Сарматтар



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі67,9 Kb.
#91319
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4бакылау


Сарматтар — б.з.б 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.
Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III - б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дай (дах) - мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтаpдың құрa­мында роқсоландаp, алаңдaр, аорстар, cирақтар т. б. тайпaлар болған.
Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кeзеңді қамтиды:

  • eрте саpматтaр мәдениеті (прохор)

  • орта сармaттар мәдениеті (суслов)

  • кейінгі сарматтaр мәдениеті.

Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты әшекей заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу орындары (Ба­тыс Қазaқcтан облысының Шыңғырлау ауданында) табылғaн. Олар кейінгі сарматтар мәдeниeтіне жатады. Қaбіpге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.
III-V ғғ. зергерлік өнергe түсті метaлдардың ішінен алтынды көп қолданған. Оcы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың aрасында зергерлік өнерде «полихpомдық стиль» кeң тарaды. Қазақстанда б. з. VII - V ғғ. бұл стильдің екі түрі дaмыды: бeзeндіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бaр.
Шaруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір cүріп егіншілікпен айналыcты. Сармат тайпалaры Еуразияның саяси-экoнoмикалық және мәдeни өмірінде елеулі рөл aтқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді. Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара теңіз скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-эконикалық дағдарыс қалыптасады. Ғылыми тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған Сарматтардың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара теңіз скифтерінің патшалығы аумағында Сармат билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген Сарматтар Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Аугуст тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Жағырапиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еуропалық, ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. Сарматтардың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара теңіз өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай Сарматтардың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. Сарматтардың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археологиялық деректері аса зор рөл атқарады. Сарматтардың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роқсоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мысалы б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роқсоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирақтарды (сармат тайпасы) жеңеді.
Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір-ақ шығады.
Грек, рим тарихшыларының мәліметі[өңдеу]
Тарихи деректерде алғаш рет б.з.б VIII ғасырда сарматтарды савроматтар деп атаған. Савромат жөнінде грек, рим тарихшылары Диадор, Үлкен Плиний, Полибий жазу бойынша савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңізі өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Сармат тайпалары көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.
Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша:

  • Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген;

  • Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған;

  • Савроматтар дах, массагеттермен, исседондармен туыстас келген;

Археологиялық ескерткіштері[өңдеу]
Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.
Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.
Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.
Шаруашылығы[өңдеу]
Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Жылқыны тебіндеуге үйренген түрлері және жорыққа мінетін қазанаттар өсірген. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген.
Тұрмысы[өңдеу]
Сарматтар қыс кезінде қысқа тон киіп, қайыс белбеу таққан, аяқтарына қысқа қонышты етік киген, кең шалбарының балағын етіктің қоншына салған. Әйелдері де ерлерше киінген, алайда олардың киімдері әртүрлі әшекейлермен безендірілген. Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбін шұңғыл әрі жайпақ етіп жасаған. Тамақ пісіретін қазандарды темірден құйып жасаған. Обаларда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бірақ оларды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Сарматтар кейбір торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасап пайдаланған.
Зергерлік өнер[өңдеу]
3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлердің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлеу, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет