адами қасиеттері туралы). 59бет. «Қарапайым адам еді»мәтінінен.
60бет, 4-тап. Тек сөз құрамына талдаңдар. Интерактивті тақтада.
62бет, 8-тап.Мәтіннен өткен шақ тұлғасында тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.(Ватманға жаздыру- оқып шығады, орнынан)
Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын. 2минут.
61бет, 5-тап. Сөздер мен тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар. 3минут.
Рефлексия: Бес жол өлең осы тақырып бойынша
Зат есім
2сын есім
3етістік
сөйлем 4сөзден тұратын
зат есімге синоним
Өздік бағалау
Топта сұрақтарды талқылап, жауаптарын постерге түсіру.
Мәтінмен жұмыс
1. Оқушылар өз беттерімен мәтінді оқиды.
2. Түсінбеген сөздердің мағынасын көршісінен сұрайды.
3. Мәтінді түсініп оқиды. (өздігінен аударады)
4. Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап береді.
5. 52бет,2-тап. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер.
6. 52бет,3-тап. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.
53бет, 6-тап. Мәтіннен етістіктің өткен шақ тұлғасында тұрған баяндауыштарды тауып жазып, сөз тұлғасына талдаңдар.
Мәселелік сұрақ
Сәтбаев Қаныш Имантайұлын өз елінің отан сүйгіш патриоты деуге бола ма?
IV. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия. Сабақта нені үйрендім? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді?
Үйге тапсырма: Қаныш ағаға хат жазу.
Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің хан сынағына түсуі
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселеге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә)Cымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу;
б) Сабақ барысында мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қарашаш қандай қасиеттерімен ұнады?
2.Не үшін Жиренше байдың үйіне қонбады?
3.Жиреншенің жанындағы жолдасы қандай адам еді?
4.Бай не себепті Жиреншеге Қарашашты алып берді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бір күні Жиреншені хан шақыртып алып, оған қырық сиыр беріпті.
-Осы сиырлардың ішек- қарнын тірідей тазалап әкел; барлығында соясың; сойғанда біреуінің ішінен бір түйір де қылтан шықпасын!-депті.
Жиренше қырық сиырды айдап,әйелі Қарашашқа келеді.
Мазмұндау жоспары.
Қарашаштың Жиреншеге берген жауабы.
Жиреншенің Қарашаштың айтқанын орындауы.
Ханның Жиреншеге сексен еркек қойды қоздатып бер деп шарт қоюы.
Жиреншенің Қарашашпен ақылдасуы
Ханның Қарашаштан жеңілуі
Кітаппен жұмыс: Оқушыларға кітаптан сұрақ қоя отырып жауабын оқытқызамын.
Шығырмашылық жұмыс: Қарашашқа сипаттама жазады..
ақылды
Қарашаш
парасатты тапқыр
сөзге шешен
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау; Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Жиреншенің хан сынағына түскені» әңгімесін оқып, мазмұндап келуге беремін
Учитель делит учеников на 4 группы. Каждой группе раздается картинка с названием магазина и карточки с названиями различных товаров. Нужно выбрать из списка слов названия товаров, которые можно купить в определённом магазине.
Ученики зачитывают ответы по предложенному на доске шаблону “Ithink I can buy some ...in Green Shop”.(Приложение 1)
6. Физкультминутка
- Children, are you tired? Let’s do exercises.
Хлопаем в ладоши, когда слышим название фрукта, топаем, когда слышим название овоща, крутим головой, когда слышим название напитка.
Сабақтың тақырыбы: Жаңа ғылым – ғарыштық биология. Антонимдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді орынды, дұрыс пайдалануға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты оқуын, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: оқушыларды салмақтылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіружеке, жазба жұмысы
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Лексикалық тақырып.
Жаңа ғылым- ғарыштық биология.
Жаңа ғылым- ғарыштық биогия көптеген проблемаларды зерттейді. Олар: адамға қажетті тіршілік жағдай туғызу, редакция қаупін жою, адамның ғарыш кемесін басқару жөніндегі психофизиологиялық мүмкіндіктерін зерттеу,ғарышта ұшу жағдайларындағы өсімдіктер мен жануарлардың дамуын зерттеу.Бүгінгі күні бұл мәселелердің көбі шешімін тапты.
Ғарыштық биологияның келешегі зор.
Жаңа сөздер:
Зерттейді- исследует
Тіршілік- жизнь, существование
Жағдай туғызу- создать условия
Радиакция қаупін жою- избавиться от опасности радиакци
Ғарыш кемесі- космический коробль
Дамуын зерттеу- изучить развитие
Жаңа сөздермен сөз тіркесін жасау.
Жазылым.
Антонимдер
Мағыналары бір- біріне қарама- қарсы сөздерді антонимдар дейміз.
Мысалы: биік- аласа, жоғары- төмен, ұзын- қысқа
Берілген етістіктерге зат есімді қатыстырып , сөз тіркесін құраңдар.
Зерттеу, түсіндіру.
ІҮ.Бекіту.
Мына сөйлемді толықтырып жазыңдар.
Ғарыш биологиясының болашағы зор, себебі .... .
Антонимін жазыңдар.
Биік- аласа,
Суық- салқын
Жақын – алыс
Жарық- қараңғы
Дос- дұшпан
Қалың- жіңішке
Ерте- кеш
Сұйық- қою
Жұқа- жіңішке
Ақ- қара
Жаңа- ескі
Ү. Үй жұмысы.
3 тапсырма, 22 бет
ҮІ. Бағалау.
Сабақ №20
Сабақтың тақырыбы:Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша өз ойларын толық жетілдіруге және жаңа сөздерді тиімді пайдалануға қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды әдепті сөйлеуге, таза жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіружеке, жазба жұмысы
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Лексикалық тақырып.
ІҮ.Бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |