Сақтар туралы жалпы мәлімет

Дата05.12.2023
өлшемі1,95 Mb.
#195225
Байланысты:
Сақтар туралы слайд

Сақтар
Орындаған:Тынысбек Бекарыс,Хакимов Талгат

Сақтар туралы жалпы мәлімет

Сақтар (сақалар)-б.з.б.1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан,Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
Бұл халық өзін өзі сака, сақ деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək).
Оларды көне гректер скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.

Сақтардың қоныстанған жерлері

Б.з.б.I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.б.V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Сақ мәдениеті

Сақ мәдениеті-ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 - 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді.

Сақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі негізгі наным-сенімдер,салт-дәстүрлер мал мен аспан денелеріне қатысты болған. Оларға тылсым бір күштің иесі көкке қатысты космогониялық таңбалар ежелгі жазу мен олардың қолөнері мен бейнелеу өнерінің негізін қалайды.

Сақтардың наным сенімдері
Аспан денелерімен ежелгі адамдардың өмірі өте тығыз байланысты болған. Аспандағы аққан жұлдыз көшпенділердің наным-сенімдерінде адам өмірінің сөнуін тұспалдайды деп сенген. Сақтардың (скиф) қорғандарынан табылған қола айналар күннің (солярлік) рәміздік ұғымын береді. Кейіннен бұл үрдіс басқа кезеңдерде де жалғасын тапты.

Сақтардың шаруашылығы

Сақтардың шаруашылықтары - халықтың бір бөлігі ұдайы егіншілікпен айналысып,отырықшы болып қалатын.Ал екінші бөлігі жазғы жайлау мен қысқы өрістерге көшіп, қайтып келіп отырған.Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының бірі болған. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал жылқы, ал екіншісі – шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.

Қол өнері Қол өнер кәсібі Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Зергерлер алтын,күміс балқытып құюмен айналысты. Ұсталар тастан,саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып,қазандар құйды,қару-жарақ соқты

Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Сауда саттық

Қорытынды

Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері — қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологиялық зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндіқ берді. Сақ тайпасынан мұраға қалып отырған жәдігерлер қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы болып табылады. Себебі, бұл жәдігерлер біздің ата-бабаларымыздың бізге қалдырған өсиеті деп айтсақ қателеспейміз.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет