Салықтардың экономикалық мәні және мазмұны



бет1/3
Дата21.05.2022
өлшемі1,64 Mb.
#144359
  1   2   3
Байланысты:
салық 2 тема

Салықтардың экономикалық мәні және мазмұны

Салықтардың экономикалық мәні және мазмұны


Орындаған: Бермағамбет Айнамкөз
Тексерген: Оналтаев Дархан Оналтаевич
Алматы гуманитарлы- экономикалық университеті
Жоспары:
I. Кіріспе
1) Салық ұғымы
2) Салық сөзіне түсініктеме
3) Салықтар, алымдар, төлемдер
II. Негізгі бөлім
1) Қалыптасу кезеңі
2) Атқаратын қызметтері
3) Салық ставкасы
4) Салық салу элемент тері
III. Қорытынды
1) Салық туралы
2) Салық жеңілдіктері
3) Пайдаланылған әдебиеттер

Салық ұғымы


Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды

“Салық”- сөзіне түсініктеме


Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар, алымдар және төлемақылардың өзіндік ерекшеліктері
алымдар
салықтар
төлемақылар
- мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды;
- баламалы төлем болып саналады;
- бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді;
- қандайда бір алым төленетін қызметпен айналысу тұлғалардың ерікті шешімі болғандықтан, алымдар ерікті төлемдер болып табылады.
- толығымен мемлекетті қаржыландыруға жұмсалады;
- өтеусіз және баламасыз болады;
- ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;
- төлеу кезінде күштеу әдісі қолданылады, төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс-шаралары қолданылады.
- өтеулі және баламалы төлем, яғни белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төленеді;
- мемлекеттің азаматттық құқыққа сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастары кезінде туындайды;
- тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады.
ҚР-ның салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері
І - Өтпелі кезең (1991-1994 жылдар)
V - Өрлеу кезеңі (2009 - …. жылдар)
ІV - Жүйелендірілу кезеңі (2002-2008 жылдар)
ІІ - Қалыптасу кезеңі (1995-1998 жылдар)
ІІІ - Даму кезеңі (1999-2001 жылдар)
Салықтар жалпымемлекеттік (11), жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар (10) жергілікті салықтар мен алымдар (17) болып бөлінді
Салықтар жалпымемлекеттік (5), жергілікті салықтар мен алымдар (6) болып бөлінді (барлық салықтар саны 11 дейін қысқартылды)
Салықтардың жалпымемлекеттік және жергілікті болып бөлінуі алынып тасталды. "Салықтар алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" деп аталды. Олардың саны 11 ден 17 ге дейін жеткізілді. Әлеуметтік салық және алымдардың түрлері енгізілді.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері бөлінді: салықтар (9 түрлі), алымдар (13түрлі), төлемақылар (9түрлі), мемлекеттік баж, кеден төлемдері. Салық кодексі қабылданды
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері бөлінді: салықтар (13 түрлі), алымдар (6 түрлі), төлемақылар (10 түрлі), мемлекеттік баж, кеден төлемдері. Салық кодексіне өзгерістер енгізілді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет