Саламатсызба! Орындаған Ауелбеков Бектас



Дата01.01.2022
өлшемі18,84 Kb.
#107671
Байланысты:
Бектас философия


Саламатсызба!

Орындаған Ауелбеков Бектас

Білу

Құндылықтар жүйесі туралы түсінік беріңіз?

Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие. Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі.



Түсіну

Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім туралыанықтама жазыңыз?

Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.


Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.
Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады…



Қолдану

  • Адам бойында кездесетін құндылықтар тізімін жасаңыз?

Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.

Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.



Талдау

  • Құндылықтар проблемасына нені жатқызасыз?

Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды.


Жинақтау

  • Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен - өзі қалыптасады деген пікірді құптайсыз ба. Сіздің ойыңызша?

Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.

Бағалау

  • Адамның рухани байлығы 5 сөйлеммен қорытындылаңыз?

Рухани байлық – адамның өмірін қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат - мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Адами құндылықтардан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек? Жан азығы жайлы айтылғанда көпшіліктің ойына әдеби кітаптар түсетіні анық. Ол орынды да. Қоғамның кейбір қарама-қайшы тұстарын шығарма арқылы жеткізіп, өмірдің мәнін терең ұғынуда көркем шығарма үлкен рөл атқарады. Адам болмысы мен мінезін ашу біз байқай бермейтін кейбір тұстарға тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Осылайша әдеби кітаптардан адам болмысынан әлемді тануды, керісінше әлемді тани отырып адамға үңілуді үйренеміз. Ал поэзияның орны бір бөлек. Поэзияға ғашық адамнан жауыздық күтпесеңіз болады. Бір елде түрмеге жабылғандар арасында сауалнама жүргізгенде ауыр қылмыс жасаушылардың барлығы дерлік поэзия оқымағандар болып шық¬қан. Осыдан-ақ әдебиеттің адам рухын байытудағы орны айтпаса да түсінікті. Қазір кітап оқымайтын жастар жайлы көп айтылады. Қоғамды өзгертетін басты күш – жастар екенін ескерсек, бұл да – алаңдайтын мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет