Салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама



Дата07.02.2022
өлшемі45,55 Kb.
#86208
түріӨмірбаяны
Байланысты:
ОБӨЖ(4)
ОБӨЖ(4)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі


Алматы Технологиялық Университеті


ОБӨЖ
Тақырыбы: «Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары»

Орындаған:Бекболатқызы Ботагөз Тобы:ТOП-20-18(ТИПО)


Қабылдаған:М.А.Бижанова

Алматы 2020





ЖОСПАР

1.Кіріспе


Мартин Хайдеггер өмірбаяны


2.Негізгі бөлім


1.Хайдеггер философиясының жалпы сипаттамасы


2.Болмыс және Осыболмыс


3.Болмыс-ішілік және орташа көңіл күй


3.Қортынды



Мартин Хайдеггер-неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализмФеноменологиядеконструкциягерменевтикапостмодернизмсаясаттану теориясы, теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама.
Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.
1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде «Психологизмнің тұжырым ілімі» атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы «Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі» деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қосыннан шегерілді. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Пруссиялық лютеран қыз Эльфриде Петриге үйленді және тағы да әскерге алынды. 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды.
1918 жылы соғыстан оралған соң, Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер Гуссерльдің жетекшілігінде әрі өз білімін шыңдайды, әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен, бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіл емес болатын. 1920 жылы қазанда Фрайбург университетіндегі сабақ сағаты жетіспеген соң Гуссерль Хайдеггерді Марбург мектебінің үлкен өкілі, Марбург университетіндегі Пауль Герхард Наторпқа таныстырады. Ол кезде Хайдеггер Гуссерль бас болып құрастырған «Философия және феноменологиялық зерттеу жылнамасының» VII томында өзінің Аристотель туралы көлемді мақаласын басуға әзірленіп жатқан болатын. Ол 40 беттік қолжазбаны екі нұсқа етіп бастырып, біреуін Наторпқа жіберіп береді. Наторп қолжазбаны оқыған соң қатты таңырқап, жас философтың идеясына тәнті болады да, дереу Гуссерльге қабылдау туралы хабар жібереді.
1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау Лашығын (the Hütte) салдырып, «Болмыс және уақытты» жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтаған жаңа профессор болып танылды. Теолог Рудольф Бультманн (Rudolf Bultmann), Эрнст Фридлендер (Ernst Friedländer), Николай Гартман (Nicolai Hartmann), неокантшыл философ Пауль Наторп (Paul Natorp) қатарлылар Хайдеггермен бірге жұмыс жасады. 1925 жылы жазда «Уақыт ұғымының тарихы» атты дәріс қолжазбасын таярлады. Бұл «Болмыс және уақыттың» алғашқы нұсқасы еді. 1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасады. Ол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуға тиіс болатын. Сөйтіп 1926 жылы қаңтардан сәуірге дейін ол тау лашығында оқшау жатып «Уақыт ұғымының тарихы» дәріс қолжазбасын «Болмыс және уақыт» кітабы етіп, алғашқы 240 бетін реттеп шықты. Бұл мезгілде Гуссерль де Тодтнаубергке келіп, оның "дүниедегілік" ұғымын талқылаған екен. Келесі жылы ақпанда «Болмыс және уақыт» «Феноменология жылнамасының» VIII томына енді және жеке кітап болып та басылып шықты. Жарты жылдан кейін Берлиннен ресми профессорлыққа бекіту мәлімдемесі келіп жетті.
1928 жылы Гуссерль зейнетке шықты. Хайдеггер Марбург университетіндегі жұмыс орнынан бас тартып, Фрайбург университетіне барып Гуссерльдің орнына философия сабағын берді. 1931 жылдан бастап Хайдеггердің Германия нацистік партиясымен байланысы қоюлады. 1933 жылы Адольф Гитлер құрған нацистік Неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясына мүше болды және Фрайбург университетінің ректоры болып тағайындалды. Оның ректорлық баяндамасында (Rektoratsrede) нацистік үгіт-нәсихат сөздері де мол болды. Ол университетте "еңбек ету міндеті, әскери міндет және білім-парасат міндеті" сынды үш міндет туралы айтты. Бір жылға жетпей 1934 жылы ректорлықтан бас тартса да нацистік партиядан тек соғыстан кейін ғана шықты.
1946 жылы Француз әскери билігі Хайдеггердің нацизммен байланысына бола оның университетте сабақ беруін шектеу бұйрығын жариялады. Нацизмнен арылту 1949 жылға дейін жалғасты. Бірақ одан нацизмдік қылмыс дерегі табылмаған соң ақыры оны жазалау күшін жойды. Сөйтіп 1951 жылы құрмет мәртебесі беріліп, сабақ беруіне мүмкіндік туды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін Фрайбург университетінде тұрақты сабақ берді және 1967 жылдарға дейін ұсыныспен сабақ өтті. Соғыстан кейін ол экзистенциализмдік мағынада көптеген шығармалар жазды. 1976 жылы 26 мамырда адамзаттың ой-парасат тарихына бірегей идеяларымен үлкен ықпал еткен ойшыл Мартин Хайдеггер өз туған жері Месскирхта 86 жасында қайтыс болды және Католик шіркеуі дәстүрі бойынша жерленді.
Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осыболмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.
Ол заманауи мода болған ұғымдардан – шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді.
«Болмыс және уақыт» кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау – міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған.
Хайдеггер болмысты (Being) тануды нақты болушыны (нәрсе, Beings) танудан айқын ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. "Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі. Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады.
Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі (Sinn des Seins) де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп анықтайды. Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория, нақты онтологияның қолданылым толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де алғашқы деп есептеді.
Болмыс арқылы ғана болмысқа тұтасуға болатындықтан, болмысты сұрастыру мәлім бір болмыстың болмысын негіз ету арқылы сұрастырудан дерек береді. Хайдеггердің ойынша, болмысты шынайы тану ерекше болушыны алғышарт етеді. Демек, бұл болмысты танудың әдіснамасы герменевтикалық қайталаным шеңберінен ажырай алмайтынымызды көрсетеді. Яғни, болмысты тану қайталану барысында алға жылжитын әрекет болып, ол методологиялық мағынада феноменологиялық түсіндіруді қайта түсіндіруі тиіс. Хайдеггер бойынша, болмысты танитын болмыс тек адам - Осыболмыс болып, адам болмысы өзі болмыс ретінде болмысты тануға қабілетті, онтологиялық қабатта өмір сүре алатын болмыс болғандықтан, болмысты тану адам болмысын - Осыболмысты тануға бағытталу арқылы орындалуға тиіс.
Осыболмыс” (немісше "dasein", ағылшынша "being—here") Хайдеггер бойынша адамды және адамның өмір сүру, бар болу үлгісін көрсететін арнайы философиялық категория есептеледі. Неміс тілінде "Dasein" делінетін, Хайдеггер өзі құрастырып жасаған бұл ұғымның тіке мағынасы "осында бар болушы", "мұнда өмір сүруші" есептеледі. Хайдеггер бұл сөзді тіке адамға қаратып қолданған. Оның адам болмысын осы ұғым арқылы айқындауы адам болмысының дүниедегі басқа болмыстардан айқын өзгешелігі себебінен болды. "Осыболмыс – болмыстың өзі үшін болатын болмыс". Хайдеггер тағы былай дейді: "Осыболмыстың мәні оның ғұмырында. Субстанция бойында көрнекіленген түрлі қасиеттер субстанцияның қалыптасуын іске асырған қасиеттер емес. Бұл субстанция қарамаққа әу бастан орындалып қойылғандай көрінгенімен, бұл қасиеттер түрлі жағдайда болмыстың түрлі мүмкіндіктерін іске асыра береді. Сондықтан, біз Осыболмысты оның не нәрсе екенін айқындау үшін емес, қайта оның бар екендікті білдіруі үшін қолданамыз." Хайдеггердің айтуынша, біз осыболмыспен тұтасуда және оны түсіндіруде өз болмысын өздігінен әйгілейтін ерекше болушыны (Beings) таңдауға (choose) тиіспіз. Яғни, бұл үлгіде осыболмыс өзін әдетте қалай болушы етіп әйгілейтіні көрінуі керек, осыболмыс орташа күнделік күйде (everydayness) болушыны (Being) көрсетуге тиіс. Біздің күнделік күйіміз (everydayness) бейнелеген нәрсе кездейсоқ қалыптасқан құрылым емес, мәндік құрылым есептеледі. Осыболмыс қандай болмыс үлгісінде болса да, бұл құрылым осыболмыстың болмыстық құрылымын құрауға тиіс.
Хайдеггердің көрсетуінше, осыболмыстың күнделік күйінің (everydayness) қайталанбалы ұқсастықтары болушының (Being) құбылыстық мәнін бейнелейді. Барша осылай болған ғұмыр қозғалыстары осы түрдегі болмыс үлгісінен басталып, соған қайтады. Біз осыболмыстың бұл түрдегі күнделік қайталанбалы ұқсастықтарын орташа күй (Averageness) деп атауымызға болады.Дәл осы орташа күнделік күй (average everdayness) болушының болушы қабатындағы күйін құрайды да, онда өткен мен қазір осыболмыстан айнып, алыстап кетеді. Бұл болушы қабатына ең жақын және таныс нәрсе онтология (Ontology) тұрғысынан ең алыс, адамдарға ең бейтаныс нәрсе болып, онтология мәні тұрғысынан ылғи да ескеріле бермейді.
Бірақ, осыболмыстың орташа күнделік күйін (Dasein 's average everydayness) жай ғана бір "тарап" (жақ, қиыр) деуге болмайды. Орташа күнделік күйдің мәнсіз (inauthentic) үлгісінде де экзистенциалді (ғұмырлық) құрылым бар.
Хайдеггердің ойынша, орташа күнделік күйде осыболмыс мәлім тәсілмен өз болмысы үшін болады, тек мұндағы осыболмыс (Dasein) орташа күнделік күй үлгісінде болғандықтан, ол өз болмысынан жалтару, қашу, ауытқу, ұмыту, ескермеу секілді күйге енеді-халас. Хайдеггердің ойынша, кезектегі дүние – дүние кеңістігінің "кеңістіктік қасиеті" арқылы түсіндіріліп келді. Осыболмыстың өзі дүние тұрғысынан тек "кеңістіктік қасиетке ие нәрсе" құсап көрінеді. Сондықтан, болушы қабатынан айтқанда, қолға алған нәрсеміз төрткіл дүниенің кеңістіктік салыстырмасы арқылы айқындалады. Бірақ осыболмыстың өз болмысы бұлай кеңістік арқылы түсіндірілмейді. Хайдеггердің пікірінше, осыболмысқа күнделікті ең жақын нәрсе – оның айналасындағы Төрткіл дүние. Біз әдетте төрткіл дүние ішінде болу арқылы болушыны онтологиялық түсіндіреміз, төрткіл дүниенің дүниелік сипатын біртіндеп қарастырамыз. Төрткіл дүниенің төңіректік сипаты оның кеңістіктік мағынасына қаратылған.
Хайдеггердің айтуынша, біз "болмыс-ішілік" (немісше: In-Sein, ағылшынша: Being-in) ұғымын қолдану арқылы дүниеделігімізді айтуды толықтаймыз. Төрткіл дүниеделік – болушы-ішілік арқылы ".... ішінделікті" (бірдеңенің ішінде) түйсіндіреді. Бұл сөйлеу әдеті болушының (Beings) болмыс (Being) тәсілін көрсетеді, яғни мәлім бір болушы келесі бір болушының ішінде екенін, мысалы су кесе "ішінде" екенін, киім шкаф "ішінде" екенін білдіреді.
Демек, болушылар (Beings) біреуі келесінің ішінде "болу" арқылы өмір сүреді. Олар дүние ішінде тізілген нәрселер ретінде іске асқан, орындалған, болып жатқан болмыс үлгілері есептеледі. Ал, бірақ болмыс-ішілік – осыболмыстың айырықша боллмыстық құрылымын көрсететін онтологиялық ғұмырлық сипатқа ие. Бұл деген сөз, мәлім зат (мысалы адам денесі) орындалған болушылар "ішіндегі" орындалған болмыс дегендік емес.
Болмыс-ішілік орындалған, іске асқан нәрселердің кеңістіктегі "бірінің ішінде бірі болуы" емес. Түпнұсқа мағынасынан айтқанда, болмыс-ішілік кеңістіктік байланысты білдіріп тұрған жоқ.
Біз болмыс-ішіліктегі болушыны өзіміз қай-қашанда солай болатын болушылық деуімізге болады.
Хайдеггер былай дейді: мен дүниедемін, бірақ дүние маған осыншалық таныс болуының артында мүлде байтаныс жасырын тылсымат жатыр. "Болмыс-ішілік" осыболмыс болуының онтологиялық қабатын айғақтайтын термин. Ал, осыболмыс дүние-ішілікпен мәнді құрылымға ие болады.
Дүниені саялаған болмыс – бейне өзен сағалаған балық секілді дүниеде байыздаған, дүниеге қонақтаған болмыс. Бұл тұрғыда "дүниені саялау" болмыс-ішілікке онтологиялық орнығу есептеледі. "Дүниеде болу", "өмірде бар болу", "шын болу" дегеніміз дәл осы болмыс-ішілік арқылы "дүниеде бар болуды (Being-in-the-world) көрсетеді.
Басқалармен бірге жүрсек те өзіміздің олардан айырмашылығымызға мән береміз, бұл біздің тағы бір қасиетіміз – біркелкілену себебінен туады. Яғни, күнделік өмірде біз "адамдармен біркелкі" болуға тырысып, орташалықты күйттейміз.
Біздің өз-өзімізді табысты сезінуіміз Оларға (They) байланысты. Солар табыстысың десе табысты боламыз. Олар жеңді десе шын жеңгендей боламыз, жеңілді десе жеңіліс табамыз.
Біз дербес, өзгеше идеяда болуды емес, орташа пікірде болуды қалаймыз. Жаңа идеялар туса оны жаншып, қателігін бетіне басып тастауға тырысамыз. Біз ылғида Оларға қарап бой түзеп, Оларға сәйкесіп, өзіміздің оқшау өзгешелігімізді үгітіп, біркелкілесуге тырысамыз.
Осындай біркелкілесуді күйттеген өмір сүру тәсілін Хайдеггер майдалану (leveling down) деп атаған.
Хайдеггердің ойынша, біз Олардың жетегінде бар болғанымызда өз өзгешелігіміз есімізге түсіп, соны біркелкілестіру мен майдалауға кірісеміз, міне бұл ересектерде жаппай кездесетін әлеуметтену. Бұл бойынша, адам ендігі жерде өзі болмайды, әлеуметке (public) айналады.
Мартин Хайдаггер-қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі.»Болмыс және уақыт»еңбекті жазған.Хейдеггер болмыс туралы жаңаша ой қалыптастырды.Ол «Осыболмыс ұғымын енгізді. Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті.

Пайдаланған әдебиет



1.С.К.Мырзалы «Философия» (оқу құралы) Алматы,2008ж

2.Ғабитов Т.К. «Философия» Алматы, 2002ж

3.Алтай Ж. «Философия тарихы» Алматы,2006ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет