Саяси теория



бет1/3
Дата13.02.2023
өлшемі46,95 Kb.
#168594
  1   2   3
Байланысты:
Айда
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері
саяси теория;
саяси институттар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді. Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады. Мазмұны
1Саясаттану әдістері
2Саясаттанудың қызметі
3Саясаттанудың түсініктері мен категориялары
4Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл
5Дереккөздер
6Сыртқы сілтемелер
Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.
Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл
Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл - әлемдік тарихты өзіндік сипат пен жеке даму динамикасына тән жергілікті өркениеттер кезеңдерінен тұрады деп есептейтін тұжырымға негізделеді. Саясаттанудағы өркениетті тәсіл нақты қоғамның саяси ұйымын зерттегенде бірінші кезекте саяси өмірдегі өркениеттік, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастырады.Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы Н.Я. Данилевский (1822-1855) еңбектерімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Ресей және Еуропа" (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш рет жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Мәдени-тарихи түрлер бір-бірімен және сыртқы әлеммен үздіксіз күресте, бұл жағдайда қалыптасу, ер жету, қартаю және құлдырау сияқты табиғи дәуірлерді басынан кешіреді. Н.Я. Данилевский жеке, дербес құндылықтары бар 10 өркениетті көрсетеді. Әр мәдени-тарихи түрлер қоғамның саяси жүйесіне негіз болатын өзіндік идеалды, үлгіні қалыптастырады. Мінеки, осылай дүниежүзілік тарих өркениеттер мен оларға сәйкес саяси ережелердің кезекпен ауысып отыруынан тұрады.XX ғ. өркениеттік тәсіл неміс философы О.Шпенглер (1880-1936) мен ағылшын саясаттанушысы А.Тойнби (1889-1975) еңбектерімен әрі қарай дамытылды. О.Шпенглер өзіне тән саяси ұйымдары бар 9 жергілікті мәдениетті көрсетеді. Ал, А.Тойнби 21 кейінірек, 13 аймақтық мәдениетті көрсетеді. Өркениеттік тәсілдің негізгі элементтері неміс ғалымы К.Ясперс еңбектерінде де көрініс тапқан. Өркениеттік тәсілді қолдаушы зерттеушілердің пікірінше, әр жергілікті өркениет өз дамуында пайда болу, өсу, құлдырау және ыдырау, жойылу сияқты дәуірлерді басынан кешіруіне байланысты келесі бір өркениетке орын береді.Қазіргі заманда өркениеттік тәсілді "өркениеттер қақтығысы" теориясының авторы америкалық зерттеуші С.Хантингтон қолдайды. Оның пікірінше, қайшылықтар өркениеттік сипат алады. Ол ірі сегіз өркениеттің өзара қарым-қатынасы туралы айтады. Олар: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, үнділік, латын америкалық, африкалық және православ-славяндық. Хантингтон өркениеттер арасында маңызды дау-жанжалдар тудыруы мүмкін бес себепті көрсетеді:

  • саяси идеология мен саяси тәртіптер арасындағы айырмашылықтардан гөрі, өркениеттік айырмашылықтар негіздірек;

  • өркениеттік өзін-өзі танудың өсуі, өркениеттер арасындағы айырмашы¬лықтар мен ортақтың тереңдеуін түсіну;

  • ұлттық-мемлекеттердің бірегейлік көзі ретіндегі рөлінің әлсіреуі. Діннің бірегейлік көзіне айналуы;

  • батыстық емес елдердегі элитаның батыстандырудан бас тартуы және ол¬ардың өздерінің мәдени тамырларына қайта оралуы;

  • өркениет дау-жанжалдарының көзі - мәдени ерекшеліктер мен айырмашы¬лықтар мәселенің "Сен кімсің?" тұрғысынан қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет